¹ 7-8( 14) 2016
тапсырмалады орындауға талпыныс байқалып тұрды. Келесі сабаққа ұсыныстар: 1. Сынып оқушыларының мүмкіндігін мейлінше таныту үшін шағын топтарға бөлу( әр топта 6 оқушыдан), өйткені бүгінгі сабақта 8 оқушыдан 3 топқа бөлінгенде кейбір оқушылар белсенділік таныта алмады, топтардағы лидер оқушылардың тасасында қалып қойды. 2. Келесі сабақтарда топтық жұмыспен қоса жеке оқушыға, жұпқа бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану керек.
3. Мәтінмен жұмыс істеуде дұрыс сұрақ қою, сұраққа түсініп жауап беру әдісін жүйелі жүргізу, сондықтан келесі сағатта " Ыстық микрофон " әдісін қайта қолдану.
Екінші сабақ өткен сабаққа қарағанда жинақы өтті. Оқушылар да топқа бөліну кезінде де, мәтінмен жұмыс істеу барысында да біршама икемделгені байқалды. Бүгін " Ыстық микрофон " әдісін қолдану барысында оқушылардың мәтін бойынша сұрақ қоюға біршама икемделгені байқалды. Әрине, оқу сауаттылығын жетілдіру бүгінгі күні ұстаздардан сұралып отырған ең негізгі міндеттердің бірі екенін ескерсек, осы бағытта мәтінмен жұмысты жүйелі жолға қою керек деп тұжырымдадық. Сұрақ құрастырып, құрбыларына сұрақ қоюда А, В, С оқушылары қатысты. Бүгін де В деңгейлі оқушы өзінің сөйлеу мәнерімен, берілген сұрақтарға кібіртіктемей нақты, дәл жауап беру қабілетімен ерекшеленді. Демек, оқушы жеке, шығармашылық тапсырмаларды орындағанға өте икемді, ойын еркін жеткізе алады.
" Артығын тап " тапсырмасын орындау барысында барлық оқушылар жұмылдырылды. Осы тапсырма барысында да ойы жүйрік, шапшаң қабылдайтын оқушылар тапсырманы қызығушылықпен тез орындады және жауаптарын дәлелдеуге тырысты. Дегенмен барлық оқушы тапсырмамен қамтылды, С деңгейлі оқушы құрбысың көмегімен орындағанын байқадық. Сабақтың келесі кезеңінде " Есіңе сақта " ойыны ойналды. Шарты: нөмірленіп бейтарап орналасқан заттардың атауын 10 сек ішінде есте сақтап, ретімен орналастыру. Оқушылар бұл тапсырманы үлкен қызығушылықпен орындады, себебі тапсырма жас ерекшелігіне орай оңтайлы болды. Кейбір топ заттардың суретіне дейін салып үлгерді. Оқушылар өздерінің сабақ барысындағы жұмыстарына риза болғанын қимылмен білдіріп қалғанын аңғарып қалдық( ағылшынша " YES " деп). Келесі сабақтарға ұсыныстар: Дұрыс сұрақ қойып, сапалы жауап алу әдістемесі бойынша жұмысты жүйелеу керек деп ұйғардық.
