¹ 7( 7) 2015
мұнараларын бұзып, Мойынқұмға сіңіп кеткенін, ал қуғыншылардың оларға жете алмай кері қайтып келгенін хабарлапты. Ызаланған қалмақ ханы Шәрі қаласын өртеп, халқын қырып тастапты [ 7, 9 ].
Жергілікті тұрғындардың айтысындағы, Шәрі төңірегіне егін салған кезде көп кездесетін адам сүйектері, сол қалмақ ханы қырған адамдардікі болса керек [ 9, 80 ].
Енді жазба деректерде, аңыз- әңгімелерде аты аталған тарихи орындардарда жүргізілген археологиялық зерттеулерге тоқталатын болсақ.
Мойынқұм ауданының жерінде орналасқан Бас( Үлкен), Орта, Аяқ және Бала Ақтөбе ортағасырлық қалаларын 1948 жылы Ә. Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан экспедициясы ашып, зерттеген [ 10, 280 ].
1982- 1986 жылдарда С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясының тобы( жетекшісі М. Елеуов) Бас Ақтөбе қаласында қазба жүргізіп, оның VII-XII ғғ. кезінде өмір сүргенін анықтады [ 13, 242 ]. Осы экспедиция 1995 жылы Бас Ақтөбеден шығыста 4 км жерде орналасқан ортағасырлық Шәрі қаласының солтүстік-шығыс бұрышында қазба жүргізіп, оның жоғарғы қабатынан ашылған құрылыстардың XV ғасырдың екінші жартысында өмір сүргендігін және қаланың жаппай өрттен бұзылғанын анықтаған. Демек Шәрі қаласы жоғарыдағы аңызда айтылған Керей хан мен Жәнібек сұлтандар салған шәһар және келесі аңыздағы қалмақ ханының Сыр бойындағы қалаларға жасағалы тұрған қанды шабуылды естіген бойда Бас, Орта, және Аяқ Ақтөбелердегі күзет мұнараларын бұзып, киелі қара шаңырақ Түркістанға қарай жедел аттанған ержүрек батырлардың қаласы және қалмақ ханы өртеген қала- осы Шәрі Қазақ хандығының алғашқы ордасы болса керек "- деген болжам жасалған [ 14, 42 ]. 2015 жылғы мамыр, тамыз айларында М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің бірлескен " Ұлы көш жолымен " атты тарихи-археологиялық экспедициясы( жетекшілері А. Абдуалы, М. Елеуов) Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған Ұлы көштің жүрген бағытын анықтау, хандықтың құрылу кезеңіне қатысты аңыз- әңгімелерді жинау, тарихи орындарды, жер-су аттарын іздестіру және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан, Созақ, Жамбыл облысының Сарысу, Талас,
Êàçàê Õàíäûãûíà- 550 æûë
Мойынқұм және Шу аудандарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді [ 15 ]. Ұлы көштің жолын, жүрген бағытын анықтау үшін экспедиция аңыз-әңгімелерде, жазба деректерде аты аталған жер- су аттары мен тарихи орындарды, археологиялық ескерткіштерді кешенді түрде басшылыққа ала отырып, ортағасырлық Сығанақ қаласынан бастап Қозыбасыға дейінгі аралықты келесі бағыт бойынша жүрді: ортағасырлық Сығанақ- Сауран- Түркістан қалаларында болып, Қаратаудың теріскейіне асатын Тұрлан асуына одан шығып Шолаққорған- Құмкент- Саудакент қалаларына, одан әрі қарай ескі керуен жолының бағытымен( Ескі көш жолы) Ақкесене арқылы Ұланбел мен Тұлпарсазға жетіп, одан әрі ортағысырлық Бас Ақтөбе- Қойшыман- Шәрі қалаларына барды. Шәріден шыққан экспедиция Хан тауы арқылы Қозыбасыға, одан ары қарай Жамбыл тауын аралап, қайтадан Шәріге оралды.
Экспедиция Шәрі қаласының оңтүстік-шығыс жағындағы шаруашылық аймағында археолоиялық зерттеу жүргізіп, оның жоғарғы қабатынан ашылған ыдыс сынықтары мен тұрмыстық заттардың ХҮ-ХҮІ ғасырларға жататындығын және тұрғындардың қаланы бірден асығыс тастап кеткендігін анықтады. Демек жоғарыдағы аңыздарда айтылған Шәрі қаласына қатысты мәліметтерді тағыда дәлелдей түстік.
Барлау жұмыстары барысында экспедиция Хантаудағы Керейдің сайынан " Керейдің қыстауы " деп аталатын қыстаудың орнын тауып, зерттеу жүргізді. Қыстау Хантау темір жол бекетінен солтүстік-шығыста 14 шақырым жерде Шаянтас өзенінің сол жағасында орналасқан. Барлық құрылыстары тастан қаланған қыстаудың көлемі 56х37 м, тоғыз бөлмеден тұрады, оның сыртынан 2 м қамалмен қоршаған. Жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қыстаудың XV ғ. екінші жартысы, XIX ғасырларда өмір сүргені белгілі болды [ 15 ]. Сонымен қатар деректерде " Хан тағы " деген жердің Хан қорасы маңында және ол табиғи жардың тастары екендігі ғана айтылып келген еді [ 5, 124-125 ]. Осы экспедиция барысында Хантауда үш " Хан тағы " деген жердің бар екені белгілі болды. Оларды жергілікті халық " Үлкен хан тағы ", " Орта Хан тағы ", " Кіші( бала) хан тағы " деп атайды. Біз анықтаған " Үлкен хан тағы " Хан тауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі биік шоқылардың үстіндегі сыртқы көрінісі тақ тәрізді болып келген батысқа қарай
ХV ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақ хандығының картасы
6