ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАУ ЖОЛДАРЫ
¹ 7-8( 14) 2016
Ïåäàãîãèêà
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте технология пәнін оқытудың үлгісі ретінде берілген. Мақала орта мектеп ұстаздарына, әдіскерлерге, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға арналады.
Данная методическая работа представляет собой пример преподавания предмета технология в средней школе. Разработка будет интересна учителям, методистам, а также студентам и магистрантам педагогических специальностей.
КАЛИДОЛЛА БАКЫТ КАЛИДОЛЛАКЫЗЫ
Семей қаласы Жарқын орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу, технология пәнінің мұғалімі
This methodological work is an example of the providence of teaching technology in secondary school. The article will be of interest to teachers, instructors, students and undergraduates of pedagogical specialties.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ШЫҢДАУ ЖОЛДАРЫ
Шығармашылық жұмыс оқушының сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.
Мақсаты
Оқушы қабілетін ескеру
Оқушының ой еркіндігі
Білім мен тәрбиенің өзара
Күтілетін нәтиже
- жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға үйренеді- орындау тәртібін түсінеді- мұғалімнің нұсқауын тыңдап, дұрыс орындауға үйренеді- өз жұмысына қорытынды жасауға үйренеді- өзіндік танымдық, шығармашылық қабілеттері артады.
Шығармашылық- тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім- білік, дағдыларды меңгерте отырып, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту қажет.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары 1. Шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау.( топтау, бақылау, қалыптастыру) 2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру. 3. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату. 4. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту. 5. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау 6. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру- оқушының істейтін жұмысының мақсатын айқын түсіну;- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы;- жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.
Оқушылардың жұмыстарын белсендіру жолдары-Жетістіктерін мадақтау-Табыстарын « марапаттау »-Шығармашылық күнін, көрмесін ұйымдастыру
70