НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ЕРТІС ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ( ХVIII Ғ. СОҢҒЫ ШИРЕГІ- ХІХ Ғ.)
¹ 7-8( 14) 2016 Òàðèõ
КӘРІМОВ МҰХТАРБЕК ҚАРПЫҚҰЛЫ
т. ғ. к., профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің М. Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының директоры
МАХМЕТОВА НАДИРА АМАНЖОЛҚЫЗЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты
Мақала ХVIII ғ. Соңы мен ХІХ ғасырдағы Жоғарғы Ертіс өңіріндегі мал шаруашылығының жағдайын сипаттайды. Авторлар мал шаруашылығының көшпелі қазақ руларының тұрмысына тигізген әсері туралы баяндайды.
Статья описывает состояние развития животноводства в Верхнем Прииртышье с конца ХVIII века по ХІХ век. Авторы статьи повествуют о влиянии животноводства на жизненный уклад кочевых казахов.
The article describes the state of development of animal husbandry in the Upper Irtysh region since the late eighteenth century to the nineteenth century. The authors tell us about the impact of animal husbandry on the way of life of the nomadic Kazakhs.
НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ЕРТІС ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ( ХVIII Ғ. СОҢҒЫ ШИРЕГІ- ХІХ Ғ.)
Кең байтақ Қазақстан жерін ежелден бері мекендейтін қазақтар табиғи-географиялық жағдайға сай көшпелі, экстенсивті мал шаруашылығымен айналысқан. Барлық аймақтарда дерлік үй жануарларының төрт түлігі( жылқы, ірі қара, түйе, қой-ешкі) түгел өсірілді. Бұл түліктердің арасалмағы жергілікті жердің табиғи жағдайына байланысты болды. Өйткені көшпелі елдің өндірістік тәсілдерінің төмен болуына қарай, шаруашылығы көпшілік жағдайда географиялық ортаның шешуші ықпалында қалып отырды. Дегенмен, қазақ халқының мал өсірудегі сан ғасырлық бай тәжірибиесіне қарағанда, географиялық ортаның түрлі ерекшеліктерін шаруашылық мүддесіне сай дұрыс пайдалана білді. Сондықтан да көшпелі не жартылай көшпелі мал шаруашылығының өзінде жергілікті ерешеліктердің көптеп кездесетіндігі заңды еді.
Жоғары да айтылған мәліметтерге дәлелдемені Шоқан Уәлиханов 1860-1864 жазылған жазбаларынан байқауға болады. Онда ол: " Семей облысының қырғыздары түгелдей мал шаруашылғымен күнелтеді. Солтүстік алаптарында жылқыны табындап өсіру, ал оңтүстікте түйе өсірумен бірге жұптастырып, қой шаруашылығына да басымдық берген " десе, енді бірінде: "... Қырғыздарда мал қысы-жазы далада жүреді, қыста да жаздағыдай өзіне қоректі даладан табады."-дейді [ 1, 334 б.]. Осы жазылғандардан біз, ХІХ ғасырда, бұрынғы Семей облысының жерінде өңірдегі басты кәсіптің- мал шаруашылығы болғанын байқай аламыз.
XVIII ғасырдың тарихи деректері бірінші кезекте қазақтардың көшпелі өмір салтын, олардың мал шаруашылығын сипаттайды. " Көшпелі мал шаруашылығы олардың негізгі кәсібі, ал ет олардың азығы "- деп жазады [ 2, 112 б.]. Көшпелі мал шаруашылығы толығымен натуралды болды. Қазақтардың мал шаруашылығында XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың өн бойында мал саны бойынша бірінші орында қой тұрды. Қазақтың союға ең қолайлы түлігі қой. Ең алдымен " малды жисаң қойды жи, майы кетпес шарадан ", " қойдың сүті қорғасын, қойды сөккен оңбасын "
деген мақал-мәтелдер осыған байланысты айтылса керек. Қой қазақтар үшін ақшаға немесе затқа айырбастайтын бірден-бір түлік болып табылған. Сондай-ақ қыс айларында қойдың шығыны аз болған. Себебі, қой түлігі басқа малдарға қарағанда өз керегін оңай тауып жейді. Зерттеуші А. Левшиннің мәліметтеріне қарағанда, жеке қазақ байларының қолында 20 000 қой, 400-500 түйе, 8-9 мың жылқы болған [ 3, 512 б.]. Сондайақ, А. И. Левшин тағы бір деректерінде академик Паллас зерттеулеріне сілтеме келтіре отырып, қазақы қой үнді қойларына ұқсас, дөң( қайқы) мұрын, құйрық майы 20- 30 фунт болатынын айта келіп, 4-5 пұттай қойдан 2 пұттай май шығатынын жазады. Солай дей отырып, қазақ қойлары негізінен қоңырқай, сарғыш жүнді болып келеді деген тұжырым жасайды.
Ғасырдан-ғасырға қазақтар қой шаруашылығымен қатар жылқы шаруашылығымен де айналысқан. Негізінен көнбістігімен және төзімділігімен ерекшеленетін қазақ жылқыларын өсірді. В. В. Радлов өз еңбегінде жылқы малы туралы " олар тағы, әрі қызу қанды, даланың нағыз төзімді, көнбіс төл тумалары, қазақтарда жылқылар үйір-үйірімен бағылады. Әр үйір шамамен 50 шақты бастан құралады. Кей үйірлерде 10 шақты бас қана жылқы болды "- деп жазады. Ал, Н. Рычков болса, " ең ірі малшылар Орта жүзде, жеке қазақ байларында 20 мыңға дейін жылқысы барлар бар "- деп дерек келтіреді [ 4, 15-б.]. Қазақ жылқылары онша ірі болмағанымен, салт мініс пен ауыр-жеңіл жұмыстарға мықты және еттілік, сүттілік жағынан жақсы жетілген, төзімді келеді. Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Түйе- жүк көлігі. Өте ерте кезден бастап-ақ Орталық Азияның шөлді аймақтарында түйе өсіруге үлкен көңіл бөлінген. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықта түйелер жыл бойына ашық аспан астында жүрген. Өте суық кездерде П. С. Паластың айтуынша, түйелердің
18