Òàðèõ ¹ 7-8( 14) 2016 кеудесіне " жүн мен қамыстан тоқылған жабу жапқан ", ал қысқы борандарда қараша үйлер арасынан ықтырма жасаған. Түйе қазіргі Шығыс Қазақстанның барлық өңірлерінде дерлікке жақын өсірілген. Түйе малы әсіресе, нарық қатынастары дамып, жүк тасуға түйе керуендерін пайдалану артқан кездерде көптеп өсіріле бастады.
XVIII ғасырдың екінші жартысы XIX ғасырдың басында Қазақстанның көпшілік аудандарында ірі қара мал өсірген. Я. П. Гавердовскийдің айтуынша, 1771 жылы қалмақтардың Ресейден Жоңғарияға үдере көшкен уақытынан және " оған онша асық болмағанын " айтады. Сондай-ақ Я. П. Гавердовскийдің пікірінше " Сиырлар қазақтарда басқа малға қарағанда аз болған. Олар жазғы уақытта көшуге жарамсыз, сондай-ақ қыста қорек іздей алмайды "- деп сиппаттама береді [ 5, 366 б.]. Кезінде қазақтардың мал-шаруашылығы жайында Г. Броневский: " Қырғыздардың( қазақтардың-А. Қ.) бар байлығын сан мыңдаған жылқы табындары, түйе, ірі қара мал, қой-ешкі отарлары құрайды. Олардың жылқылары ірі, әрі жүйрік келеді. Түйелерінің барлығы да қос өркешті, он екі-жиырма пұт жүк көтеретін, шөлге шыдамды жануарлар. Орыс саудагерлері олардың ақбас сиырын көптеп сатып алып, Екатеринбургке, тіпті Москваға дейін әкеледі. Қойлары ірі, салмағы сексен-жүз килограмға жетеді "- деп жазады [ 6, 123-124 б.].
ХІХ ғасырдың соңында қазақтардың мал шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілгенін айтуымыз керек. Қазақ тұрмысының негізін құрайтын малды өсіру көп жағдайда атам заманындағыдай жүрді. Мал өсіру кең жайылымдарды талап етті. Көп жағдайда қазақтың малы тебінмен жайылып шығатын болған. Көшпелі мал шаруашылығының басты ерекшелігі- мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті, малды жыл он екі ай бойы жайып бағу еді. Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы көшпелілікке негізделіп, олардың сан ғасырлық тәжірибесінде жыл маусымдарына сәйкестендірілген " көші-қон ережелері " қалыптасып, бүкіл өріс аймағы маусымдық қыстау, көктеу, жайлау, күзеу жайылымдарына бөлінді [ 7, 72 б.]. Осы терминдерді енгізуде Ә. Бөкейхановтың қазақ қоғамындағы жүріп жатқан әр алуан өзгерістерді жетік меңгеріп, қазақтардың талай ғасырлық жинақталған тәжірибелерінің құпия сырларын зерделеп, ауыл шаруашылығының қазақи ұғымдарын тұнғыш рет ғылыми түсінікке енгізіп, " қыстау ", " жайлау ", " күзеу ", " шаңырақ меншігі ", " қой бөлік ", " ата бөлік " тағы басқа қазақша төл ұғымдарымызды экономикалық категорияларға жіктеді.
