EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 107

Ïåäàãîãèêà
Түз қыранын қолға түсірудің бес- алты әдісі бар. Олар: аумен ұстау, тор жаю, қарға орану, тастатып алып тұтқиылдан басып қалу, шеңгелдестіру, ұядан алу. Енді осы әдістердің ішіндегі бір түрін бізге кім айтып береді? Оқушы: Тор жаю әдісі көбіне қыс айларында қар түскен соң қолданылады. Ол үшін қар түстес ақ торды қар үстінен бір метрге жуық биіктікте кере құрады да, астына тірі түлкі байлайды. Бұған сорғалап түскен қыран аяғын торға шалып алады. Солқылдақ тор бүркіттің ұшуына кедергі жасайды.( көрінісін бейнелеу) Оқушы: Енді осы бүркіттің аңға үш түрлі тәсілмен түсетіні бар:
1-шаншыла, 2-сыпыра, 3-іліп түседі. Осы үш тәсілдің ішінде іліп түсу тәсіліне дағдыландырған жақсы. Оқушы: Іліп түсуге қалыптастыру үшін сүйретіп келе жатқан далбайға құс аяғы тиісімен тастай салу керек. Бүркітті бұлайша баулу әдістеріне кіріскенде де, тіпті аңға саларда да, қолдағы құсты аш ұстау керек.( көрініс)
О қушы: Қ ұс бегілер қол ындағы бү ркітін аңғ а салуғ а мамыр, маусым айл ары нан баст ап баптайд ы. Бүр кіт ті дұ рыс бапт ап, қолғ а т ез үйретудің бір шарты оған қажетті құралдарының жасалуында жатыр.
Оқушы: Олар Тұғыр- бүркіттің құйрығын жерге тимейтіндей етіп жасалған ағаш сәкі. Томаға- құстың көзін жауып тұру үшін былғарыдан тігіледі.
Аяқбау- құстың аяғын қатты қыспайтындай етіп киізден сақина тігеді де оның сыртын былғарымен қаптайды. Биялайды жұмсақ иленген қасқыр терісінен үш саусақ етіп астар салып беру үшін қажет. Түтік- құстың ішін шаю үшін, су беру үшін қажет. Түтік- тырна жілігінен немесе ағаштан жасалады. Балдақ- құсбегінің құс ұстап отырған қолы талмас ұшін сүйеп отыратын аша ауыз ағаш.
Бұдан әрі Құрманғазының " Саржайлау " күйі
¹ 8-9( 8) 2015
тыңдалады. Тыңдау кезінде оқушылар Абайдың " Бүркітші " өлеңін кезекпен мәнерлеп айтады. IV. Қорытынды бөлімі.- Ал, балалар, енді маған мынандай сұраққа жауап беріңдерші.- Құсбегі деп кімді айтамыз?- Құсбегі қыранды түрге, топқа жеке айыра білетін адам.- Бүркітші деп кімді айтамыз?- Бүркітші- бүркітті ұстап, оны баптап аңға сала білетін аң мен құстан жан-жақты сауаты бар адам.- Ұлы адамдардың қандай сөздерін білесіңдер?- Табиғатта еркін жүріп, аң қуып, бүркіт салу, саят құрып, бай табиғатты тамашалауда ұлы Абай атамыздың өлең шумағы еске түседі. Таудан шие тергендей ала берсең, Бір жасайсың, құмарың әр қанғанда, Көкіректе жамандық, еш ниет жоқ. Аң болады екенсің құс салғанда Ешкімге зияны жоқ өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда. Мұғалім: Құстар туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер? Оқушылар: 1- Баба бүркіт барлап ұшар. Балапан бүркіт шарлап ұшар. 2- Жапалақ сипағанмен, сұңқар болмас. 3- Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. 4- Сұңқар- құстың төресі, Лашын- құстың жендеті, Қаршыға құстың ұрысы. Мұғалім: Құсқа ауа, балыққа су, аңға орман керек. Аңды кез- келген адамға атуға рұқсат етпейді, өзінің ату мерзімдері бар. Кейбір аңдар тұқымы азайып кеткендіктен олар " Қызыл кітапқа " тіркеледі. Табиғатты аялап, орманды алқапты көбейткенде ғана аңдар көбейеді.
ӘДЕБИЕТТЕР. 1. Бабалықұлы Жағда, Тұрдыбаев Абдолла. Саят. Алматы, 1993 2. Абдрахманов Сауытбек, Салғара Қойшығара. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Алматы, 2004
105