Êàçàê Õàíäûãûíà- 550 æûë
оны солтүстікке қарай 30 шақырым аралықта жағалап, оның Балқаш көліне қарай жалғаса беретінін көрдік. Ордың қазіргі сақталған ені 2-4 м, тереңдігі өте шұңқыр деген жерлерде 1-2 м аспайды. Ал кейбір қыратты жерлерде ор тек жал ретінде бір жағына үйілген. Экспедиция жетекшісі профессор М. Елеуовтың бұл ор сол кездегі шекаралық белгі болса керек деген пікірі қисынға келетін тәрізді.
1980 жылы С. Жолдасбаев басқарған палеоэтнографиялық экспедиция Хан тауында орналасқан " Хан қорасы ", " Хан сатысы ", " Хан оры " және " Хан тағы " деп аталатын жерлерде болып, " Хан қорасы " мен " Хан орында " зерттеу жұмыстарын жүргізген [ 5, 41, 123; 6, 370-373 ]. Аңыз бойынша бұл жерде Жәнібек хан қыстайтын болған [ 5, 124 ]. Бұл қора қазіргі Хантаудың солтүстік шығыс жағында орналасқан. Табиғи дөңгелек қора тәрізді жартастың ортасын шаруашылыққа пайдаланғандығы көзге анық көрініп жатыр. Қораның терістік жағында жартастың ортасында кеңдігі 1,3 м, ұзындығы 25 м жартасты қақ жарып үстіне көтерілетін саты тәрізді жерді " Хан сатысы " деп атайды. Шындығында жартастың арасынан жоғары қарай көтерілетін бұл өткел сатыға өте ұқсас, оны хан қолдан жасатты ма, жоқ әлде табиғи пайда болған саты ма дәл айту қиын. Осы сатымен көтеріліп төбеге шығып, жан-жаққа көз салатын болсаң осы төңіректі түгел бақылауға болады. Қораның шығыс және оңтүстік жақтарын айналдыра табиғи жартастар қоршап жатса, батыс жағынан кішкене сай өтеді. Табанында ағып жатқан бұлақ суы бар. Осы сайдың батыс жағынан 150- 160 м жерде оңтүстіктен, яғни Шу-Іле Алатауы жағынан Солтүстікке( Балқашқа) қарай жоғарыда айтылған Хан оры өтеді. 1974 жылдардан бастап Шу, Талас өңірлері мен Қаратаудың ортағасырлық қалаларында жүргізген археологиялық зерттеулер жүргізген белгілі археолог М. Елеуов осы тарихи-географиялық аудандардағы ортағасырлық қалаларға және Қазақ хандығына қатысты бірқатар аңыз-әңгімелерді жинап, оларды ғылыми айналымға енгізген [ 6 ]. Солардың ішіндегі бір аңызда, Сырдың бойынан тышқан жылы қара күзде бір түмен елімен ауа көшкен ағайынды Керей мен Жәнібек сұлтандар қыс түсе Мойынқұмға жетіпті. Құмды қыстап шыққан қалың ел көктемде Тұлпарсазда Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлап, өздерін " қазақ " деп атапты. Керей мен Жәнібек сұлтандар Шудың бойына шәһар салдырыпты, олардың жаз жайлауы Қозыбасы, Хан тауы мен Жамбыл тауларында, ал қыстауы Шудың бойы мен Мойынқұмның құмы екен. Шудың бойында он жылдай хандық құрған Керей хан Хан тауына жерленіпті. Керей хан дүниеден қайтқанына екі жыл толғанда оның ұрпақтары мен Жәнібек сұлтан Сырға қайта көшіпті. Бұл кезде Жәнібек аты Шу мен Сырға, Арқаға белгілі әрі батыр, әрі ақылды, ел құрметіне бөлінген сұлтан екен [ 7, 7 ].