Әрбір ру-тайпа өзінің дәстүрлі көш жолдарын қалыптастыра отырып, көшіп-қону дәстүрін белгілі бір географиялық жер көлемі шеңберінде ұстанды. Қоныс орнын таңдау дәстүрге немесе шаруашылық мұқтаждарға ғана емес, саяси жағдайларға да байланысты болды. Өмір сүру ортасының ерекшеліктері жайылымдарды пайдалану тәсілдерін айқындап берді. Қысқы жайылымдарға ызғырық желден паналайтын ықтасын, жылуыт, күнгейлі таулы жерлер, төбе-төбе құмды адырлар немесе малды бораннан, үскірік желден қалқалайтын тоғайлы, қамысты жерлер және табиғи ықтасын жерлер таңдап алынды. Жазғы жайылымға бетегелі белестер, өзендер мен көлдердің алқаптары, ауасы салқын, шыбын шіркейі аз биік таулардың қойнаулары пайдаланылды. Көктеулік және күздеулік жайылымдар көбіне мал төлдетуге және жас төлді аяқтарынан ширатуға қолайлы жері жатық, суы мол өзендер мен көлдердің маңында қар кеш түсіп, ерте еритін жерлерге орналасты. Мал шаруашылығын кәсіп еткен қазақ халқының күнделікті тіршілігі тәжірибесінен ғасырлар бойына жалғасқан жайлауға көшу дәстүрінен жайылымның да түрлерін қалыптастырды. Малына от іздеген қазақтар үшін шөбі шүйгін, шыбыны аз жерлерді жайлаулар " атақоныстарына " айналды. Сондай-ақ бұл жайында тарихшы Ф. А. Щербина: " әрбір рудың өздеріне тән жылдық әрбір мезгілдерінде қоныстайтын жекелеу жайылымдарын " қой түлік ", қой жаятын немесе " ата түлік " қор( ресурс) ретінде бағалап, шөп қорын, әртүрлі жағдайда қажеттілік үшін сақтаған " деп жазады [ 8, 123 б.]. Осы жазбадан қазақтардың ауыл шаруашылығында қоршалған жайылым, шабындықтар, аң аулайтын жерлердің болғандығын байқай аламыз.
Мысалы, Қара Ертіс бойындағы наймандардың ерекшелігі шабындық жердегі жұмыстың науқанына байланысты жайлауға қарағанда күзеуде көбірек отырды. Шығыс Қазақстан өңірі суы мол шөбі шүйгінді болғандықтан жылқы, қой және ірі қара сияқты мал түліктерін өсіруге қолайлы болды.
Нарық қатынастарының қазақ даласында, оның ішінде, Ертіс өңірінде қарқынды дами бастауына байланысты ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап мал шаруашылығы нарыққа бет бұрды. Бұл жағдай қазақ халықының басты байлығы- малды тауарға айналдырды. Шынында мал, материалдық өндірістің басты және өлкедегі халықтың басым бөлігінің өмір сүруінің негізгі көзі болды. 1897 жылы санақ мәліметтері бойынша Ертіс өңірінде ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылыққа тән кәсіптермен тұрғындардың басым бөлігі айналысқан. Бұл көрсеткіш Семеймен көрші Ақмола облысында 87,7 %, ал Семей облысының өзінде 89,1 % құраған. Сол кезеңде осындай көрсеткіштің Ресейдің Еуропалық бөлігінде 74,9 % болғаны көрінеді [ 9, 42 б. ].
Ертіс өңірінің ауыл шаруашылығында маңызды орынды, әсіресе далалық аймақтағы мал шаруашылығы иеленді. Ауыл шаруашылығының бұл саласы өңірде басым болды. Осы салада негізгі тауар өндірушілердің 70 пайызы қазақтар болды. Мал тауарға айналды. Оның тауарға айналуына өлкедегі дамып отырған капиталистік, яғни нарық қатынастары тікелей ықпал етті. Мал шаруашылығы оның иелеріне экономикалық табыс әкеле бастады. Қазақ арасынан да бүкіл малын нарыққа негіздеп өсірген, содан үлкен пайда тапқан кәсіпкерлер шықты. Жалпы мал қарапайым қазақтарға да өздерінің бүкіл өмір қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берді( Кесте 1)
облыстар |
қой мен ешкі |
ірі қара |
жылқы |
түйе |
Ақмола |
1247683 |
363430 |
610011 |
96533 |
Семей |
1795679 |
343364 |
567552 |
55482 |
Қазақтардың тұрмысының және шаруашылығының даму барысына, біздегі қалыптасқан экономиканың дамуындағы басты фактор- көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Уәлиханов Шоқан. Көп томдық шығармалар жинағы. 4 том./ Шоқан Уәлиханов.- Алматы.- 376 б. 2. Артықбаев, Ж. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия / Ж. Артықбаев.- Астана: Фолиант, 2000.- 260б. 3. Левшин А. И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей( под общей редакцией академика М. К. Козыбаева). Алматы, " Санат ", 1996.- 656 стр.
19