¹8-9 (8) 2015
Ойсурет - концепт құрылымдарын бейнелі формада
таныту. Ойсурет санада бейне, символ, метафора,
аллегория көмегімен танылады. Концептінің ойсурет
типіне салынып танылған формасы логикалық -
позитивтік танымнан гөрі эстетикалық таным деңгейінде,
ақиқат дүние үзіктерін өздігінше суреттеп ұқсату, елестету
шеберлігінен туындайды. [7, 56]
"Ана" концептісін көркем шығармаларда қарастыру
барысында мен тек классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің
ана тақырыбында жазылған туындылары мен Максим
Горькийден аударылған әңгімелерін жұмысымның
нысанына арқау етіп отырмын. Мүсірепов әңгімелерінде
кездесетін ананың бейнесі мен қасиеттері жоғарыда
көрсетілген
ойда
бейнеленетін
концептілік
құрылымдардың тууына себепші болғандығын тағы айта
кеткеніміз жөн.
Жазушының "Адамның анасы" шығармасында "Ана-
мейірім" когнитивтік моделін қарастыруымызға болады.
Шығармада "Ана тал түбінде жұдырығын түйіп жатқан
қызыл адамға мейірімді көзінің барлық нұрын төгіп
қараған сайын бетіне қан жүгіреді. Ананың нұрлы көзі
баланы ақырын ғана, еркелетіп қана сипағандай болады.
Таңертеңгі тымықта күннің көзі ғана осылай сипай алады
дүниені",- [8,142] деп берілген. Сөйлемде келтірілген
мейірімділік ұғымын ана сөзін қолданарда еске түсетін
ассосацияға жатқызуға толықтай негіз бар. Педагогика-
психологиялық тұрғысынан алып қарастыратын болсақ,
адам бойындағы балаға деген ыстық махаббат пен
мейірім сәбидің жатырға біткен кезінен бастап пайда
болады. Сондықтан берілген мысалдағы іс-әрекеттер
ешқандай да ерсі көрінбей, керісінше заңды құбылыс
ретінде беріледі.
"Ана-қамқоршы" когнитивтік моделіне жазушының
"Әмина" әңгімесінен мына бір мысалды алсақ: "Бір
баланың сандалына ұсақ тас түсіп кетіп,қыңқ етіп қалса,
ана да ауырсынып, қабақ шыту керек. Көбелек ұстатпай
кетсе, оған да ұрсу керек".[8,159]. Бұл жерде концепт
типіне жататын күрделі форма (скрипт) орын алады.
Оқиғалы форма сценарийден күрделеніп келген
құрылым ананың қамқоршы екенін білдіретін
қалыптасып қалған танымды көрсетеді.
Ғабит Мүсіреповтің ана туралы жазылған
туындыларының біразы Горькийден алынғаны белгілі.
Сондай шығармаларының ішінде "Өлімді жеңген ана"
деп аталатын әңгімесінде "Мақтасақ- әйелді мақтайық
Ò³ë á³ë³ì³
та, құрметтейік те әйелді. Әйел-ана, барлық
қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ
емес пе!...",- [8,179] деген ойдан "ана-сарқылмайтын
күш" концептуалдық моделін алуға болады. Концепт
құрылымының
ішінде
бейнелі
форма
деп
қарастырылатын ой-сурет осы мысалға негіз болады.
Ғылыми анықтамалар бойынша ой-суреттің құрамына
бейне, суреттеу, символ сынды қосымша құрылымдар
енеді. Ал берілген мысалдағы ананы көзді бұлақ
пен сарқылмайтын күшке әкеп теңеуі құрылымның
негізгі ерекшелігі. Жер бетінде ананың негізгі мақсаты
- артына дені сау ұрпақ қалдыру екендігі белгілі.
Ендеше "Ана-ұрпақ қалдырушы" деген когнитивтік
модель а рқылы Ғабит Мүсірепов шығармаларында
оның ішінде "Өлімді жеңген ана" туындысында "Сен не
істесең де адам ғанасың. Ал енді мен-ана! Сен өлімге
қызмет етесің, мен өмірге қызмет етемін. Сен өлім
шашасың, мен өмір шашамын. Дүниеге адам әкелем,
білдің бе?Сондықтан мен сені адамға санамаймын да",
- [8,192] деген екен. Ал концепт құрылымы ретінде
фрейм деп алуға болады. Берілген мысалдағы қимыл-
әрекет ана мен ханның арасындағы әңгімеде өрбиді.
Аталмыш сюжетті оқыған кезде көз алдыңызға
бірден-бір уақиға елестейді. Сондықтан оны сызбалы
форма схемаға жатқызуымызға толық негіз бар.
Сонымен қатар, "ана-өмірдің иесі" концептуалдық
модель ретінде алып, жазушы шығармаларынан негіз
болатындай тіркестерді де табуға болады. Мысалы,
"Өлімді жеңген ана" әңгімесінде "Бұл әйелдің неге
мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын.Бұл өмірдің
иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы
өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, мүмкін, ол ұшқыннан
әлденеше ғасырға кететін жалын туар...Мүмкін жерді
жылытып, бақыт себетін адам болар..." ,-дейді. [8,159].
Бұл мысалда сезім, сүю сынды эмоционалды
аспектілер кездеседі. "Өмірдің иесі" деп берілген
концептуалық модельдің метафизикалық аспектілер
қатарына да жатқызуға болады. Концепт типтері
ретінде күрделі оқиғалы формалар қатарына еніп,
сценарий қызметін атқарады.
Қорыта айтқанда, көркем шығармалардағы "ана"
концептісі түрлі аспектіден қарастыруды қажет ететін -
тақырыптық аясы кең, этномәдени мазмұны терең,
қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалдық өрісі
ауқымды концепт болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. - Алматы: Евразия, 1995. - 178 б.
2. Диброва Е.И. Коммуникативно-когнитивная модель текстопорождения // Семантика языковых единиц / Доклады
V межд.конф. т 2. - Москва, 1996
3. Никитина М.В. Лексическое значение в слове и словосочетании. - Владимир.: Владимирский государственный
институт, 1974. - 222 б.
4. Серебреников Б.А., Кубрякова Е.С., Постовалова В.И., и др. Роль человеческого фактора в языке: Язык и
картина мира. - Москва: Наука, 1988. - 242 б.
5. Абдрахманова М.Б. ҚазҰУ хабаршысы. Қазақ тіліндегі концептілер жүйесі. №8.130- б
6. Неретина С.С. Концепт и концептология // Тропы и концепты // http://krotov.info/index.һtm
7. Әмірбекова А. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі. Автореф., Дисс...
ф.ғ.к. А, 2006
8. Мүсірепов Ғ. Шығармалары. Бес томдық. Алматы, 1992. - 400 б.
36