Òàðèõ
пен Дулатов қатысқан " Алашорда " мәжілісінде Сталинге: кеңес өкіметін сөзсіз мойындайтынымыз, орталықтағы біздің мүддемізді Халел Досмұхамедов қорғайтыны туралы мәлімдеме жолдадық. Мен Сталинмен сөйлескеннен кейін облыстық кеңестің төрағасы Шугаев тура байланысқа шақырылды. Олардың не деп сөйлескенін білмеймін. Бұдан кейін облыстық кеңес бізге деген көзқарасын өзгертіп, тұтқындағылардың біразын босатты. Алайда құрылтайды шақыру ісін қолға алмады. Екі арадағы қатынасымыз тағы да бұзыла бастады. Қазақ қызметкерлеріне тағы да қысым көрсетіле бастады. Автономия мәселесін түбегейлі шешу үшін Семей облысы қазақтарының құрылтайын шақыру үшін рұқсат алуға мәжбүр болдық. Өкілдерді әр болысқа барып
¹ 7-8( 14) 2016
жүріп, жергілікті жерден тікелей сайладық. Құрылтай мамыр айының басында шақырылды. Автономия мәселесі және кеңес өкіметінің бұл туралы саясаты бірауыздан мақұлданды. Сонымен қатар қатаң талаптар да қойылды. Менің кеңес өкіметі туралы көзқарсым осылай қалыптасты және Сталинмен арадағы тікелей байланысымның мазмұны осындай " деген мәліметтер берген [ 6 ].
Халел Ғаббасов небәрі 43 жасында Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының " үштігінің " қаулысы бойынша " халық жауы " ретінде айыпталып, 1931 жылғы сәуірдегі шешімімен өлім жазасына кесілді. Шешім Мәскеу түрмесінде жүзеге асырылды. Ал 1988 жылы ісінде қылмыстық нышан болмағандықтан ақталды.
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Тұрсынқұл Төлеков. Ұрпаққа айтар сөзім бар // Шежіре, әңгімелер- Астана, 2003.-186 б. 2. Личное дело. ф-415. оп-2. д-125 3. Ж. Ожанова. Халел Ғаббасов // Қазақ тарихы.-2004.- № 4.-101-107-бб. 4. С. Торайғыров. 2 томдық шығармалар жинағы. 1-том.-Алматы: Ғылым, 1993. 5. Н. Шаяхметов. Халел Ғаббасов // Қазақ тарихы.-2004.- № 6.81-86 бб. 6. Т. Жұртбай. " Ұраным- Алаш ": 1-том.- Алматы: Ел-шежіре, 2008.- 193-201бб.
17