Ïåäàãîãèêà
¹7-8 (14) 2016
ТУСУПОВА
АЙГҮЛ
РАХЫМБЕКОВНА АМАНБАЕВА
АРАЙ
СЕМБЕКОВНА МУКАШЕВА
ГҮЛЖАН
ОМАРБЕКОВНА АМИРХАНОВА
МАКИЯ
КОБЕНТАЕВНА МАНАПОВА
АЙГЕРИМ
ХАЛИЛУЛАЕВНА
бірінші (ілгері)
деңгей
бағдарламасы
бойынша
сертификатталған
қазақ тілі және
әдебиеті пәні
мұғалімі үшінші деңгей
бағдарламасы
бойынша
сертификатталған
қазақ тілі және
әдебиеті пәні
мұғалімі үшінші деңгей
бағдарламасы
бойынша
сертификатталған
орыс тілі және
әдебиеті пәні
мұғалімі бірінші (ілгері)
деңгей
бағдарламасы
бойынша
сертификатталған
орыс тілі және
әдебиеті пәні
мұғалімі Жоғары санатты
бастауыш сынып
мұғалімі
Мақала орта мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасы мен үлгерімін арттыру мақсатында педагогикалық
ұжымның бірлескен мониторинг жұмыстарын жүргізу мәселелеріне арналған. Авторлар өздері жүргізген
сабақтарды талдау тәжірибелерімен бөліседі.
Статья посвящена вопросам совместного мониторинга, осуществляемого педагогического коллективом
средней школы в целях повышения мотивации учащихся и улучшения их успеваемости. Авторы статьи
делятся собственным опытом по анализу проведенных ими уроков.
The article is devoted to the issues of joint monitoring carried out by a team of high school teachers in order to
increase the motivation of students and improve their academic performance. The authors share his own experience on
the analysis of their lessons.
САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ - ТӘЖІРИБЕНІ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімд і
әдісі - зерттеу сабақтары. Зерттеу сабағы - мұғалімдердің
кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық
педагогикалық тәсіл. Зерттеу жұмысына жоспарлау,
оқыту, қадағалау жұмыстарын жүргізе отырып, оқыту мен
оқуды талдап, өз қорытындыларын тұжырымдап өзара
тәжірибе алмасатын мұғалімдерден құрылған шағын
зерттеу тобы қатысады. Осы бағытта Семей қаласы №8
мектеп-кешенінде 3 сыныпта зерттеу тобының
ұйымдастыруымен
зерттеу
сабақтары
ұйымдастырылды. Зерттеу тобының мүшелері:
бастауыш сынып мұғалімі Ә.Х. Манапова, қазақ тілі пәні
мұғалімі А.Р.Тусупова, орыс тілі пәні мұғалімі
Г.О.Мукашева, қазақ тілі пәні мұғалімі А.С.Аманбаева,
орыс тілі пәні мұғалімі М.К.Амирханова. Зерттеу
сабақтары тақырыптары: "Сан есім және оның
мағыналық түрлері"
Бірінші сабақта оқушыларды топқа бөлу кезінде
біршама уақыт алды. Бұл топпен жұмысты жүйелі
жүргізуді қажет етеді. Сабақтың алғашқы бөлімінде
мұғалім "Мақалдарды түсін" әдісін қолданды. Оқушылар
сұрақтардың орнына сан есімдерді қояды және өткен
сабақтармен байланыстырады.Осы кезде оқушылар
өткен тақырып пен бүгінгі тақырыпты байланыстыруда
жақсы нәтиже көрсетті. Бұл - сынып оқушыларының
алған білімді жүйелі қолдану дағдысының бір көрінісі.
Бұл бүгінгі оқушыларымызға ең керек тәжірибе.
"Ыстық микрофон" әдісінде оқушылар жаппай
белсенділік танытуға тырысты, берілген мәтінді түсініп
оқып, сұрақ дайындады. Әр оқушы сұрақтар дайындап,
өз нұсқаларын ұсынуға жанталасты. Бұл бастауыш
оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес белсенділігін
арттыратын тиімді қолданылған стратегия болды деп
түйдім.
"Фрейер"әдісі қолдану барысында орта В деңгейлі
оқушы өзінің ойының ұшқырлығымен, сөйлеу мәнерінің
жүйелілігімен басқа сыныптастарынан ерекшеленді.
Мақалда кездескен "екі" деген сан есімнің синонимдерін
тауып, сөйлем құрауда ешкімнің көмегінсіз қиналмай
орындап отыр. Демек, оқушының мағынаны терең
түсініп, ойлау дағдысының негізі жақсы қалыптасқан.
А деңгейлі (жоғары) оқушы сабақ барысында ерекше
белсенділігімен көріне алмады, сондықтан келесі
сабақтарда топтық жұмыспен қоса жеке оқушыға, жұпқа
бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану керек деп шешім
қабылдадық.
С деңгейлі (төмен) оқушы топтық жұмыс барысында
сыныптастарымен еркін араласып отырды.Сабақтың әр
кезеңінде мүмкіндігінше жауап беріп отырды, кей
жағдайда жауабы дұрыс жауаптан алшақтау болса да,
39