ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН САБАҚ ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ïåäàãîãèêà
¹ 7-8( 14) 2016
Берілген әдістемелік жұмыс орта мектептің 4 сыныбында қазақ тілі пәнінен сабақ жүргізудің үлгісі ретінде ұсынылған. Сабақ жоспары орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттер мен магистранттардың назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример проведения урока по казахскому языку в 4 классе средней школы. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам, студентам и магистрантам педагогических специальностей.
ГАЙНУЛЛИНА ГҮЛМИРА ТЛЕУҒАЗЫҚЫЗЫ
Астана қаласы № 75 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі
This methodological work represents the example of a Kazakh lesson for 4 grade pupils of secondary school. The study manual might be useful to the secondary school teachers, methodologists and students in the master ' s programs of pedagogics.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН САБАҚ ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тіліндегі мектептердегі " Қазақ тілі " пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы аясында курстан өту барысында мұғалімдер жаңартылған оқу бағдарламасымен егжей-тегжейлі танысып, берілген дайын оқу бағдарлама арқылы ұзақ, орта, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құруды және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысындағы түрлі әдіс-тәсілдерді игерді.
Жаңартылған оқу бағдарламасының әрбір стратегиясы оқу мақсатына жетуге негізделген. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары ұйымдастырылған тәжірибеге бағытталған әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Жұпта-топта-ұжымда оқушыларды оқыту арқылы бір-бірін толықтырудың тиімді әдістері қолданылды. Бұл шиыршықталған жүйе бағдарламасы оқушыны белсенді ортада жаттықтырып, қарым-қатынас құзырлығын дамытып, жалпы функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Курс барысында ұсынылған әдіс-тәсілдер негізінде оқушыларды шығармашылық ізденіске, зерттеуге, өмірмен байланыстырып шешуге, белсенді орта қалыптастыруға, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға, руханиадамгершілігі бар тұлғаны тәрбиелеуге баулу болып табылады. Мұғалімдер Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген жаңартылған білім беру бағдарламасының әдістерімен, жаңалықтарымен таныса отырып, әр түрлі тақырыптарда осы бағдарламада ұсынылған қысқа мерзімді сабақ жоспарының негізінде сабақ үлгілерін жасап, тәжірибе жинақтады және жан-жақты талқылады. Енді сіздердің назарларыңызға осы бағдарлама негізінде даярланған сабақ жоспарының үлгісін ұсынамын.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісі
Сабақ тақырыбы: « Бауырсақ » ертегісі |
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Гайнуллина Гульмира Тлеугазиевна |
Сынып: 4 |
Қатысқандар: 15 |
Қатыспағандар: 0 |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу |
Белгілі тақырыпта тілдік жағдаяттарға қатысу, сұхбаттасуын түсіну және оның сөзін нақтылау, анықтау, өз сөзімен айтып беру. |
мақсаттары: |
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: « Бауырсақ » ертегісіндегі тілдік |
жағдаяттарға қатысады, сұхбаттасады. |
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: ертегідегі сөздерді |
нақтылайды, анықтайды. |
Кейбір оқушылар орындай алады: ертегіні толық өз сөзімен айта алады. |
Алдыңғы оқу: |
Алдыңғы сабақтарға қатысты сұрақ қояды, үй тапырмасын тексереді. |
Жоспарланған уақыт Басы: 3 мин
Жоспарланған жаттығу түрлері Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабақ басталмай тұрып оқушылар топқа бөліп алу.
'' Қазына іздеу жолында '' әдісі арқылы өткен тақырыптарды қайталау, сұрақтарға жауап беру. 1. Сенің атың кім? 2. Сен неше жастасың?
53