EURASIAN EDUCATION №7 2015 | Page 6

¹ 7 ( 7 ) 2015
Êàçàê Õàíäûãûíà - 550 æûë
Мақалада Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты тарихи оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты жинақталған деректер , аңыз-әңгімелер мен археологиялық зерттеулер нәтижесінде қол жеткізілген мәліметтерге сүйене отырып , Қазақ Хандығының құрылу тарихына талдау жасалған .
В статье освещены вопросы истории становления Казахского Ханства . Опираясь на собранные сведения , связанные с историческими событиями , географическими названиями , легенды и сказания , а также результаты археологических исследований , автор делает анализ исторических событий в период становления Казахского ханства .
СЫРЫМ ЕСЕНОВ
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі " Халық қазынасы " ғылымизерттеу институтының ғылыми қызметкері , Астана қ .
This article addresses the history of establishment of the Kazakh Khanate . Drawing on the collected data connected with historical events , geographical names , legends and folk tales , and results of archaeological researches , the author performs analysis of historical events during establishment of the Kazakh khanate .

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ : АҢЫЗ ҺӘМ ТАРИХ

Кез келген тарихи тақырыпты зерттеу барысында әрбір зерттеуші ерекше назар аударатын мәселелердің негізгі ұстыны тақырыптың деректік мәліметтері . Қандай да бір ғылыми тұжырымдардың , пікірлердің тарихи салмағы оның жан-жақтылығы мен дәлдігіне тікелей байланысты .
Бүгінгі күндері еліміздің Отан тарихы ғылымында өзекті тақырыптардың біріне айналып отырған Қазақ хандығының тарихы , оның ішінде Қазақ хандығының құрылу тарихына қатысты мәселелер ерекше орын алып отыр . Осы орайда , біз енді Қазақ хандығының құрылу тарихына байланысты жинақталған аңыз - әңгімелер , тарихи оқиғаларға қатысты жер - су атаулары мен археологиялық зерттеулер нәтижесінде қол жеткен мәліметтерге сүйене отырып , тақырыпты талдап көреміз .
Қазіргі күнде Қазақ хандығының құрылуына қатысты ой-пікір айтып , тұжырымдар білдіретін тарихшы ғалымдардың сүйенетін басты дерегі Мұхаммед Хайдар Дулатидың " Тарих-и Рашиди " еңбегі . Ондағы XY ғасырдың орта тұсындағы Шығыс Дешті Қыпшақта билік құрған Әбілқайыр хан және одан бөлініп Моғолстан аумағына қоныс аударған Керей мен Жәнібек хандар туралы , оларды Есенбұғаның қуана қарсы алып , Моғолстанның батыс жағындағы Шу мен Қозыбасы өңірінен жер беруі туралы , олардың " қазақ " атануы , қазақ сұлтандарының билік жүргізуінің басы 870 ( 1465-66 ) жылдан басталады деген мәліметтері - Қазақ хандығының құрылу тарихындағы ең басты және негізгі жазба дерек мәліметтері болып саналады [ 1 ]. Енді жоғарыда аты аталған тарихи-географиялық аймақтар мен жер-су атауларының , Қазақ хандығына тікелей немесе жанама қатысы бар , ел аузынан жинақталған мәліметтерге тоқталып , дерек ретінде қарастырып көрсек . ХІХ ғасырдан бастап осы күнге дейін бұл өңірлерде
Хан тағы жүргізілген этнографиялық , археологиялық ғылыми - зерттеулер барысында аңыз - әңгімелерді сұрастыру , тарихи орындарды іздестіру , жер-су аттарын анықтау бағытындағы жұмыстар жүргізіліп , соның нәтижесінде көптеген аңыз әңгімелер жазып алынып , жер-су аттары анықталып , археологиялық ескерткіштер есепке алынып зерттелді .
Солардың ішіндегі ең жиі айтылатыны қазіргі Жамбыл облысының Шу , Мойынқұм аудандарының жерінде орналасқан Хантау өңіріндегі тарихи жер-су аттары .
ХІХ ғ . ортасында бұл аймақта болған Ш . Ш . Уәлихановтың [ 2 ] және ХІХ ғ . аяғында , қазақ халқының жан санымен жер жағдайының экономикалық жағын есепке алу үшін отарлау саясатына байланысты есеп-қисап жүргізілген орыс деректерінде Хантау өңіріндегі " Хан қорасы ", " Хан оры ", " Хан тағына " қатысты мәліметтер кездеседі . Ш . Уәлихановтың жазған аңызы бойынша " Хан орын " қаздырған ханның аты Жәнібек болу керек деген жорамал келтіреді . Аңызға қарағанда қырғыздар өздеріне хан ету үшін ханның бір баласын беруін сұрап келген қырғыз елшілеріне Жәнібек өзінің Жошы деген баласын беріпті-міс ( алайда біз Жәнібектің Жошы деген баласы болғандығы туралы еш дерек кездестіре алмадық ). Міне сол баланы қырғыздар өздеріне хан ету үшін алып бара жатқанда бала жолда жайылып жүрген құландарға қызығып қуып бара жатқанда аттан жығылып бала қаза болады . Жәнібек хан құландарды осындай ор қаздырып қырғызыпты . Қан арығы деп аталуы содан қалған тәрізді . Ал екінші бір деректе Түркістан әуесқой археологтары қоғамының мүшесі Д . Жетпісбаевтың жазған хабарына қарағанда орды Ақсақтемір қазғызған тәрізді [ 3 , 122 ]. Ақсақтемірдің бұл аймақта жорық жасап бірнеше рет болғаны мәлім , алайда ол не үшін қазылғандығы белгісіз . Ал , көпшілікке белгілі " Ақсақ құланға " қатысты аңыздың да осы Хан орымен байланысы бар екендігі айтылады . Алайда ол аңыздағы Жошының өліміне келетін болсақ , ол Ұлытау жерінде аңда жүргенде қаза болған [ 4 , 91 ]. Сондықтанда бұл орды қаздырған Жәнібек хан деген ой беки түседі . Бірақ , құлан аулайтын ор болса мұндай орасан ұзындықтың қажеті қанша еді ! Екіншіден , ордың қазіргі сақталған кеңдігі мен тереңдігі айтарлықтай үлкен еместігін ескерсек , құландардың қанша ұзындыққа секіретіндігін нақты өлшеп көрмесек те , бұл ордан еркін аттап өте беретіндігін шамалай беруге болады . Бұл орды Жәнібек хан құлан аулау үшін қазғызды деген аңыз әзірше шындыққа жақын келмейді .
Сонымен қатар біз 2015 жылы " Ұлы көштің жолымен " атты тарихи-археологиялық экспедициясының барысында аталған ордың " Хан қорасы " тұсынан бастап
4