Хан қорасы
¹ 7( 7) 2015
Бұл аңыздағы Тұлпарсаз- қазіргі Шу өзені арнасының Мойынқұм мен Қарабөгет ауылдары аралығындағы өзекөзектерге тарап( ұзындығы 60 шақырым, ені 8-20 шақырымға дейін), кеңейіп кететін жері. Ал Қозыбасына келер болсақ, ол қазіргі Жамбыл облысының Мойынқұм ауданының жерінде, Мирный ауылынан 25 шақырым солтүстікте жазық жердегі жалғыз орналасқан төбе. " Қозыбасы " дейтін жер атауы жазба деректерде М. Х. Дулатидың " Тарих- и Рашиди " атты еңбегінде [ 8, 221-222 ] және Ш. Уалихановтың еңбектерінде " Қозыбасы " деген екі жердің аты аталған. " Көкетай ханның өлімі және оның асы " атты мақаладағы " Қозыбасының " орналасқан жері белгісіз деген болса [ 11, 109 ], " Ыстық көл сапарының күнделігі " мақаласындағы " Қозыбасы " Верныйдан екі күндік жерде орналасқан деп көрсеткен [ 12, 299 ]. Сонымен қатар, археолог М. Елеуовтың пікірінше Қозыбасы Балқаш көлінен оңтүстікте, Хан тауының солтүстік- батысы мен Жамбыл тауларының солтүстіктегі кең алқап пен оның ортасындағы жота " Қозыбасы " деп аталады [ 15 ].
Қозыбасы
Келесі бір аңызда, қара күзде Сырдан қопарыла көшкен қалың елді Керей хан мен Жәнібек сұлтандар Мойынқұмға бастап келіпті. Құмды қыстап, мал жаны аман қалған екі сұлтан көктемде Тұлпарсазда той жасап, бәйге шаптырыпты. Той тарқаған соң Керей мен Жәнібек сұлтан жаз жайлауы Қозыбасыға қарай көшіп бара жатқанда Бас Ақтөбеге шығады, төбе басында тұрып олар шығыста бір-бірімен іргелес жатқан екі ескі қалажұртын көріпті, сонда Жәнібек сұлтан тұрып: " Аллатағала екеумізді ажырамасын деп осы екі ескі жұртты бізге бұйыртқан шығар, қаласаңыз біріне Сіз ал екіншісіне мен қоныстанып, қала салайық "- деген екен. Сол кезде шығысқа қарап тұрған Керей хан батысқа бетін бұрып: " Уәде, бірақ біз бұл жерде ұзақ тұра алмаспыз, Аллатағала сәтін салған күні батысқа- Түркістанға жол жүруіміз керек "- депті [ 7, 8-9 ].
Тағы бір аңызда былай делінеді: ертеректе Хан тауын қалмақ ханы мекендепті, ал оның мың сан қолы Хан тауынан Жамбыл тауына дейінгі аралықта және Сексеуілді далада шоғырланыпты. Қалмақ ханы ордасында отырып-ақ Майжарылған, Қойжарылған және Жамбыл тауларында, Үлкен, Орта, Аяқ Ақтөбелерде және Ыстөбеде тұрған қарауылдары арқылы мыңбасыларынан хабар алып, оларға жарлық беріп отырады екен.
Бір жылы көктемде хан батыстағы үлкен өзен жағасындағы( Сырдария) қалаларды шабуға асығыс аттанатын болып, қолының оң қанатын Жамбыл тауының етегіндегі Жыланды бұлаққа, сол қанатын Хан тауының етегіндегі Жыланды сайға, ал орталық бөлігін Бас Ақтөбеге жиналуға жарлық беріп, түмен басыларын ордаға шақыртады. Уәделі уақытта ордаға оң және сол қанаттағы түменбасылары келеді, ал орталық бөліктегі түмен басы келмейді. Түн ортасында Бас Ақтөбеден келген түменбасы ханның аяғын құшып тұрып шәрілік қазақтардың Бас, Орта, Аяқ Ақтөбелердегі күзет
5