EURASIAN EDUCATION №7-8 2016 | Page 18

¹ 7-8( 14) 2016
дәрежелі диплом тапсырылады. 1915 жылы Москва университетін алтын медальмен бітіргеннен кейін, Халел Ғаббасов Петроградтағы уақ қарыз ісі серіктіктерінің Орталық басқармасында есепші болып қызмет атқарады. Семейге қайтып келген жылдары қазақ даласында үлкен қоғамдық-саяси өзгерістер басталған еді. Осы кезеңде Халел Ғаббасов қоғамдық істерге белшеше араласып, өзінің алған білімі мен қайрат-жігерін көрсетуге мүмкіндік алды. Ол кездегі Семейде де Райымжан Мәрсеков, Ахметжан Қозбағаров сияқты және т. б. қазақтың жоғын жоқтаған азаматтар да баршылық еді. Өзінің туған жеріне келген Халелдің олармен және жергілікті әр ұлттан шыққан озық ойлы азаматтармен араласуы оның тұлға ретіндегі одан арғы қалыптасуына оң ықпалын тигізді. Бұл жылдар сол кездегі қайшылықтарға толы Ресей қоғамы үшін алда болатын күрделі кезеңге негіз болды деп айтуға болады. 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс тек Ресейге ғана емес, оның отарлық аймағы қазақ жеріне де жеңіл тимегені белгілі. Соғыс орыс қоғамындағы бұрыннан қордаланып келе жатқан проблемаларды, бірінші орыс революциясы кезінде шешімін таппаған істерді қайтадан жарыққа шығарды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Ресей империалистері ұстанған саясат, биыл болғанына 100 жыл толғалы отырған Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне алып келді.
Халел Ғаббасовтың азаматтық ұстанымы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде үлкен сыннан өтті деуге болады. Осы кезде, қазақ қауымында патшаның 1916 жылғы маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ. Осындай қиын кезеңде Халел Ғаббасов Әлихан Бөкейханов бастаған либерал-демократтардың ойынан шығып, олар айтқан, жергілікті әкімшіліктер қолдаған ұсыныс бойынша, өзінің өміріне қауіпті болса да елдегі халықтың өрекпуін басу, тыңыштандыру және қара жұмысқа бәрібір барудың болатынын түсіндіру үшін ел ішіне шыққанын көреміз. Ол Семей уезіндегі патша жарлығына наразы тұрғындардың үкіметтің қарулы әскеріне жабайы қарумен қарсы тұрудың ақылға сиымсыздығына көздерін жеткізіп, өзінің азаматтық белсенділігімен оларды үлкен ойраннан аман алып шықты. Оның осы белестегі ерен еңбегі турасында С. Торайғыров мынадай баға берді: Призыв есебінен білді халық, Толқығанда тоқтатқан ақыл салып, Ығын-шығын қырғыннан өз уезін Қалды ғой ақылымен аман алып [ 4, 150б ]. Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің " Таныстыру " атты поэмасында Райымжан Мәрсеков, Мұқыш Боштаев, Анияр Молдабаев сынды елге танымал азаматтарға сын көзімен қараса да, ал Халел Ғаббасовқа оң баға беруі көп нәрсені аңғартса керек. Халел Ғаббасов алған білімі мен кәсіби қызметінің ерекшеліктерііне сәйкес әлеумет істерінде де әрекетшіл адам ретіінде көзге түсті. Оның бұл қасиетін қоғамдықсаяси қызметіндегі атқарған жұмыстары дәлелдей түседі. Мәселен, 1917 жылы ақпан революциясы нәтижесінде патша үкімтеі құлап, орнына Уақытша үкіметтің билік органдары келген уақытта, Халел Ғаббасов Семей облыстық атқару комитетіне енгізіліп, оның президиумына және Облыстық Делегаттар Жиылысының мүшелігіне сайланады. Сонымен бірге Халел Ғаббасов Семей облыстық қазақ съезін ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласты. Съезд делегаттары Халел Ғаббасовты Призидиум төрағасының орынбасары етіп сайлады [ 5, 82б ].
