EURASIAN EDUCATION №7-8 2016 | Page 17

Òàðèõ ¹7-8 (14) 2016 Мақала ХХ ғасырдың басында еңбек еткен көрнекті қоғам қайраткері, Алашорда үкіметі жетекшілерінің бірі болған Халел Ғаббасовтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған. Авторлар Халел Ғаббасовтың Алаш қозғалысының тарихындағы рөлі туралы баяндайды. Статья посвящена жизни и деятельности видного обще ственного деятеля начала ХХ века, одного из лидеров правительства Алашорды Халела Габбасова. Авторы статьи повествуют о роли Халела Габбасова в истории движения Алаш. КӘРІМОВ МҰХТАРБЕК ҚАРПЫҚҰЛЫ т.ғ.к., профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының директоры ЕШЕНҒАЗИН ДУМАН СЕРІКҰЛЫ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің магистранты The article is devoted to the life and work of a promi- nent public figure of the early twentieth century, one of the leaders of the government Alashorda Khalel Gabbasov. The authors tell us about the role of Khalel Gabbasov in the history of Alash movement. ХАЛЕЛ ҒАББАСОВ - АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕРІ ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ халқын отарлық езгіден босатуды, әрі мәдениетті халықтардың қатарына қосуды арман етіп, өзіне парыз санаған қазақтың оқыған азаматтары тарих сахнасына шықты. Олардың қатарына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Шоқай, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбав, Р. Мәрсеков сияқты және т.б. саңлақтармен қатар Х. Ғаббасовта лайықты орын алатыны сөзсіз. Халел Ғаббасовтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі қиыншылықтар мен қайшылықтарға толы. Халелді қайсібіреулер қазақ емес татар дейді. Халел Ғаббасов қазақ халқының ардақты перзенті. Қазақтың ішінде арғы аталары басқа жұрттардан келіп, сіңіп, қазаққа айналғандар аз емес. Біздің халықта оларды ешуақытта өздерінен бөліп қарамайды. Анығында Халел Ғаббасовтың да арғы тегі - татар екені рас. Халел Ахмет жанұлы Ғаббасов 1928 жылы 10- қарашада Біріккен Мемлекттік Саяси Басқарма (БМСБ- ОГПУ) тергеушілеріне берген мәліметтері бойынша 1888 жылы Семей уезінің Шаған болысында дүниеге келген. Атасы Мақа қажы Қаббасұлы 1880 жылы Қазан қаласынан қоныс аударып, Арқа жері Шыңғыстауға келіп, Шаған өзені бойынан қоныс алып, мекен-жай салып, сауда жасап, жергілікті халықпен етене араласып, сіңіскен. Мақа қажыдан Ахметжан, Баязит деген екі ұлы және қыздар туған. Қазақтармен терең араласуы үшін құда-жекжат болып, қыздарын қазақ ауылына беріп, ұлдарына қазақ қыздарын әперіп, саудасын жүргізіп, байлығын өсіріп, қоралы қой, үйірлі жылқы, ақ үй тігіп, айшықты ауыл атанады [1, 62б]. Халел Ғаббасов 1898 жылы Семей қаласындағы орыс- қырғыз (қазақ) мектебіне түседі. Өзінің ерекше зеректігі, алғырлығымен орыс-қырғыз (қазақ) мектебін жақсы бітіргеннен кейін, 1901 жылы сол қаладағы ерлер гимназиясының 1 сыныбына түседі. Классикалық тілдер (латын, грек) жете оқытылатын, екі жылдық дайындық класы бар, негізгі оқу курсы сегіз жылдан тұратын осы бір білім ұясы, сол кезеңнің барлық талаптарына сай болған, Семейдегі негізгі білім ошақтарының бірі еді. Халел Ғаббасов сабақтағы үлгеріміне байланысты гимназия директорының ұсынуымен губернатор тағайындайтын қазақ балаларына берілетін стипендияны алып тұрды. Гимназияны 1909 жылы көктемде жиырма бір жасында бітіргеннен кейін, Семей уезінің Сейтен болысында оқытушылық қызмет етеді. Ол сонда 1910 жылдың күз айына дейін мұғалімдік қызметте болып, сол жылы Семей облысы губернаторының степендиаты ретінде Москва университетінің заң факультетіне түседі [2]. Осыдан-ақ біздер Халелдің сол жас кезінде бойында болған үлкен қабілетті көргендейміз. Егерде ол, өзінің оқу үлгерімімен және қоғамдық белсенді қабілетімен көзге түспесе губернатор степендиясын алар ма еді? Кейіннен ол физика- математика факультетіне ауысады. Басында біз оның екінші факультетке ауысуын, қазақ даласындағы мұғалім кадрлеріне зәрулі ктен болған шығар деп ойлағанбыз. Бірақ, зерттеуді тереңдету барысында бұл ойымыздан қайттық. Халел Ғаббасовтың бір факультеттен екінші факультетке ауысу себебін Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Жанар Ожанова, оның басқадай астары болғанын мұрағат құжаттарында сақталған Халел Ғаббасовтың өз сөзіне сілтеме жасап көрсетеді: "Переход мой на этот факультет был обусловен тем что в связи с поступлением моим на юридический факультет, я был лишен стипендии. После мне удалость узнать, что лишение меня губернатором стипендии было вызвано опасением, что на юридическом факультете я могу попасть под влияние революционных деятелей" [3, 101б]. Бұл негізсіз де емес еді. Халелге сол жылдары Жақып Ақбаевтың және т.б. революциялық көзқарастарының ықпалы болғаны байқалады. Сол себепті Семей облысы губернаторы Тройницкий егер Халел Ғаббасов заңгер болып шықса, Ж. Ақбаевтың бағытын ұстанады деп қауіптенген. Физика-математика факультетіне ауысқаннан кейін де, ол өзінің қабілетін көрсете отырып, қазақ балаларына берілетін степендияға ие болған. Осы жерде, айта кететін бір жайт, 1911 жылы көктемде студенттер шеруіне (муровшылар мен толстойшылар шеруі) қатысқаны үшін оқудан шығып қалып, 1911 жылы күзде қайтадан қабылданып, 1915 жылы физика-математика факультетін алтын медальмен бітіріп шығады. Ал 1916 жылы 30 наурызда оған 2 15