ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРТА МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
¹ 8-9( 8) 2015
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен жүргізілетін сабақтың үлгісі ретінде берілген. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздары мен педагогикалық оқу орындары студенттерінің назарына ұсынылған.
Данная работа представляет собой разработку урока по казахскому языку для учащихся начальных классов средней школы. Урок будет интересен не только практикующим учителям, но и студентам педагогических вузов.
МОЛЛАЕВА АЙГҮЛ АХМЕТЖАНОВНА
ШҚО Үржар ауданы Барлық ауылы Мәлік Ғабдуллин атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі
This work represents itself the lesson plan of the Kazakh language for primary school pupils. The lesson will be interested not only for practicing teaches, but for students of pedagogical universities as well.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ОРТА МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ ЖОСПАРЫ
Ойын арқылы бала өз еркімен қоршаған ортаның негізгі ережелерін зерттейді.
Э. Эриксон
Сабақтағы ойын- ұжымдық еңбек, сондай- ақ тәжірибелік мәні бар тәсілдердің бірі. Ойынды орындау барысында жеке оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Сіздердің назарларыңызғаи ұсынып отырған сабақ жоспарында " Ойын технологиясын " қолдандым. Себебі бұл технологияны тиімді пайдаланса, ойын оқушыға бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, сондай- ақ іздену дағдысын қалыптастырады. Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: І. І дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету. ІІ. І дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін дамыту. ІІІ. Бірігіп жұмыс істеуге, бірінің пікірін бір зер салып тыңдауға, табиғатты сүюге, оларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игеру. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой-қозғау, сұрақ-жауап, топ, жұппен жұмыс Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін-өзі тану. Сабақтың көрнекілігі: Кесте, і әрпінің баспа, жазба түрі, суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру. Психологиялық тренинг. Біз, біз біргеміз Сөгілмесін іргеміз. Ізденсек бірге бәріміз, Білім шыңына жетерміз.- Балалар, бүгінгі сабағымызда зерттеуші болуды үйр енеміз. Ғалы мдарды д а зерттеушіл ер д еп атайды. Себебі ғалымдар да, ата-бабаларымыз да түрлі техника, түрлі жайттарды табиғатқа қарап ойлап тапқан. Ұлы ғұлама Әл-Фараби атамыздың мынадай қанатты сөзі бар: " Адамның негізгі білім алатын көзі- табиғат.
- Біздің бүгінгі сабағымыз табиғатпен тікелей байланысты болмақ. Қазір көптеген қызықты тапсырмалар, ойындар ойнаймыз. Оның барлығын орындап үлгеруіміз сендердің жылдамдықтарыңа,
зеректіктеріңе, білімдеріңе байланысты. Алға қойған мақсатымызға қалай, ненің арқасында жете аламыз?( ауызбіршілік, бірлік)
- Бірлік туралы қандай мақалдар білеміз? " Бірлік болмай-тірлік болмас "
- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?( оқушылардың ойпікірлері)
- Көзімізді жұмып, ойша көз алдымызға елестетейік, далада нелерді көруіміз мүмкін.( шөптер, құм, ағаш, аңдар т. б.). Енді көзімізді ашып, табанымыздың астына қарасақ нелер жатыр екен балалар?( Іздер)
- Әрине іздер, бұл балалар жай іздер емес, сиқырлы іздер, іздердегі сөздерді қатесіз оқысақ бұл іздің қай аңдікі екенін анықтай аламыз.
- Яғни, бұл түлкінің ізі екен. Түлкі туралы не білеміз?
Қу, айлакер, жыртқыш, далада өмір сүреді т. б.)- Біз бұның бәрін қайдан үйрендік?- Кітаптан, кітап туралы қандай мақал білеміз.- " Кітап- білім бұлағы "- Қалай түсінесіңдер?( ой-пікір)- Ендеше кітаптан алған білімімізді көрсетейік? Тақтаға Қандай? Кім? сұрақтары ілінеді- Менің қолымдағы не?( доп, шар)- Доп қандай?( ауыр) шар қандай?( жеңіл)- Алма қандай( қызыл, тәтті). Пияз( ащы, сары)- Қарындаш қандай,( жуан), қылқалам( жіңішке) Сонда қандай сұрағы арқылы заттардың несін білдік?
( түрін, дәмін, көлемін, салмағын).- Келесі сұрақты оқиық( кім?) Оқулығымыздың 80 бетін ашайық. Сұрақты бір бала, жауабын келесі бала, мамандығын үшінші балаға оқытамын.- Кім сұрағы тек ғана адамдарға қойылады екен.- Кітаптан алған білімдерімізді өте жақсы көрсеттік. Сергіту жаттығуы. Біз көңілді баламыз, Әсем әнге саламыз Буынға бөліп сөздерді, Білімге білім қосамыз. 2. Жаңа сабақ.- Балалар жолда біз тағы іздерге кездестік, бұл іздердің қай аңдікі екенін білгілерің келе ме? Ендеше іздегі суреттерге қарайық. Бұл не екен?
102