EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 105

Ïåäàãîãèêà Кесіртке,елік,етік,кекілік,ешкі. Осы сөздерді буынға бөлейік,қанша буын бар,і дыбысы қай буында келеді?Осылайша барлық сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасаймыз.Өте жақсы, тапсырманы орындадық. - Енді іздің қай аңдікі екенін білейік (кірпі).Осы із бізді қайда әкелді? - Әрине інге,ін аңдарға не үшін керек?(суықтан қорғану, азық-қорын жинау, жауларынан қорғану үшін) - Балалар біз ой-пікірімізді не арқылы білдірдік.(Тіл) - Дұрыс айтасыңдар,тіл қарым-қатынас құралы екен. - Қазір мен сіздерге "Ін" мәтінін мәнерлеп оқимын,сіздер зер салып,мұқият тыңдаңыздар. - Мәтін қалай аталады? - Аңдар қайда мекендейді? - Қоректерін қайда сақтайды? - Қыста борсық пен суыр не істейді? - Індерін не істейді? - Індерді тағы нелер пайдаланады? -Інде тағы не істейді? Оқушыларға іштей,сонан соң тізбектей оқыту. - Өте жақсы,енді кішкене бойымызды сергітіп ойын онайық. Жоғалған әріпті тап: т…л, т…с, т…қ …н…, …с…, …р… . (хормен оқыту) - Енді осы сөздерді дәптерімізді ашып ,жазайық. - Өте жақсы,енді сол сөздердің астына кітап, ерлік сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасай қойыңыздар. (2-3 балаға оқыту) Сергіту жаттығу. Жаздық,жаздық бәріміз, ¹8-9 (8) 2015 Шаршап қалды қолымыз, Аз ғана дем алайық Сосын қайта жазайық. - Шығармашылық тапсырма: іс - іс - іс, Аппақ екен тіс іл - іл -іл Сөйле қызыл тіл - Біз бүгінгі сабағымызда аңдардың індері туралы көп мағлұмат алдық. Қазір қай аңның қайда мекендейтінін тауып көрейік.Тақтаға плакат ілінеді.Ол үшін көп нүктенің орнына керекті сөзді табуымыз керек. … ішік, … кілем, … етік. 3. Жаңа сабақты қорыту. - Қандай мәтінмен таныстық? - Ін не үшін керек екен? - Мәтін неше сөйлемнен құралған? - І - дыбысы қандай дыбыс? - Мысалдар келтірейік? 4. Бағалау. 5. Үйге тапсырма: "Ін" мәтінін оқу,мазмұнын айту. Кім? Не істеді? Қандай? Сұрақтарына жауап беру. Балалар,бірлік,білім, тіл, кітап, ерлік сөздері өте қастерлі, қасиетті сөздер. Осы қасиетті сөздер сендердің серіктерің ,достарың болсын. - Бүгінгі көңіл күйіміз қандай болды? (көтеріңкі) Күлімдеп күн бүгін қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін қарады саған да, Шуақпен нұр төгіп, Көңілді кетті көтеріп. 103