Ïåäàãîãèêà
¹7-8 (14) 2016
Берілген сабақ жоспары қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жүргізудің
тиімді үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспарын қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімдері өз тәжірибелерінде пайдалана алады.
Данная разработка урока представляет собой пример проведения
урока по предмету "Казахской литературе" в средних классах
средней общеобразовательной школы. Методическая работа будет
интересна учителям средней школы.
The working-out subject plan is given as a useful example for teaching
subject "Kazakh literature". Methodical work will be of interest to teachers
of secondary school. Every secondary school teacher may use this plan.
ТЕМИРШЕНОВА ГҮЛНАР
НИГМЕТОВНА
Шығыс қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы Құйған ауылы
орта мекебінің қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН
"ХАЛҚЫМЫЗ КИЕ ТҰТҚАН 7 САНЫНЫҢ
ҚҰПИЯСЫ" АТТЫ СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА
Сабақтың тақырыбы: Халқымыз кие тұтқан 7
санының құпиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Табиғаттың тылсым сырына үңіле білуге баулу.
2. Қазақтың қасиетті деп санап, кие тұтқан 3, 40, 7
сандарының құпиясын ашу.
3. Ұлттық тәрбие негізін бойына сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі әдеби кітаптар,
мерзімдік басылымдар. Қанатты сөздер жазылып
ілінеді.
Сабақтың әдісі: танымдық ой-толғау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, іздену, шағармашылық
сабақ.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашуға
жиналып отырмыз. Өздеріңе белгілі қазақ 3, 40, 7
сандарын киелі деп санаған. Алдымен 3, 40 сандарына
қатысты білетін наным-түсініктерді қысқаша атап
өтейік. Міне, табиғаттың тылсым сыры көп екен. Оны
түсіну үшін біз өте білімді, көп оқыған азамат
болуымыз шарт. Бүгінгі сабағымыздың тағы да бір
мақсаты біршама ауыр жүк арқалап тұр. Ол - ең
алдымен халықтың тәрбиесінің бөлінбес бөлігі - ауыз
әдебиетімен таныстыру, халық айтқан данагөй
пікірлерді талдата отырып, кие тұтқан 7 санына
қатысты тылсым сырларды, меңгерту болып
табылады. Оқушыларға сөз кезегін берейік:
Жүргізуші: Адам бойындағы бұлжымас баянды
нәрсесі өзінің жан-дүниесіне жас кезінде сіңірген
нәрсесі. Ыдыста о баста сіңген иіс қирап калса да
кетпейді.
2-жүргізуші: Өсіп келе жатқан жас ағаш та әуел
баста бұтақтарын жан-жаққа қалай жайып, таратқан
болса, жүздеген жылдар бойы, қашан оны шауп
құлатқанша, солай болып тұра береді.
1 - жүргізуші: Бүгінгі сабағымыз табиғаттың тылсым
сырын тануға арналады. Бойымызға сіңіріп , алдағы
үлкен өмірімізде жүзеге асыра алатындай, жақсы
жақтарынан тәлім а лып жатсақ, нұр үстіне нұр деп
есептейміз.
1-оқушы: жетілік ұғым. Табиғаттың біз білмейтін
құпиясы көп. Көшпенділер ұғымында күннің көзі 7
бөлікке бөлінеді. Аптада 7 күн бар. Бір ғажабы бұл
атаулар өзгермейтін өлшем бірліктері. Қазақта 3, 5, 7
сандары киелі сан болып есептеледі.
Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-күні беріледі.
Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі. Білімдар кісіні "7
жұрттың тілін біледі" дейді. Көкті 7 қабат, жерді 7 қат
деп түсіндіретін сол ата-бабалар. Тіпті жұт 7 ағайынды
деген сөзді де тұрмыстық жағдайдан келіп
туындайтыны байқалады! Әз Тәуке ханның 7 жарғысы
мен 7 қазына деген атаулардағы 7-лік санны тектен-
тк тумағандығы айқын. Қауіп- қатерден аман қалған
адам үшін не анасы не жұбайы 7 шелпек, не садақаға
7 түрлі нәрсе тартуы да наным түсініктен ғана
тумаған құбылыс. "7 ге келгенше таяқ жейсің".
"Жеті атасын білмеген - жетесіз" деген даналық
тұжырымы, ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен
шыққан.
2-оқушы: Жеті жетім
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған боз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Бұл дүниеде не жетім?
Аққу қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса.
Бәрінен де сол жетім.
3-оқушы: Жетіген.
Қолға алайын аспабым, жетігенім.
Бізге ғасыр қойнынан жетіп едің.
Елді жаудан қорғамақ болған кезде.
Қапылыста қиылған жеті ұл едің.
Бөлшгісің баба айтқан шежірені,
Тыңдап күнде аңызды көз ілемін.
Жетігенде ойнасам, жеті ерді,
Жіберердей оятып сезінемін.
4-оқушы. Жеті түрлі дім қосылады. Ол өздеріңізге
белгілі наурыз көжені жасауды бірден-бір жолы.
1. Тұз. 2. Су. 3.Ақ (құрт, қатық, айран) 4. Ет (соғымнан
қалған). 5.Кеспе. 6. Бидай (келіге түйген). 7.Күріш не
79