¹ 7 ( 7 ) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақала бастауыш мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселелеріне арналған . Автор педагог ғалымдардың бұл бағыттағы жұмыстарына талдау жасай отырып , бастауыш сынып оқушыларын оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға қатысты өз пікірін білдіреді .
АХМАДИЕВА АРДАК СЕРИККАЗЫЕВНА
Семей қаласының № 47 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып пәні мұғалімі
Статья посвящена вопросам реализации межпредметных связей в начальной школе . Автор анализирует исследования ученых педагогов в этом направлении , а также представляет свое видение реализации межпредметных взаимосвязей в обучении детей младшего школьного возраста .
This article is devoted to the issues of realization of intersubject communications at elementary school . The author analyzes researches of scientific educators in that direction , and represents the vision of realization of intersubject communications in primary school-aged children teaching .
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес , ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған . Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыруда , оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті , біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор . Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді . Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың , құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де біріменбірі байланыста болады . Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп , қабілетін ояту , жаңа рухани күш беру , білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады . Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды , оқиғаларды түсіндірумен шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет .
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық , психологиялық , дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала . Педагогикалық сөздікте - жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланыс - деп аталған .
Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі - оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт .
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген . Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады . Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады . Профессор Т . Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі . 1 . Интелектік пен дағды ( оқу , жазу , есептеу , кітаппен жұмыс істеу , т . б .);
2 . Еңбекке икемділік пен дағды ( сызба , оқи білу , еңбек құралдарымен жұмыс істей білу , т . б .); 3 . Спорттық икемділік пен дағды ; 4 . Өнерге деген икемділік пен дағдылар , т . б .
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық , тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады . Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады . А . Бейсенбаева " Пәнаралық іскерлік ұғымын былай тұжырымдайды : " Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім , іскерлік , ептілік , дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана , қолдана білу қабілетін анықтайды ". Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта және жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды . Яғни , пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады .
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек . Оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай : - пәнаралық байланысты анықтау мақсаты ; - өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап , іріктеп алу ;
- байланыс бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі ; - пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары . Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға , оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады . Білім мазмұнын меңгеру , пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес . Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі . Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнін оқытуда ана тілінің алатын орны ерекше . Себебі , оқушыларда өнер туралы білімдерді , сұлулықты таныпбілу ептіліктері мен адғдыларын қалыптастыру нақты тіл , сөз арқылы әңгімелеу , түсіндіру әдістері көмегімен , әрі көрнекілік пен тәжірибелік әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады . Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімдері бейнелеу өнері сабақтарында мейлінше әдеби тілде әрі әсем сөйлеуі қажет .
Қазақ пеадгогы Жұмабаев Мағжан өзінің " Педагогика " деген еңбегінде балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазады : " Баланың маңайында сөйленетін сөздер әдепті , сұлу болуға тиісті . Баланы сұлу искусствомен терең таныстыру керек , бала неше түрлі сұлу үндерді естісін , неше түрлі сұлу түрлерді ,
40