EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 10

¹ 8-9 ( 8 ) 2015 Òàðèõ
САДЫКОВ ДАРЫН КАУКЕНОВИЧ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
МАМЫРБЕКОВ АРАФАТ МӘЖИТҰЛЫ
т . ғ . к ., " Erudit " білім беруғылыми орталығының директоры
Мақала Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған . Автор Ассамблеяның негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталады . Ассамблеяның Қазақстанды мекен ететін ұлттар мен ұлттық топтардың мәдениеті мен тілдерінің сақталуына , елдегі конфессияаралық келісім мен бірлікті нығайтуға , Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарының аясын кеңейтуге тигізген әсеріне ғылыми тұрғыдан баға береді .
Статья посвящена Ассамблеи народа Казахстана . Выявлены основные цели и задачи Ассамблеи , основанные на главном достоянии Казахстана - дружбе народов . Показаны главные достижения Ассамблеи по обеспечению условий для развития культур и языков проживающих этносов в Казахстане , по обеспечению свободы вероисповедания , межконфессионального согласия и религиозного равноправия , а также развитию международных связей .
The article dedicated to the Assembly of Peoples of Kazakhstan . The author examines the main goals and objectives of the Assembly based on the main domain of Kazakhstan - the friendship of peoples . Much attention is given to the main achievements of the Assembly in establishing the conditions for the development of cultures and languages , ethnic groups living in Kazakhstan , in promoting freedom of religion , interfaith harmony and religious equality , as well as in development of international relations .

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҮЛЕСІ

" Қазақстан халқы Ассамблеясы кез-келген дағдарысты , кез-келген қауіп-қатерді жеңуге қабілетті бірыңғай және біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыру үрдісін жалғастыруы тиіс . Бізде бұған балама жоқ ".
Нұрсұлтан Назарбаев
Әлемде үш мыңнан астам түрлі ұлттар , ұлыстар мен тайпалар мекендеп , олар екі жүз елудей мемлекеттерде бірігіп өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім . Ал , сол үш мыңның жүз отыздан астамы біздің мемлекетімізде татулықта , бірлікте , ынтымақта өмір кешуі айтарлық мәселе . Қазақстанның мұндай жетістікке жетуі , ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімнің нығайуы Елбасының , Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты арқасында қол жеткізген мұраты .
Көп ұлтты мемлекет ретінде әлемге танымал Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығын қалыптастырып , түрлі этностар мен этникалық топтар арасында түсінушілік пен келісімділікті орнатып , оларды мемлекет алдындағы үлкен міндеттерге , экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылы желтоқсан айында өткен Қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды .
Бүгінгі таңда қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісі халықаралық қауымдастық тарапынан оң бағаға ие болып отыр . Себебі әлемнің көптеген елдерінде мыңдаған адамдардың өмірі қиылған , миллиондаған адамды әуре сарсаңға салған этносаралық , дінаралық шиеленістердің оттары лаулап жанып , халықтар арасында жалындап тұрған кезде , мемлекет ішілік қарым-қатынастарды реттеу маңызды мәселелердің бірі болып табылады . Осы орайда қазақстандық қоғамның дамуына , қоғамдық келісім мен бірліктің алғышарты болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі ерекше .
Ассамблеяның қалыптасуына , дамуына және қызметіне біраз тоқталсақ .
1995 жылдың 1-ші наурызында Елбасы Н . Ә . Назарбаев " Қазақстан халқы Ассамблеясын құру
8
туралы " жарлыққа қол қойып , 24-ші наурызында Ассамблеяның бірінші сессиясы болып өтті . Сол жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы референдум өткізіп , онда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін кеңейту және жаңа Конституция қабылдау туралы ұсыныс жасады . Нәтижесінде 30-шы тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды . Ата Заңда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін , ресми этносаралық тіл ретінде орыс тілі жарияланды . Осыдан келіп Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрі дамудың жаңа деңгейіне көтеріліп , этномәдени орталықтар мен этнос тілдерінде жарық көретін БАҚтардың қоғамдық белсенділігі артты . Қазіргі таңда этномәдени бұқаралық ақпарат құралдарының он бір тілде газеттері мен журналдары , жеті тілде телебағдарламалары , сегіз тілде радиобағдарламалары жұмыс жасауда . Қазақ және орыс тілдерін есептемегенде , этнос тілдерінде жарыққа шығатын БАҚ ның жалпы таралымы 80 мыңнан асқан . Сондай ақ этнос тілдерін дамыту мақсатында 88 мектепте оқу үрдісі толықтай өзбек , тәжік , ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі . 108 мектепте Қазақстанның 22 этносының тілі еркін пән ретінде жүргізіледі .
1996 жылы " Қазақстан Республикасының мерекелері туралы " Заңына сәйкес 1 ші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды . Алматы қаласында барлық республикалық этномәдени орталықтар мен қауымдастықтарды бір шаңырақтың астына жинайтын Қазақстан халқы Ассамблеясының Үйі ашылды . Аймақтарда кіші ассамблеялар мен этномәдени орталықтарға арнайы ғимараттар бөлінді .
Еліміздің он шақты обылысы мен Алматы қаласында этномәдени бірлестіктерге арналған Достық үйлері ашылып , Елордада керемет сәулетімен ерекшеленетін Бейбітшілік пен келісім сарайы пайдалануға берілді .
Жалпы еліміз бойынша алты жүзден аса этномәдени