¹8-9 (8) 2015
жақты орындалуы, ойластыруы мұғалімнің біліктілігімен
әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Әр жұмыс өз талабын, шығармашылық тәсілін талап
етеді. Қазіргі уақытта оқу тәрбие процесінде педагогтің
конгнитивтік рөлі оқушының өздік шығармашылығына
сыни тұрғысынан ойлануға, жаңа педагогикалық әдіс-
тәсілдер мен оқудағы жаңа әдістері құзыреттілікке
жетелейді. Біз сабақты өзіміз түсіндіріп, өзіміз бағалап
үйренген едік, жаңа әдіс - тәсіл бойынша, бәрі керісінше.
Оқушы өзін - өзі оқыта, өзін - өзі бағалай білуі керек.
Себебі, әр сабақ тыңғылықты, тиянақты дайындықты
талап етеді. Менің түсінгенімше, осы жерде мұғалімнің
сөйлеуі емес, оқушылардың сабаққа деген ынтасын
арттыру маңызды болып табылады. Сабақ барысындағы
жүз пайызының тоқсан пайызын оқушылар сөйлеуі керек.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу
процесін ұйымдастыру кезеңінде жаңа әдіс - тәсілдердегі
технологияның
бар
мүмкіндіктерін
үнемі
шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл
аударуда. Алайда, әр мұғалімнің оң нәтижеге қол
жеткізудегі мақсаты - заман талабына сай білімді, білікті,
дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған
жеке тұлға қалыптастыра алуы қажет.
Мақсат негізіндегі міндеттері:
жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуы;
шығармашылық, логик алық ойлау қабілеттерін
жетілдіру;
44
Ïåäàãîãèêà
өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу;
Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші кезеңі
сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың
жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі құрап алу,
оқушылардың қабілеттерін, оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқытуды еске
ала отырып, ақпараттық - коммуник ациялық
технологияларды АКТ құралдарды, көрнекті
дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің
осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының
шығармашылық
қабілеті
қалыптасады.
Ал,
көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес,
шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны
шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке,
тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында
қалыптасып отыратыны анық.
Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық -
әлеуметтік ортада жеткілікті етіп пайдалануға икемдеу,
олардың алған білімдерін, сауаттылығын арттыру
арқылы туған өлкесінің және еліміздегі білім мен
ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс.
Осы жаңа әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, мұғалімнің
кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің
өсуінсіз ескі психологиямен, әдістермен, біліктілік
арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам
- жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі
өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа
өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.