Ïåäàãîãèêà
¹7 (7) 2015
Берілген әдістемелік жұмыс балабақшаның кіші топтарында
математикадан өткізілетін сабақтың үлгісі ретінде ұсынылған. Әдістемелік
жұмыс мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен
әдіскерлерінің назарына ұсынылады.
Данная методическая работа представляет собой пример разработки урока
по математике для младших групп детского сада. Методическая работа
будет интересна воспитателям и методистам дошкольных учреждений
образования.
This methodological work represents an example of development of math lessons
for the younger groups of kindergarten. This methodical work will be of interest to
teachers and methodologists of preschool educational institutions.
БАЯНДИНОВА
АЙМАН
УМИТКАНОВНА
Астана қаласының
№ 64 "Асыл бөбек" тірек-
қозғалыс аппараты
бұзылған
балаларға арналған
балабақшасы
МАТЕМАТИКАНЫ
ОҚЫТУДАҒЫ МЕТОДИКАЛЫҚ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын
мәселелердің бірі балалардың қабілетін, мінезін танып
жетілдіріп сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу.
Математика сабағында балалардың осы пәнге деген
қызығушылығын арттыру, ойлау деңгейін шыңдау
ұстаздың басты міндеті. Сабақта әр түрлі тәсілдерді тиімді
пайдалану керек. Білімді меңгерту, білікті қалыптастыру
үрдісіне бақылаудың алатын орны ерекше. Бақылау-білім
біліктілігін айқындау, есепке алу, бағалау, тексеру.
Математиканы оқытуға қызықтырып тарту үшін, қолайлы
жағдай туғызу қажеттілігі, оқытуға қызықтырудың басты
міндеті. Математика сабақтарында дидактикалық ойын
элементтерін қолданып, сабақ өткізу өте пайдалы.
Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы
да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен
жарық терезе іспеттес. Ойын арқылы баланың рухани
сезімі өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы
түсінік алады. Математика ойын дегеніміз - тынысы кең,
ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял-қанат бітіретін
ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі. Ойын элементтері
танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны
практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды
үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға
болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге
асырылып, сабақ кезеңдеріне нұқсан келтірмейтіндей
ұжымдасып жатуы тиіс. Ойын барысында педагог қарым-
қатынасқа, өзара түсіністікке көп көңіл бөледі.
Математикалық ойын жүргізілетін ойынның ең қызықтысы,
ойынның қандай түрі болмасын балаларды өзіне тартады.
Мұның өзі педагог үшін өте қажетті, балаға қойылатын
сұрақтар қысқа, түсінікті болуы қажет. Балаларды
белсенділікке, тез ойлауға, қызығушылығын арттыруға
маңызы зор. Сондықтан математика сабағында ойын
элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым
сабағымыз қызықты өтер еді.
2. Ортаңғы топта төменгі кіші топта алған білімі одан әрі
жалғасып дамиды. 4-5 жастағы баланың білімі тереңдеп
дами түседі. Ортаңғы топтағы баланың зейіні тұрақсыз
болып келеді. Сабақты дұрыс меңгеру үшін
қызығушылығын арттыру керек. Ойын түрлерін,
дидактикалық ойындар, әр түрлі жаттығулар, көрнекіліктер
баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Мысалы: "осыншаны тап", "ретпен орналастыр", "көліктер",
"өз үйіңді тап" т.б. ойын түрлерін пайдалануға болады. 4-5
жастағы балалар сипап сезу арқылы заттарды ажыратып
айта алады. Балаларға қарапайым ұғымдарды түсіндіру,
бекіту, заттың санын, көлемін салыстыра білуг е, теңестіру
тәсілдерін меңгереді. Геометриялық пішіндердің
атауларын(дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және
олардың элементтері( бұрышы болатынын, қосу,алу,тең)
ұғымдарын үйренеді. Бала бір заттың құрылысына,
қасиетіне (пішінін, түсін) қарай салыстырады. Кеңістікті
бағдарлап салыстырмалы түрде ойлай алады.
Дидактикалық ойындарды оқу-іс әрекетінен тыс уақытта
ұйымдастыру баланың математикалық түсінігін кеңейтеді.
Сабақ құрылымының көлемі, мазмұны бағдарламаға сай,
балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек. Ортаңғы
топта балалар жыл соңында: 1-5 дейін, кері санауды,
геометриялық пішіндерді(үшбұрыш, дөңгелек, шаршы)
кеңістікке бағдарлауды, салыстыруды(көп,аз,тең)
өлшемдерді,уақытты бағдарлауды, көлемді меңгеру қажет.
3. Балаларды реттік есепке жаттықтыру үшін "өз
орныңа тұр" ойынын ойнатуға болады. Дидактикалық
ойындар: "қай сан қалып қойды", "көрші санды ата",
"топтастыр", "кетті-кетті орамал", "көршіңді тап" т.б.
ойындарды пайдаланған жөн. Сабақта санамақтарды,
мақалды, ертегілерді, жұмбақтарды, өлең, тақпақтарды
пайдаланамын. Сергіту сәтінен топтама жасаймын.
Балаларға дұрыс, тез санауға үйрету үшін әр түрлі
жолдарды пайдаланамын. Ойын: "қандай сан қалып
қойды", "ретімен сана", "көршілес санды тап" т.б.
ойдарды пайдаланамыз. Математикалық ұғымдарды
дамыту, санауға үйрету, шартты өлшеуіштердің
көмегімен өлшемдерін жүргізу, көзбен қабылдау,
кеңістікті бағдарлау, затты екі тең бөлікке бөлу деген
мәселелерге назар аударамын. Жаңа материалдармен
жұмыс жасаудың үш түрі бар, біріншіден, педагог
көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді.
Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, нұсқауларын
тыңдайды. Сұрақтарына жауап береді. Балаларды ойын
үрдісінде оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш, оқу
қуанышына әрі қарай ұласу үшін ары қарай жұмыс
жасаймын.
Математика.
Тақырыбы: Ойнайық та ойлайық.
Мақсаты: 4-ке дейін санауды қайталау. Сандарды тура
және кері санауға, сандар көршісін атауды,
геометриялық кеңістікті бағдарлай білуге, геометриялық
пішіндер туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін дамыту,
балалардың тілін дамыту. Білімге деген құштарлығын
арттыру.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар, сандар,
аңдардың маскасы,үйшік.
1.Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты.
Алтын сәуле таратты.
83