¹ 8-9( 8) 2015
толы болашақты бастайтын, айбаты арыстандай, қайраты жолбарыстай, аузы дуалы, білегі қуатты, білімі мол, қай салада болса да аянбай тер төгуге бар жас маман иесі болып шығады. Бұл сөзсіз шындық.
Студент кез келген уақытта ізденіп, тың мәселелерді зерттеп, тыңнан тыңшыға айналуы керек. Тың оқиғалармен барша жұртшылықты хабардар етіп отырған студент қана жан-жақты жүргендігін көрсете алады. Содан барып ол өзінің шығармашылық жолын бастайды. Ал шығармашылық ұғымы- жаңа нәрсе ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Барлығына да ең әуелі үлкен сенім мен тәуекел керек. Сенімділік пен бойыңдағы күш-қайрат болмаса, онда біз бағындырмайтын биік белес жоқ. Студентті ортаға бейімдеу, бойындағы құндылық қабілеттерін ашу- бүгіннің ең басты талабы.
Жоғары оқу орындарында студенттердің құндылық қабілеттерін бейімделушілік арқылы қалыптастыру үшін, оқытушылар төменде көрсетілген ұсыныстарды басшылыққа алған жөн:
Оқу жылы барысында студенттік топтың өміріне ұдайы қатысу, мәселелерін шешуге көмек көрсету, топта достық ортасын қалыптастыру, әрбір студентке тұлға ретінде қарау. Студенттердің сабаққа қатысуын және үлгерімін бақылауды ұйымдастыру, сабаққа қатысуын тексеру, оқытушылармен әңгімелесу. Оқу сабақтарына, аралық, апталық және сессияға байланысты мәселелер туындаса көмек көрсету. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зерделеу. Студенттерді студенттік өмірге баулу, өздерін өзі танытуына жағдай жасау. Әрбір студентпен: жоғары оқу орнына бейімделу барысында қиындыққа тап болған студенттермен, оқу пәндерін жан-жақты әрі тереңнен
Ïñèõîëîãèÿ
оқығысы келетін студенттермен жеке-дара жұмыс жасау. Сонымен қатар куратор-эдвайзер студенттердің жеке мәселелеріне, оқытушылармен, студенттермен өзара қарым-қатынасына назар аударуы тиіс. Топтағы студенттердің этикалық тәрбиесі: сыртқы келбетіне назар аудару, топтағы студенттің мінез-құлқына мән беру, олардың оқу орнындағы ішкі тәртібін қадағалауын бақылау. Адамгершілік, эстетикалық, кәсіби, мәдени және физиологиялық тәрбие беру бағытында нақты ісшаралар ұйымдастыру. Ең бастысы жоғарғы оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару ұйымына белсене араласып, қоғамдық жұмыстарының белді мүшесі болу. Міне, осы аталған ұсыныстар толықтай орындалса студент бойындағы құндылықтар ашылып, дами түседі.
Менің ойымша, әрбір оқытушы студенттің бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылығын дамытатын әр түрлі кездесулер, іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Ісшара барысында, әрбір студенттің өзіндік ойын, көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру керек. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, білім алушы бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. XXI ғасыр- білім ғасыры. Тек білімді, жан- жақты дамыған азаматтарымен ғана еліміздің болашағы жарқын болмақ. Білімді ұрпағы бар мемлекет өзінің даму жолында кез келген кедергілер мен тосқауылдарға қарсы тұра алады. Қорыта айтқанда, оқытушы еңбегі- білім алушы білімімен өлшенеді десек, оқытушы еңбегінің күрделілігі- әрбір студенттің жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір білім алушы бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Воронский В. А. Исследования студентов к условием в вузы / В. А. Воронский // Соционика.- 2001.- № 6.- С. 29- 33. 2. Любимова Г. Ю. От первокурсника до выпускника / Г. Ю. Любимова // Вестник Московского Университета. Сер 14. Психология.-2001.- № 1. 48- 52 3. Свиридова Н. А Адаптационные процессы в среде молодежи / Н. А Свиридова // соц. ис. № 1. 2002. 4. Туршинский З. Многоликая адаптация // Биология в школе.- 1996.- № 5.- С. 77-80. 5. Шайхова М. Жастардың әлеуметтік- психологиялық бейімделу мәселелері / М. Шайхова // Ұлағат.- 2004.- № 1.- 49-51 б. 6. Соляренко Л. Д. Основы психологии.- 2-е изд.- Ростов н / Д: Феникс, 1997.- 736 с. 7. Тәжібаев, С. Болашақ ұстазды әдептілікке тәрбиелеу // Ұлт тағылымы.- 2000.- № 2.- 48-51 б. 8. Шаяхмет, Қ. Жастар тәрбиесінің мәселелері Шәкәрім шығармаларында // Тәрбие құралы.- 2009.- № 2.- 4 б. 9. Мұңашева, Ж. Үйлесіммен үндескен өнер мен тәрбие // Ізденіс. 2003.- № 2.- 204-207 б.
24