¹ 7-8( 14) 2016
тары.( Көжеден дәм татуға шақырамыз деп, дәм ұсынады).
Жеті шелпек: Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, жайсыз жатып қорқынышты түс көрсе, жеті нан, жеті шелпек атайды. Жеті нанды қасиетті жұма, сәрсенбінің сәтіне пісіріп жеті үйге таратады.
Алушы: " Қабыл болсын " дейді. Таратушы " әумин " деп жауап береді. Оны таратып болған соң " Ата-бабаларға тие берсін "- деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап, аят оқып, бата қылады.
Сосын жеті нан әрқашанда желеп-жебеп, бәлежаладан қорғап жүреді дейді. Бұл жеті санының киелі қасиеттігінен болса керек.
Жеті қазына. 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы.
Жеті ата. 1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере. 5. Шөпшек. 6. Немене. 7. Туажат.
Жеті күн. 1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн. 7. Азына.
Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт( мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба( ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала( жер сілкіну). 7 сауалға пайымды жауап. 1-сауал: Әр адам өзі туралы өсек айтқанда не істеу керек?
Жауабы: Хадисте былай делінген: " Әрбір адам өзі туралы өсек тараған кезде бейтарап бола білсе, яғни, өсектен сақтана білсе, өсек тарағанда сабыр
Ïåäàãîãèêà
сақтаса, ол адам екі дүниеде де жақсылық иесі болады. 2-сауал: Дүниеде ащы не? Жауап: Жоқшылық. 3-сауал: Дүниеде қатты не? Жауап: Байлық. 4-сауал: Дүниенің кеңдігі неде? Жауап: Патшаның әділдігі, ғалымдардың ғылымы, байлардың қайырымды болуы. 5-сауал: Адам сәтсіздікке ұшырап жатады. Осының себебі болатын, 7 түрлі іс бар, олар қандай істер? Жауап: Бұлар- 1-күдік, күмән.- 2- сиқырлану.- 3- тойымсыз нәпсі.- 4- қсімқорлық.- 5- жетімнің ақысын жеу.- 6- жаумен шайқасқанда тайсақтап қашу.- 7- ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу. 6-сауал: Ниеті жаман адамды қалай білуге болады? Жауап. Ниеті жаман адамның белгісі: 1) өтірік айту, уәдесінде тұрмау, 2) аманатқа қиянат жасау. Ниеті таза, иманды адам болу үшін мұндай істерден аулақ жүру керек. 7-сауал: Тоймайтын нәрселер бар. Олар не? Жауап: Көз- қараудан тоймайды, от- отыннан тоймайды, бай- малдан тоймайды, адам- өмірінен тоймайды.
Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің " Жетісу суреттері " өлеңін мәнерлеп оқу.
80