Ïåäàãîãèêà ¹ 8-9( 8) 2015
КАСЕНОВА НАЗИГУЛЬ МУКАТАЕВНА
Семей қаласының № 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Мақала орта мектеп ұстаздарының көшбасшылық белсенділігін қолдау мәселелерін талқыға ұсынады. Мақалада орта мектеп ұстаздарының арасында таратуға болатын білім берудегі көшбасшылық рөлдер туралы заманауи зерттеулер ұсынылған.
Статья выносит на обсуждение вопросы поддержки лидерства учителей в среднем образовании. В статье представлены современные исследования о лидерских ролях в образовании, которые могут быть распространены среди учителей средних школ.
The article suggests a discussion of the importance of supporting teacher leadership in secondary education. It also explores the current research on leadership roles, which can be shared among secondary school educators.
ОҚУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсибілік түсінудің нақты тәсілі талап етіледі. Бізге таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден арылуымыз керек, себебі бұл кезде белгілі бір тағайындалған стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Осы білім берудегі басқару және көшбасшылық тәсәлінің шеңберінде қоғамдастықтың бір бөлігі- көшбасшы мұғалім( Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005) ұсынған көзқарасқа сәйкес зерттеулер мен инновацияларға негізделген тәжірибе жетілдіреді.
Мұғалім көшбасшылығын дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Ең алғашқы қадам- әрбір мұғалім үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселерді анықтап алу.(" Мұғалімге арналған нұсқаулық " кітабынан 88-89 беттер).
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Оқушылар берілген тапсырмаларды топтасып, жұптасып барлығы бірдей орындауын қадағалап отырылады. Көшбасшылар оқушылардың білмеген жерлерін айтып, көрсетіп, оларға көмек көрсетеді.
Себебі, бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әрбір оқушы өз топшылауын, өз пайымдауын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді- мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын тұжырымдайды.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық әдісі шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
" Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық " деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ сол мұғалімнің ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;- мұғалімнің уақытын үнемдейді;- қосымша мәліметтер береді. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын айта алмайтын, түсіндіруге ұялатын, талданған мәселелерден түйін жасауға жасқаншақтығын байқататын оқушыларға пайдасы мол деп ойлаймын.
Сабақ барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, топпен, жұппен жұмыс жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласуы, ұжымдық тұжырымдамалар жасауға белсене ат салысады, ұжымдық қорытынды да өз үлесі бар екенін сезініп, келесі мәселелер түйініне еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Олардың ой- тұжырымдары идеялары және бағалаулары ойдан шығады. Мұғалім үшін ең басты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдай білу. Қазіргі уақытта ақпараттық технологияларды жүйелі түрде қолдану- бұл қандай да бір жұмысты, өнерді, шеберлікті іске асыру жиынтығы. Осындай сабақ үлгілері арқылы оқушылардың білімді меңгеру деңгейін, іздену, проблеманы шешу, жаңа хабар алу, жемісті әдістер, іс- әрекеттер арқылы жүзеге асатыны көрсетілген.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Сабақта тиімді жұмыс түрлерінің жан-
43