Ïåäàãîãèêà
¹7-8 (14) 2016
К.Д. Ушинский: "Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?" - деген екен.
Ендеше, оқыту ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек. Сондай-ақ оқушы шығармашылығын дамытуға
негізделген әдіс - тәсілдерді тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі қолданып отырса, сонда ғана
көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз.
- Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп
қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас.
Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.
Жұмыстың мазмұны мен формасы оқушылардың талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады:
- жас шамасы әр түрлі оқушыны қамтығандығы,
- формалары мен әдістерінің сан алуандығы,
- өздігінен жұмыс жасауға және еріктілік қағидасында құрылуы,
- қоғамдық жұмыстарға қатысуға мүмкіндіктің молдығы;
Осы ерекшеліктерге сай талаптар:
1. Сыныптан тыс жұмысты дайындау барысында оның мақсатын анықтау керек;
2. Жұмысты ұйымдастырушы мұғалім немесе сынып жетекшісі жоғары тұлғалық сапаға ие болуы тиіс;
3. Ұйымдастырушының үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болуы шарт;
4. Жұмыстың формалары арқылы оқушыларды қоғамдық пайдалы істерге белсенді араласуға жағдай жасау;
5. Педагог пен оқушылардың арасында ынтымақтастыққа қол жеткізу;
- Шығармашылық тұлғаны дамытуды ең алдымен шығармашылық ойлаудан бастау керек. Ал шығармашылық
ойлауды дамыту үшін не істеу керек? Ол үшін әр түрлі жаңа технологияларды сабақта үнемі пайдалана отырып,
жаңа нәтижеге жету қажет. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін тапсырмаларды түрлендіріп және
жаңа технологиялардың түрлі әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп отыру керек.. Мысалы,
"Туған жер" тақырыбында шығармашылық жұмысын алдым.
1. Туған жер деген сөзді естігенде қандай сезімде боласыңдар?
2. Көз алдыңа нелер елестейді?
3. Мұрныңа қандай иіс келгендей. болады?
4. Туған жеріңе қандай жақсылықтар жасағың келеді?
Оқушылар бақылау сұрақтар арқылы өз ойларын еркін, бүкпесіз жеткізе білді. Оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы да оқушыны шығармашылдыққа жетелейді. Оның "Венн диаграммасы",
"Ассоциация" т.б. әдістерін пайдаланып отырамын.
-Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасатындықтан, ойдың
жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі маңызды рөл атқарады.
-Үйірме сабағында әр оқушының мүмкіндігіне байланысты тапсырмалар әзірленіп, жеке жұмыс жасау
ойластырылады
- Балаларды ң көркем-шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ең маңызды шарт - олардың жұмысқа деген
қызығушылығы, оған әсерлі қатынасын да анықтайтын осы немесе басқа да тапсырмалардың орындалуы болып
табылады.
- Балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ең маңызды шарт - олардың жұмысқа деген
қызығушылығы, оған әсерлі қатынасын да анықтайтын осы немесе басқа да тапсырмалардың орындалуы болып
табылады.
Бояулардың сырын ұғынған ұрпақтың, шығармашылығы артып, алдына үлкен мақсат қойып, саналы да, мәдениетті
тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
- Сабақтан тыс уақытта, үйірмеде және факультативті сабақтарда, мұғалім бейнелеу өнеріне қызығушылық
танытқан балалармен шығармашылық ұжымын ұйымдастырады.
Оқушылар бейнелеу сауатын өздерінің жұмыстарында сәтті шыққанын көргенде, олардың белсенділігі артып,
сонымен қатар сабаққа деген қызығушылықтары мен оң қатынастары аңғарылады.
Қорыта айтқанда , жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда үнемі
түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның
негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей
аламыз.
71