EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 11

Òàðèõ бірлестіктер қызмет етеді. Оның 28 і республикалық, 46 сы этнос өкілдері орталығына ие. Этномәдени бірлестіктердің өнер мекемелері өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары мен этнобағыттағы музейлер болып табылады. Осы ретте сөзімді Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы жалғастырсам. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында алты Достық үйлері қызмет жасауда. Олар Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Глубокий, Шемонайха және Зырянь аудандарында орналасқан. Зырянь ауданындағы Достық үйі былтыр қыркүйек айында ашылған болатын. Облыс бойынша Өскеменде 21, Семейде 14, Риддерде 11, Курчатовта 3, Абай мен Бесқарағай аудандарында бір-бірден, Бородулиха ауданында алты, Глубокий ¹8-9 (8) 2015 ауданында төрт, Жарма ауданында үш, Зайсан ауданында екі, Зырянь ауданында алты және Шемонайха ауданында тоғыз, жиыны, сексен этномәдени бірлестіктер және бір жастар қоғамдық бірлестігі қызмет етуде. Қорытындылай айтсақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бағытындағы қызметі, қазақстандық қоғамның дамуындағы алатын үлесі өте зор. Елбасының тікелей бастамасымен құрылып, жиырма жыл бойы еліміздегі түрлі этностарды біріктіріп, бейбітшілік пен ынтымақтастықты сақтап тұрған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда, өзге де көп ұлтты елдерге үлгі боларлық орталық деп нық сеніммен айта аламыз. ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Касымбеков М.Б. Первый Президент Республики Казахстана Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. - Астана: Деловой мир, 2009, - 247-250 б. 2. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Астана, 2011 3. Әбжанов. Х.М. Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. - Астана: Ана тіл - Ата тарих, 2007, - 86 4. Касымбеков М.Б. Лидер и независимость. - Астана: Қазақ энциклопедисы, 2010, - 192 б. 5. Казахстан. Национальная энциклопедия. - Атамұра: Алматы, 2004, - 271 б. 6. Касымбеков М.Б. Первы Президент Республики Казахстана Нурсултан Назарбаев Хроника деятельности. - Астана: Сарыарқа, 2008, - 255-258 б. 9