EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 106

¹ 8-9( 8) 2015
Ïåäàãîãèêà
Берілген сабақ жоспары бастауыш сыныпта тәрбие сағатын жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын бастауыш сынып мұғалімдері өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Данная разработка урока представляет собой пример проведения классного часа в начальноq школе. Методическая работа будет интересна учителям начальных классов.
The working-out subject plan is given as a useful example of class hours in primary school. Every primary school teacher may use this plan.
ТАТЫБАЕВА ТОЛКЫН АНУАРБЕКОВНА
Семей қаласы № 8 көркемдікэстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешенінің бастауыш сынып мұғалімі

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА " ҚҰСБЕГІЛІК " ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ

Құсбегілік- ерте заманнан келе жатқан бекзада өнерінің бірі екені баршамызға мәлім. Оның тәлімтәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасып келеді. Өнердің бұл түрі қазаққа етене жақын болғандықтан құсбегілік өнер біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап, болмысын айшықтайтындай. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде бір елдің рәмізінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады. Осы тәрбие сағатты өткізе отырып, өскелең ұрпаққа қазақ халқының асылтекті бабаларымыздың бекзада өнерін дәріптеу. Тақырыбы: " Құсбегілік " Сабақтың мақсаты: 1. Аң аулау дәстүрінің қалыптасуы, құсбегі, қырандар иесі туралы айтып, қыран жабдықтарымен таныстыру. 2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақтаға оқушылардың, аңшылық кәсібінің көріністері бейнеленген суреттер ілінеді. Бүркітші мен қыран бүркіттің суреті және қыран баптағанда қолданылатын бұйымдардың( томаға, балақбау, тұғыр, жемқалта т. б.). суреттері салынған слайд және қыран құстардың суреті салынған альбом. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Кіріспе бөлімі. Мұғалім: Құрметті, қонақтар және оқушылар! Сіздер біздің " Құсбегілік " атты тәрбие сағатымызда отырсыздар. Керегеміз- ағаш, ата бабамыз қазақ дегендей, батырларымыз елін, жерін жаудан қорғаумен бірге, аң аулап, аңшылық дәстүр етіп, халқын баққан. Саяхатшылықты халық ежелден өнердің бір түрі деп бағалаған. Оны пайда табу немесе күн көріс көзі санамаған. Халық мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлері- Шоқан, Абай, Ақан сері және басқалар саятшылықты қатты ұнатқан.
Қазақ аңшылары өзінің таным- тәжірибесінің арқасында аңшылық саятшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы, сияқты жан- жануарлардың тілін таба баптап, қалауына көндіре алған. Олардың ішінде қыран құстарды баптаудың тәжірибесі мол. Қыран құстардың ең негізгі бірнеше түрі бар. Олар: Лашын, ителгі, бүркіт, күйкентай, қырғи, ақсұңқар,( альбомнан суреттерін көрсету.) III. Негізгі бөлімі. Оқушылар хормен төмендегі әнді айтады:
Тамаша қырдан қызыл түлкі ауласа, Түлкіге құмай қосып қиқуласа. Тамаша қанжығаңды қандап қайтсаң, Тамаша соның бәрі мүмкін болса. Мұғалім: Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі- бүркітпен аң аулау, бүркіт ұстап саятшы болу. Бүркіт деп жыртқыш құстардың ішіндегі тез үйренгішін атаған. Бүркіттің аталығын шеулі, аналығын ұлбасар деп атайды. Қазақтар жасына байланысты да атау берген.- Ал, балалар қандай атау бергенін айтыңдаршы? Оқушылар атауларын атап береді.( Тақтаға бүркіттің суреті ілінген соның жанына жасына байланысты атауларды жапсырады.) 1 ж- балапан 7 ж- қана 2 ж- қан түбіт 8 ж- жана 3 ж- тірнек 9 ж- май түбіт 4 ж- тас түлек 10 ж- барқын 5 ж- мұзбалақ 11 ж- баршын 6 ж- көк түбіт 12 ж- шөгел Оқушы: Бүркіт ірі денелі құс, оның салмағы 3- 6,5 кг дейін жетеді. Шеулісі ұлбасарының едәуір кіші болады. Оның салмағы 2,8- 4,1 кг. Екі қанат аралығы 2- 2,5 м.
Бүркіттің шеулісі мен ұлбасары қаңтар айында. Жұптасып, наурыз айының бас кезінде жұмыртқалайды, жұмыртқасы екеу-ақ болады. Ұлбасары жұмыртқаны 45- 50 күн басады. Бүркіт балапандары шиқылдамайды. Бүркіттер арақашықтығы бір жарым шақырымнан етіп бірнеше ұя жасайды. Ұябасары соның біреуін ғана таңдап алады. Қалған ұяларды шеулісі қорып жүреді. Ал балапандары қарақанат болып ұшуға алғаш бейімделген кезде сол ұяларды бірінен соң бірі мекендейді. Мұғалім: Ал, балалар бүркіт республикамыздың қай жерін мекендейді? Оқушы: Республикамызда бүркіттер Алтай, Тарбағатай, Алатау, Ақшатау, Көкшетау, Шыңғыс сияқты сілемді тауларға, кейде орманды алқаптар мен биік қарағайлы, үйеңкілі жерлерге ұя салады. Оқушы: Бүркіттің түсі мен дене көлемі мекен ететін ортасына байланысты әр түрлі болады. Бүркіттің саусақтары төртеу.
Олар: аты жоқ саусақ, жембасар сұқ саусақ, сығымортаңғы саусақ шеңгел- шынашақ саусақ.( Слайд көрсету) Мұғалім:
104