- Сұрақ қойып, оқушы жауабаның жетілуіне уақыт беру керек;- Бір үлгідегі сұрақтарды көп қояды; Сонымен, сабақты талдай келе мынандай нәтижеге қол жеткіздік:
Мұғалімдер жауап алуды төмен деңгейлі сұрақтардан( білу, түсіну, қолдану) неғұрлым жоғары деңгейлі сұрақтарға( талдау, жинақтау, бағалау) өзгертіп дамытулары қажет. Үшінші сабақта да сан есімнің мағыналық түрлеріне тоқталдық. Жалпы мақсаты: Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, ойларын еркін айтуға дағдыланады. Міндеттері:- Әркім ойлану керек және ойларын еркін айта айтады;- Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу;
Ïåäàãîãèêà
- Құрбысының пікірінің құндылығын бағалай отырып, өз пікірін білдіру; Бүгінгі сабақта мәтінмен жұмысты " алты қалпақ " әдісімен түсініп, бағалау арқылы жүргізуді ұйғардық. " Анар бағы " мәтінін оқушылар өздігімен оқып, біріккен топтарына қарай түрлі-түсті( 6 түсті) тастар арқылы өз топтарының түсін таңдады және сол түс бойынша өз топтарының позициясын қорғайды. Ақ қалпақты топ мүшесі А есімді оқушы мәтіннің мазмұнын жеткізді. Әңгімелеу мәнерінен оқушының мәтіннің мазмұнын жетік меңгергені көрініп тұр. Қызыл қалпақты топ мүшесі мәтіннің оқиғасы туралы эмоциямен жауап берді. Оқушының жауабы: " Әңгімені алғаш оқыған кезде Жарастың істеген ісіне, ұрлығына қатты ренжідім, бірақ соңына қарай Жарастың істеген ісін мойындап, Жомарт атайдан кешірім сұрағанын оқығанда бойымды қуаныш биледі. Істеген қателігіңді мойындау- ол да ізгілік деп ",- деп жауап берді. Оқушының осылай кесімді жауап беруі баршамызды қуантты. Сары қалпақты топ мүшесінің жауабы: " Жарас ұрлық жасады, бірақ оны өзі мойындап, соңынан Жомарт атайға бақша шаруашылығында ұдайы көмектесіп отыруға бел байлады, сондықтан Жарастың жақсы бала болатынына біз сенімдіміз ",- деп жауап берді. Бұл жауапты да топ мішелерінің өздерінің позициясын түсінгені деп қапбылдадық. Қара қалпақты топ мүшесі: " Жарастың істегені жақсы емес, " Ұрлық түбі- қорлық ", сондықтан Жарастың Жомарт атайдың бағынан сұрамай анар ұрлауы Жақсы қасиет емес ",- деп өз пікірлерін қорғады. Жасыл қалпақ иесі: " Анар бағын ешкім тонамау үшін қоршауды күшейту керек немесе қорғайтын арнайы шаралар жасау керек " деген сияқты пікірлер айтты.
Көк қалпақ иесі барлық айтылған пікірлерді тоғыстырып, қорытынды жасауға тырысты.
" Алты қалпақ " әдісін біз сабақта бірінші рет қолданып отырғанымызға қарамастан оқушыларға өз пікірлерін дәлелдеп, ойларын айту қызықты болғаны көрініп тұр және өзгелерді тыңдауға да тырысты. Демек, сабақтың мақсатына жеттік деп түйіндедік. Ең негізгісі оқушылар мәтінді түсінуде сыңаржақты ойламай, өзге пікірлерді де есепке алу керекті туралы мәлімет алды. Бүгінгі сабақта мұғалімнің түсіндіру сөзі, сұрақ-жауабынан гөрі оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Бұл жұмысты да біз өзіміздің жүргізген зерттеу жұмысымыздың нәтижесі деп түсіндік. Алдағы уақытта да оқушының мәтінді түсініп оқып, ойын жеткізу мәнерімен, сөйлеу тілімен жұмысты жүйелі жүргізу керек деп қорытындыладық.
" Синквэйн " әдісін жүргізуде А деңгейлі оқушы белсенділік танытты. Бес жолды өлеңді өзі құрдастарынан бұрын құрастырды. Бұл да оқушының мәтіннің мазмұнын түсініп, түйінді идеясын қорытып, тірек сөз арқылы өлең жазуы шығармашылық дағдыны икемділігін таныта білгені деп ұйғардық. В деңгейлі оқушы белгілі себептермен( денсаулығына байланысты) сабақта болмады.
Жалпы 3 сыныпта тәліппен жүргізген зерттеу жұмыстарымда төмендегідей нәтижеге қол жеткіздік:
- Тәліппен арамызда сенімділік, бір-бірімізге қолдау көрсету нығайды, оны Әйгерім Хайлуллаевнаға сабақтар барысында, жұмыс соңында да жылы лебізімді білдірдім, өйткені көшбасшылықтың моральдық құндылықтарға негізделетіні белгілі;
- Тәліптің сабақта жүргізілетін жаңа әдіс-тәсілдердің мазмұнын, оны сабакқта қолданудың негізгі идеясын түсініп, тәжірибеде қолдануға қызығушылығы артты;
40