EURASIAN EDUCATION №8-9 2015 | Page 103

Ïåäàãîãèêà 2. Қазақстанның батысында Каспий теңізі орналасқан . Каспидің түбі де, суының іші де тұнған байлық және ол байлықтарды Еаспидің "тірі алтыны" деп те атайды. Сұрақ: Ол қандай байлық? Атап бер. / Бекіре, Қортпа- өте ірі балықтар. Олардан қызыл, қара уылдырықтар алынады. Оны шетелдер алтынға бағалап сатып алады./ 3. Ертеректе бұл өңірді "Өлім сепкен, тақыр шөл" деп атаған. Ал қазір ол жер - тұнып тұрған байлықтың көзі.Ол өңірді қазіргі уақытта "қара алтын" деп атайды. Сұрақ: Қай өңір, қай өнім туралы айтылып тур? / Мұнай, Маңғыстау өңірі/ 4. Бұл оқиға ертеде болған . Апақ деген бала қой жайып жүреді. Мезгіл күз болатын.Бала жылыну ¹8-9 (8) 2015 үшін от жағады. Бірақ жел жанып жатқан шаланы жан -жаққа ұшырып, оттың берекесін ала береді. Апақ іннен шығып жатқан бірнеше қара тасты теріп әкеліп, жанып жаткан бұтақтарды бастырып қояды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін қайтып оралған бала таң -тамаша қалады. Жаңағы қара тастары жанып жатыр. Сұрақ: Бұл қара тастар не? Қай жерден шыққан? / Көмір. Қарағанды/ Қорытынды: Бүгін біздер туған өңіріміздің өнерінен, терең тамырлы тарихынан өнегелі тағылымдар алдық. Осындай танымдық сайыстардың оқушылар дүниетанымын кеңейтуде алатын орны ерекше деп білемін. 101