EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 28

ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНА МЕН ЖЕТКІНШЕК АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС КИКІЛЖІҢІНІҢ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІ
¹ 8-9( 8) 2015
Ïñèõîëîãèÿ
Мақала ата-аналар мен балалар арасында туындайтын кикілжіңдерді зерттеуге арналған. Автор мұндай кикілжіңдердің туындау себептерін айқындауға тырысады, сонымен қатар кикілжіңдерді шешу жолдары мен болдырмау тәсілдерін қарастырады.
Статья посвящена изучению конфликтов в семье между родителями и детьми. Автор пытается понять, что является причиной возникновения таких конфликтов, ищет наиболее приемлемые пути разрешения конфликтов, а также способы предупреждения таких конфликтов.
ТЕЗЕКБАЕВА МАДИНА ЖУМАБЕКОВНА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқытушысы
This article is devoted to studying of family conflicts between parents and children. The author is trying to understand, what the reason of such conflicts is, and looking for the most appropriate ways to resolve conflicts, and how to prevent them.

ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНА МЕН ЖЕТКІНШЕК АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС КИКІЛЖІҢІНІҢ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІ

Отбасы адам баласы дүниеге келгенінен есігін айқар ашып енетін үйі, өсіп ер жеткен, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті ордасы. Жеке тұлғаның қалыптасып жетілуіне, отбасының құдіретті күшін басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды, отбасы болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. [ 1,2 ]
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінезқұлықтарды меңгере бастайды. Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас- адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, санасезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады. Сондықтан да қарым- қатынаста мына ережені қолдану қажет: ең алдымен балаға талап қоймас бұрын өзіңе талап қой. Қарым- қатынастағы ең қиын нәрсе бала мінез- құлқының себептерін түсіну. Жалпы бүгінгі күнде адамдардың бірін- бірі түсінуі негізгі мәселе болып табылады. Осыған орай жеткіншектердің көпшілігі зерттеушілердің " Бақыт деген не?"- деген сұрағына: " Бұл сені түсіне білу "- деп жауап береді. Жеткіншектік шақта балалардың ересек адамның жүріс тұрысына, қылықтарына, әрекеттеріне сырт көзбен қарау күшейеді. Ата- аналар мен жеткіншектердің арасындағы кикілжіннің жиі кездесетін себептерінің бірі жеткіншектер мен ата- аналар қабылдауының қатынасының екі түрлі болуына байланысты. Жеткіншектік кезең- бұл барлық отбасы мүшелерінің әлеуметтік тұлғалық және отбасылық кикілжіңдер болатын кезең. Отбасы мүшелерінің арасындағы кейбір мәселелер мен бұрын көрінбейтін қайшылықтар сыртқа шығып отбасындағы кикілжіңдер шиеленісе түседі. Жеткіншектердің ата- анасынан психологиялық тұрғыда бөлінуі, оларға қарсы тұруынан басталады. Жеткіншектер дөрекі, іс қимылда жылдам болуы мүмкін. Олар ата- анасы мен басқа ересектерге сын көзбен қарайды. Дағдарыс- кикілжің қиындықтаржеткіншектердің дамуындағы күрделі және қиын мәселелердің бірі болып табылады. Кикілжіңсіз отбасы жоқ. Солардың кейбір түрлерін қарастырайық, мәселен, " мен жақсы білемін " атты кикілжің ақпараттық байланыстарға қатысты туындайды. Бір сұрақ төңірегінде ата- аналар да, балада да бірдей мәлімет болады. Бала өз білгеніне қарай жасағысы келеді. Анасы оған " мен жақсы білемін " дегеннен артық ештеңе айтпайды. Егер әрқашан да үлкендердің айтқаны дұрыс болса ештеңе білмейтініне көнеді де одан ары қарай енжар болып үнемі бағынушы қалыпта болады. Сондықтан, ата- ана мұндай жағдайда бедел бағытын үстем етпей, өз көзқарасын " сенің орныңда болсам мен былай істер едім "- деген ұстанымды көрсетуі қажет. 1. Жиі кездесетін кикілжіннің бірі. " Сен өскен соң " деп аталады ". Ата- ана бедел тұрғысынан келеді де, бала ылғи да өз дербестігін көрсетуге тырысқан сайын оның іс- әрекетін кері бағалайды. Бұл тұрғыда ата- ана өз үстемдігін сақтап қалуға тырысады және баланың табиғи қылықтарын тыңдаудан бас тартады. [ 3,4 ] 2. " Мен саған бәрін бердім ". Бұл кикілжіннің негізінде балаларға жасалған нәрселердің бәрі үшін олардан махаббат, шарт ұсынушылық бағынушылық талап етіледі. Кикілжіннің мұндай түрі көбінесе шешесімен ұлының арасында туындайды. Ұлының тәуелсіз және дербес әрекет етуге талпынуы анасы жағынан өте күшті қарсылық тудырады.
Отбасылар әр түрлі болады. Социологтар отбасын әр түрлі типтерге бөледі: үйлесімді, бөлінген, ыдыраған, толық емес отбасы. Отбасы толық болуы мүмкін, бірақ тәрбие теріс болуы мүмкін. Кейде келіспеушілік күнде ұрыс болып тұратын толық отбасыларда кездеседі. Отбасындағы сәтсіздік белгілі деңгейде бала психикасының дұрыс дамуына әкелмейді. Психологиялық қарым- қатынас " әр сағат сайын болмыстың бір бөлшегін алып кететін " қатынас. Ол қайырымдылық пен өзара түсіністіктің отбасында жоқ болуы. Бұл жатырқаушылыққа, ашушаңдық пен тұйықтыққа әкеледі. Баланың мінез- құлқын дұрыс жаққа өзгерту үшін ең алдымен ата- ана өзін өзгертуі тиіс. Мұны түсіну оңай емес. Ол үшін балаларға деген қатынас стереотиптері болуы қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздысы- балаға бәрін тыңдаушы, орындаушы адам ретінде қарау. [ 4,5 ]
Ата- ананың теріс қатынасының енді бір түрі керісінше балаға деген шектен тыс жақындықтан, шектен тыс қамқорлықтан пайда болады. Мұндай жағдайда ата- ана
26