Ïåäàãîãèêà
түстерді көрсін , сұлу сөздер , сұлу өлеңдер жаттасын . Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын , сурет салып үйренсін . Ән салып , музыка құралдарында ойнап үйренсін . Міне , осыларды істесе , баланың сұлулық сезімдері өркендейді ".
Математикалық , оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер , заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері сабақтарында өте көптеп кездесуі - пә наралық байл аныс тар үшін қаж ет о қу материалдар ы . " Математи ка ғ ылымы - барл ық ғылымдардың патшасың деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере және ол ғылымның оқушының ойлау , ес , қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда ерекше маңызы бары н анықтай отырып , оның бейнелеу өнерімен байланысына тереңірек мән берген абзал . Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен күрделі пропорция , симметрия сияқты заңдылықтарды біліп , оларды игеру математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес .
Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көрінісінде үшбұрыш , ромб , дөңгелек , т . б . сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді . Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүниетану пәнімен тікелей байланысты . Алуан түрлі гүлдер , жеті түсті әсем кемпірқосақ , ғажайып табиғат көріністері , бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді . Ол заттарды , көріністерді көру және сезіну - дүниетанушылық және эстетикалық міндет .
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте жоғары болып келеді ,
¹ 7 ( 7 ) 2015
сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыта жүргізу шартты ретіндегі жаңа материалдардың біршама көп болуы және олардың міндетті түрде қызықты болуы - әрбір өтілетін сабақтың негізгі тірегі .
Еңбекке баулу пәнінің элементтері бейнелеу өнерінде , әсіресе ондағы тәжірибелік оқу іс-әрекетінде анық көрінеді . Сәнді бұйымдар жасау , қолөнер бұйымдарымен танысып , олардың жасалу жолдарынан мағлұматтар алу , жапсыру , мүсіндеу сияқты бейнелеу өнері сабақтарындағы эпизодтарында оқушылардың еңбектік ептіліктерінің көркемөнер және көркем-суреттік икемділіктерімен ұштасуы жүргізіледі .
Бейнелеу іс-әрекеті ойлау , байқау , талдау , есте сақтауға негізделген көру байқағыштығын , сезім мүшелерін дамытады , жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға , қоршаған ортаны тануға септігін тигізеді , еріктік сапаларды , шығармашылық қабілеттерді , көркемөнерлік талғамды тәрбиелеп , өнерді түсінуге қажетті эстетикалық сезімді ( пішіндердің , қозғалыстың , пропорцияның , түстің , түс сәйкестігінің сұлулығын көре білу ) дамытады .
Бейнелеу өнері сабақтарында таным жорықтар , өнер туралы әңгімелер , жаңылтпаш , мақал-мәтелдер , поэзиялық минуттар , көрмелер , көптеген иллюстрациялық материалдар мен ұлттық және классикалық музыка туындыларын пайдалану осы пәнді тереңірек ұғындыруға , игеріп , меңгертуге көмектеседі . Ендеше бастауыш сынып оқшыларына пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жанжақты дамыту - біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі .
ӘДЕБИЕТТЕР .
1 . Савина Н . Г . Новые технологии обучения в методическую систему . 1998 . № 2 . 2 . Пидкасистый П . И ., Хайдаров Ж . С . " Технология игры в обучении и развитии ", М . 1998 . 3 . Нұрпейісова Г . Оқыту мен дамыту бағытындағы ойын технологиясы . 2005ж . № 2 . 4 . Калмыкова З . И . Продуктивное мышление как основа обучаемости . - М ., 1985 . 5 . " Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы " Астана . 2004 ж .
41