EURASIAN EDUCATION №7 2015 | Page 86

¹ 7( 7) 2015
Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз, Қайырлы күн, балалар! Балалар енді орнымызға отырайық. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем? Көктемнің қай айы? Мамыр айы. Көктемде қандай өзгерістер болады? Қар кетіп, күн жылынады, адамдар жұқа киінеді. Құстаркеледі, ағаштар бүршік жарады. 2. Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз. Өзіміз барсақ көңілсіз болады. Өзімізбен бірге достарымызды да ала кетейік. Мен сендерге жұмбақ айтам, алдымен шешуін табыңдар. Жұмбақ. Тегіс домалақ, сырты қызыңқырап домалақ боп піскен. Терезе алдына суытып қойған. Бұл не?( Бауырсақ). Қай ертегінің кейіпкері бауырсақ ертегісінің кейіпкері екен. Дұрыс айтасыңдар. Ертегі қалай басталады? Балалар: мен атадан қаштым, мен әжеден қашым деп басталады. Мұғалім: Сонымен саяхатқа бауырсақ та бірге шықты. Тақтаға сурет іледі, бауырсақ домалап, көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктен өтеді. Осылайша домалаған күйі қалың орманға келеді. Орманда оған не кездеседі? Қоян кездеседі. Бауырсақ: Сәлеметсіз бе, Қоян. Қоян: Сәлеметсіз бе, Бауырсақ, мен сені әрі қарай жібермеймін, егер менің тапсырмамды орындасаң ғана жіберемін, орындамасаң жеп қоямын.( Қоян Бауырсаққа хат береді). Мұғалім: Балалар, Бауырсаққа көмектесеміз бе? Бауырсақ, тапсырманы бірге орындайық. 3. Балалар шеңберге тұрады. 1- тапсырма. 1-4-ке дейін сана. Тура санау. 2-тапсырма. 4-1-ге дейін кері сана. Өте дұрыс. Енді ары қарай кете беруіңе болады. Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан Қасқыр шығады. Қасқыр: Бауырсақ, Бауырсақ, мен саған тапсырма беремін, жауап бермесең жеймін. Қасқыр Бауырсаққа хат береді. Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе? Мұғалім: Қасқырдың тапсырмасы мынадай: 1-тапсырма. Мына ортада не орналасқан? Дөңгелек. Оң жақ бұрышта не орналасқан? Үшбұрыш. Сол жақ бұрышта не орналасқан? Шаршы. 2-тапсырма. 1 санынан кейін қай сан тұр? Екі. 2 ден кейін қай сан тұр? Үш. 3 санының алдында қай сан тұр? Екі. 3 санының артында қай сан тұр? Төрт. Дұрыс таптыңдар, балалар, жарайсыңдар.
Ïåäàãîãèêà
Бауырсақ, енді ары қарай кете беруіңе болады.
Бауырсақ домалап келе жатса алдынан Аю шығады. Аю: Бауырсақ, мен сені ары қарай жібермеймін, тапсырмамды орындасаң ғана жіберемін. Аю Бауырсаққа хат береді. Балалар бауырсаққа көмектесіп, тапсырманы бірлесе орындайды.
1-тапсырма: қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?( төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек). 2-тапсырма: геометриялық пішіндердің түстерін ата. Үшбұрыштың түсі қандай? Сары. Төртбұрыштың түсі қандай? Көк. Дөңгелектің түсі қандай? Қызыл. Енді ары қарай кете беруіңе болады. Балалар енді Бауырсақпен бірге кішкене дем алуға болады. 4. Сергіту сәті: Тақтада гүлдердің, дөңгелектердің, таяқтардың, шеңбер үстіндегі нүктелердің суреттері болады. Қанша гүлдер бар?( 4 гүл) Сонша иілеміз. Қанша дөңгелектер бар, сонша секіреміз( 4). Қанша таяқшалар бар, сонша біздер аяқ ұшымен тұрамыз( 3). Қанша үшбұрыш, сонша қолымызды көтереміз( 2). Қанша шаршы, сонша шапалақ ұрамыз( 1). 5. Дем алып алдық. Енді саяхатымыз одан әрі жалғастырамыз. Бауырсақ домалап келе жатса, алдынан түлкі шығады. Түлкі Бауырсаққа: Бауырсақ, мен саған тапсырма беремін. Орындамасаң жеп қоямын дейді. Түлкі Бауырсаққа хат береді. Балалар тапсырманы Бауырсақпен бірлесіпорындайды.
1-тапсырма: Салыстырамыз. Сандар қай жағында көп, қай жағында аз?
2-тапсырма: 3,4 және 3,4 және 4,1 және 2,3 және 4,2 және 2. 2-тапсырма: Көбелектерді гүлдерге қондыр. Көбелек нешеу? 4-ке тең болу үшін, неше көбелек қажет? Гүл нешеу? 3-еу. Бояу үшін тағы неше гүл қажет? 6. Өте дұрыс, ақылды балалар екенсіңдер. Түлкі Бауырсақты жемей жіберуіңе тура келеді. Өйткені Бауырсақ барлық тапсырманы жақсы орындады. Сендер де оған көмектестіңдер.
7. Бүгін сендерге сабақ ұнады ма? Сабақта не істедік? Олай болса, сабақ қызықты өтті десеңдер қолдарыңдағы күнді жоғары көтеріңдер, егер ұнамады десеңдер, бұлтты жоғары көтеріңжер.
8. Сабаққа көмектескендерің үшін Бауырсақ сендерге алғысын білдіреді. Өте жақсы, барлығын білетін ақылды балалар екенсіңдер. Сабағымыз аяқталды. Қош, сау болыңдар, балалар!
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. Белогистая А. " Дошкольный возраст. Формирование первичных представлении о натуральных числах. Дошкольное воспитание ". 2002 г № 8. 2. Блехлер Ф. Н. " Счет и число в детском саду. Методическое письмо " 3. Бондаренко А. Н. " Дидактические материалы в детском саду " 4. Метлина " Математика в детском саду ", 1984
84