Сонымен қатар Халел Ғаббасов Семей облыстық қазақ комитетінің баспахнасынан " Сарыарқа " газетінің қосалқы редакторы қызметін атқарды. Бұл істе газетті шығарушы " Теңдік " серіктестігі болса, оның редакторлығы міндеттерін әріптесі Райымжан Мәрсеков, Имам
Òàðèõ
Әлімбекұлы кезектесе, бірлесе атқарады. Жалпы " Сарыарқа " газеті Алаш қозғалысының жалынды жаршысы, қазақ халқының мұң-мүддесінің айнасы болды. " Сарыарқа " газеті 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін іле-шала Семей қаласында жарық көрді. " Сарыарқа " газетіне Алаш қаламгерлерінің барлығы бірдей шоғырланды. Олар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердиев, Халел Ғаббасов, Райымжан Мәрсеков, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Дөнентаев, т. б. " Қазақ " газеті большевиктер тарапынан қыспаққа алынып, шығарушылары қуғынға ұшыраған кезде Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов саяси көзқарастарын " Сарыарқа " арқылы жеткізіп тұрды. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда өткен ІІ жалпықазақ съезіне Семей облыстық Қазақ комитетінің өкілі ретінде делегат болды. Бұл съезде Алаш автономиясы жарияланып, оның үкіметі- Алашорда құрылған соң, Халел Ғаббасов үкімет төрағасының орынбасарлығына сайлануы оның беделі мен оған артылған сенімнің деңгейі қандай дәрежеде болғанын айғақтаса қажет. Съезде Халел Ғаббасов қаржы және ұлттық милиция жасақтау бойынша комиссарларда жұмыс атқарып, баяндама жасаған. Сонымен қатар, съезд барысындағы пікірталастарға батыл араласып, автономия жариялау мәселесіне қатысты қалыптасқан екі бағыттың бірі- Әлихан Бөкейханов ұсынған бағытты қолдаған. Бұл бағыт бойынша съезде орыс халқының өкілдері болмауы себепті олардың пікірін білмейінше автономия жариялауды кідірте тұруды ұсынған. Ал Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтер бастаған автономияны дереу жариялау қажет деген ұсынысын білдіреді. Съезд өте күрделі пікірталастардан кейін бір ортақ шешімге келіп, Алаш автономиясы мен Алашорда Уақытша Ұлт Кеңесі құрылғанын жариялады.
Халел Ғаббасовтың қоғамдық-саяси белсенділігі Алашорда үкіметінің төрағасының орынбасары болған кезде арта түсті. Себебі мұндай лаузымды қызметтің салмағы мен жауапкершілігі саяси белсенділікті талап етті. Сонымен бірге оның білімі мен қайраткерлігін көре білген ұлт жетекшілері оған аса жауапты іс-шараларды жүктеді. Мәселен, Кеңес үкіметі мен Алашорда арасында телеграф арқылы 1918 жылы көктемде келіссөздер жүргізуді Халел Ғаббасовқа тапсырды. Сталинмен жүргізілген бұл келіссөздер туралы Халел Ғаббасов БМСБ тергеушілеріне берген жауабында: " Шамамен 1918 жылдың ақпанының соңында, наурыздың басында Семейде партияда жоқ жұмысшы-шаруа кеңесі құрылып, мен тең төрағалыққа сайландым. Тағы бір қазақ сайланды, оның атын ұмыттым. 1918 жылдан бастап барлық ұлттық бөлімшелер жойылды, соның ішінде қазақтарға ерекше қысым көрсетілді. Бөкейхановқа Семейге келу қауіпті еді, ол Орынбор маңында жасырынып жүрген болатын. Бұл жөнінде орталық үкіметке шағым түсірдік. Мәскеумен, Сталин жолдаспен тікелей байланысқа шығып, қазақ автономиясын құру туралы сөйлестік. Онда мен жергілікті совдептердің қысымын айта отырып, кеңес өкіметі жариялаған ұлттардың өзін өзі анықтау және басқару туралы үндеуін тездетіп жүзеге асыруды талап еттім. Ол пікірімді мен 14 баптан тұратын, негізінен қазақ мекемелерін қалпына келтіру, кеңестің құрамындағы автономия құру, қазақ қайраткерлерін түрмеден шығару туралы болды. Сталин жолдас бұл ұсынысты қолдады. Ол: автономия жариялау үшін шұғыл түрде құрылтай шақыруды ұсынды. Орынбордағы Бүкілқазақ құрылтайы кеңес өкіметінің ұлт саясатына сай келетіні, облыстық кеңеске ұлт еркіндігі мен автономия құруға дайындық жасау, тұтқындағыларды босату туралы пәрмен беретінін айтты. Қалған мәселелерді Мәскеуде жүрген Халел Досмұхамедовке тапсыруды ұсынды. Осы байланыстан кейін Бөкейханов, Омаров, Марсеков, Ермеков, Сәрсенов Биахмет, мен- Ғаббасов және Байтұрсынов
16