EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 37

Ò ³ ë á ³ ë ³ ì ³
¹ 8-9( 8) 2015
Мақала қазақ жазушыларының шығармаларындағы " ана " концептісінің берілу мәселелеріне арналған. Автор " ана " концептісін берудегі қолданылған құралдар мен формаларға назар аударады. Мақала тіл білімі мамандарына, " Филология " мамандығының студенттері мен магистранттарына арналған.
В статье рассмотрены вопросы реализация концепта " мать " в произведениях казахских писателей, изучены средства и формы реализации данного концепта. Статья будет интересна специалистам-языковедам, студентам и магистрантам специальности " Филология ".
БАЙБОЛОВА ДАНАГҮЛ ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
Семей қаласының № 16 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі
The paper deals with the realization of the concept of " mother " in the works of Kazakh writers. The author studies the means and forms of realization of this concept. The article will be of interest to specialists, linguists, students and undergraduates of " Philology " specialty.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ " АНА " КОНЦЕПТІСІ

ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап адамзаттың танымдық іс-әрекеті мен қызметін жан-жақты зерттеу көптеген ғылымдардың өзекті мәселесіне айналып, кең өріс алды. Белгілі бір ұғымның адам санасында қалыптасуын, оның дамуын әр ұлтта сол ұғымның қабылдану ерекшелігін анықтауды бір ғана тіл біліміне артып қою дұрыс болмайды. Тілдің танымдық, бейнелілік, ғылыми, " әлемдік тұтастық " сипатын зерттеуді жеке тілдік деректер шырмауына байланбай, жалпы адамзат дүниетанымының тұрғысынан қарау шарт. Тілдің танымдық сипаты әр түрлі ғылымға ортақ мәселе. Қазіргі лингвистикада тілдің бұл мәселесін жалпы философиялық, психологиялық пайымдаулар арқылы шешуге ұмтылуда. Тіл табиғатын тану мақсатында психология, философия, логика, антропология т. б. алуан түрлі ғылым салалары ат салысып келе жатқаны белгілі. Алайда, тіл мәселелері- алдымен лингвистиканың өзекті нысаны. Сондықтан да осы мәселенің жұмбағын тек лингвистика мен когнитивтік лингвистика шеше алады.
Соның нәтижесінде, тіл біліміндегі түрлі бағыттағы зерттеушілер " концепт " ұғымын әр алуан мәнде қолданады. Аталмыш термин әсіресе, тілді логикалық талдау, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика салалары бойынша жазылған еңбектерде жиі кездеседі. Санамаланған ғылым салаларында бұл терминнің түрліше түсіндірілуі, ең алдымен оған негіз болған латын сөзінің " conceptus " көп мағыналылығына байланысты.
Адам баласын өмірге әкелетін, өмір бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіретін, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып отыратын- оны дүниеге әкелетін анасы. Ақындар мен жазушылардың ішінде ана тақырыбына қалам сілтемегендері жоқ екендігі тағы ақиқат. Бір қолымен бесікті тербетіп отырса, екінші қолымен әлемді тербете білген ана- мәңгілік ұғым. Ғұмырлық тақырыпты жанжақты қарастыруға байланысты әр зерттеген сайын оның түрлі қыр-сырын ашып, зерттеуге болады. Сондықтан да көркем шығармалардағы " ана " концептісі- тақырыптық аясы кең, мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалды өрісі өте күрделі болып табылады.
" Концепт " термині М. М. Копыленко бойынша, " тек ұғымды ғана қамтымайды, сонымен қатар ортақ
мағынаны қалыптастыратын ұғымнан алғашқы( предпонятийные) және деконцептуализацияланған құбылыстарды да қамтиды, ал реалияларды білдіру үшін тек сөздер ғана емес және де фразалық үйлесімдер қолданылады " [ 1, 44-45 ].
Е. И. Диброва концептіні шындық құбылыстарының сезімдік-көрнекті бейнелері ретінде елестетуде орналасқан( сонымен қатар мұнда концепт арқылы ойдың елестетуден ұғымға қарай қозғалысы жүзеге асады) және ортақ мағынаны қалыптастыратын ерекше ұғымнан алғашқы мән( сущность) қатарына жатқызады [ 5, 133 ]. М. В. Никитина " концепт- бұл ең біріншіден, түсінік пен ұғым " екенін айтып өтеді [ 7, 6 ]. Е. С. Кубрякова " концепт " және " ұғым " терминдері адам ойлауы мен санасының түрлі аспектілерін сипаттайды дейді: " Ұғымобъективті шындықтың логикалық формада бейнеленуінің белгілі бір түрлерінің бірі; концепт сананың шұғыл( оперативті) мынадай бірліктерін қамтиды: елестету, образдар, ұғымдар, ал олар жинақталып барып концептуалды жүйе не әлемнің концептуалды моделін жасайды " [ 4, 143 ]. Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әр түрлі формада көрініс табады. Олар:
Фрейм- бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын концепт типінің қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табады. [ 7, 17 ]
Схема- когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды кеңістікте, заттық формада таныту тәсілі. [ 7, 28 ]
Сценарий. Концепт қалыптастырудағы оның қарапайым танымдық элементтері фрейм болса, әрбір фрейм тармақтарының төңірегінен оқиғалар мен жағдаяттар жүйесін жинақтауға болады. Бұл жүйені құрайтын бөлшектер- сценарийлер мен скриптер. Сценарий белгілі бір фреймнен туындайтын эпизод фрагменттерінен құралады. [ 7, 35 ] Скрипт- күрделі формадағы концепт типі. Скриптті қалыптастыратын басты элемент- фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі- сценарийлік құрылымның кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген, нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стреотиптік ақпараттары арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. [ 7, 48 ]
35