EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 25

Ïñèõîëîãèÿ
¹ 8-9( 8) 2015
Мақала студенттердің құндылықты бағыт-бағдарларын зерттеуге арналған. Автор студенттер өміріндегі негізгі құндылықтар мен мотивацияны анықтауға тырысады, ұйымдастырылған оқыту үрдісін жастарды тұлға ретінде қалыптастыратын бірден бір фактор ретінде айқындайды.
В статье проведено изучение системы ценностей студентов, выявлены доминирующие ценности и мотивации, сделан анализ внутриличностных конфликтов. Автор позиционирует организованный образовательный процесс, как наиболее благоприятный фактор для личностного развития молодого человека.
ҚАЙНИКЕН СЕРІКҚЫЗЫ
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты
In this article research of value system of students is conducted, the dominant values and motivation are educed, the analysis of intrapersonal conflicts are made. The author presents organized educational process, as the most favorable factor for the personal development of the young man.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН БЕЙІМДЕЛУШІЛІК АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес.
А. Н. Толстой
Студент- қандай да бір жеке тұлға. Ой-санасы дамыған, ел болашағының тізгінін ұстауы үшін өз алдына бір мамандық иесі боламын деп үлкен мақсат қойған индивид, яғни өз ұстанымын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты бар адам. Ал, осындай тұлғаның жаңа ортаға бейімделушілігі психология және педагогика ғылымдарының ежелгі тарихынан келе жатқан мәселе болғанымен де өзінің өзектілігін қазіргі күнге дейін жоғалтпаған кең ауқымды тақырыптардың бірі. Осы тақырып төңірегінде студент жастардың бейімделушілік арқылы құндылық қабілеттерін дамыту қалай жүзеге асатыны бізге беймәлім. Ол үшін " бейімделу " сөзінің төңірегінде ой қозғап көрейік." Бейімделу " сөзінің астарында " тұлғаның орта арасында қарамақайшылықсыз, әр қилы талаптарына бейімделу деп жазылған. Көбіне ғалымдар " бейімделу " түсінігін жеке тұлғаның қоршаған жерінде және табиғи ортасында реакцияларын белгілеу үшін қолданады. Оқушылардың оқу бағдарламасына үйрену кезеңінде, ғалымдар бейімделудің көптеген түрлерін қарастыруды ұсынады. Негізінен бейімделуді қоршаған ортасына сай 5 түрге бөледі: әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық, іскерлік, педагогикалық. Жоғары оқу орнында студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады. Бірінші курстардың оқу орнына бейімделу үрдісіне орай жүргізілген көптеген зерттеулер келесідей негізгі қиындықтарға жіктеледі екен: кешегі мектептің ұжымындағы оқушылардың оның өзара көмегі мен моральдік қалауының кетуімен байланысты жағымсыз күйзелістер; кәсіпті таңдаудағы мотивацияның белгісіздігі, оған жеткіліксіз психологиялық даярлық, мінез-құлық пен іс-әрекетті психологиялық өзіндік реттей алмаушылық, оның күнделікті бақылауға ашылуын педагогтардың талап етуі, жаңа жағдайда еңбек пен демалыстың оптималды тәртібін қарастырып іздеу жұмыс пен өзіндік қызметті реттеу, әсіресе үй жағдайынан жатақханаға ауысу кезінде, соңғысы өзіндік жұмысқа дағдының болмауы, конспекті жасай алмау, алғашқы еңбек көздерімен, сөздіктермен, анықтама сілтемелермен жұмыс жасай алмаушылық. Барлық осы қиыншылықтар өзінің шығуына байланысты әр түрлі.
Оның кейбіреулері объективті құрыла алмайтын, енді біреулері субъективті сипатта және де әлсіз даярлықпен, мектеп және жанұя тәрбиесіндегі ақаулармен байланысты.
Қалалық және ауылдық қоғамның арасындағы ерекшеліктер әрқашан байқалады. Ауылдан қалаға келген студент жаңа ортаға келгенде бөтен қаланың өзіндік ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып, жаңа қоғаммен қарым-қатынасқа түсу олардың көзқарасына, дүниетанымына, бейімделуіне әсер етеді және де ауылдан қалаға оқуға келген студенттердің бірінші курста психологиялық өзгерістер байқалады. Бейімделу кезеңінде жаңа қоғам олардың жүйке жүйесіне, мінез-құлқына әсерін тигізеді. Сондықтан да мұндай жағдайда студент бірінші курсқа келгенде жаңа ортада жаңа ақпараттарды қабылдауы мен қоғаммен қарым-қатынасқа түсуі төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін.
Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді. Студенттің ғылыми жұмыспен айналысуы, мәдени шараларға белсене араласуы, қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы, қазіргі күні белең алған ең ізгі шара. Студенттердің өзін-өзі басқаруының бір мүшесі болуы, міне, осының барлығы студенттің тек жеке басы үшін ғана емес, алғашында өзінің оқу орны үшін, кейін елі үшін атқарар ісінің бастамасы болып есептелінеді. Яғни, шығармашылық шырқау шегінің нәтижесіне жетуге осы кезден қамдана бастайды. Бойындағы қабілетін дарытады. Оның барлығына ықпал ететін тылсым күш иесі бұл оқытушылар болмақ. Егер ғылыми іспен айналысатын болса, ғылыми жетекшісі, шығарма жазатын болса, тіл байлығы мықты, сөзге шебер ұстаз керек, өнер саласында жүрер болса, биші, жезтаңдай әнші дегендей әр саланың бабына сай бапкері студенттердің шығармашылықпен айналысуына ықпал жасайды. Нәтижесінде студент оқу бітіргеннен кейін келелі мол келешектің тізгінін ұстайтын, бостандыққа
23