Ïåäàãîãèêà
¹ 7 ( 7 ) 2015
Мақала ағылшын тілін коммуникативтік оқытудың артықшылықтарына арналған . Автор өз сабағында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалана отырып , оқушылардың білімді өз бетімен игеруге және күнделікті өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра алуларын дамытудың жолдарын ұсынады . Сонымен қатар , мақалада коммуникативтік оқытудың негізгі ережелері ұсынылады .
Статья посвящена вопросам коммуникативного обучения английского языка в средней школе . Автор поднимает вопросы применения правильной методики при обучении языку , с целью формирования у учащихся коммуникативных компетенций . Вместе с тем приводятся основные принципы и правила коммуникативного обучения .
КУСАЙНОВА АРАЙЛЫМ БОЛАТБЕКОВНА
Семей қаласының № 36 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі
This article is devoted to questions of communicative method of teaching English at secondary school . The author raises issues concerning application of the valid technique of teaching language for the purpose of development of pupils ' communicative competencies . In addition , the article provides basic principles and rules of communicative method of teaching .
АҒЫЛШЫН ТІЛІН КОММУНИКАТИВТІ ОҚЫТУ
Қазақстан республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартында " Шетел тілі " мамандығы бойынша бітірушілерді даярлау деңгейіне арнайы пәндер бойынша қойылатын талаптар мыналар : негізгі мектептің шетел тілі мұғалім тікелей қарым- қатынас , магниттік таспаларға жазылған сөздерді лексикалық , грамматикалық тұрғыдан дұрыс ұғынуды , тақырып бойынша өткен материалдарды , суреттер мен диафильмдерді мазмұнды түсіндіруге , мәтіндерді түсініп , қайта жаңғыртып айтуды , сөйлеу қарым - қатынасында , сөйлеу этикасының негізгі формуларын білу және дұрыс қолдана алу , сұрақтан тұратын репликалары , диалогтарды қолдана алуды , таныс қарым - қатынас тақырыбындағы жағдайларға диалог жүргізе білу , болашақ мамандықтақырыбына байланысты әңгіме құрастыру , ауызша және жазбаша формада берлген ақпараттарды дыбыстай білу , әңгіме құрастыру , өзіндік баға берілген пікірін білдіру , нақты жоспарға мәлімдеме жасау , берілген тақырыпқа баяндама жасау , шетел
тілінде дыбыстаудың артикуляция базасын , грамматикалық дамуы мен эвалюциясын түсіндіруге . Осы талаптарды және оқытудың мақасаттардың қатерге ала отырып әдістемедегі ең үздік , алдыңғы қатарлы бағыт деп біз коммуникативті бағытта айта аламыз . Коммуникативтік оқытуда білім беру - оқушының өзін ауызша және коммуникацияға тарту , яғни , оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым - қатынас қалыптастыру деген сөз . Бұл бағыт ағылшын тілін оқытуда қазіргі шыққан әдістемелік кешендерде , оқулықтарда , қосымшақұралдарда кеңінен қолданылып жүр . Осы коммуникативтік әдіс шетел тілін оқыудағы оқу - тәрбие үрдісінің барлық мақсат - міндеттерін қамтиды . Тіл ақылы сөйлесіп , үйрену , яғни дыбыстық ауыз екі сөйлесу мен графикалық код , яғни , сөйлесудің жазбаша формасын жүзеге асырады . Осы коммуникативтік оқытуда мынадай ережелерді ұстанған дұрыс деп есептейміз . Оны мына төмендегі кестеден көруге болады .
Коммуникативтік бағыт
Жағдаятты таңдау Көпжақтылығы және жаңалығы
Барлық оқушының тілдесуге қатысуы
Тілдесуге қажетті жағдайды туғызуы
Тапсырманың коммуникативтігі
Міне , осы коммуникативтік бағытты іске асыру үшін мен өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолданамын . Сын тұрғысынан ойлау , өз алдында мәселе қойып , әркез соған өз бетімен шешімін іздеу , баламалар ұсыну , өз көзқарасын қорғай білу болып табылады .
Неліктен мен бұл бағдарламаны таңдадым ? Сын тұрғысынан ойлау- ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталынған түрі , ол оқушының дамуына , соның ішінде сыни көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына , зерттеушідамуына , оның өзіндік " менің " жүзеге асыруға , оқушының шығармашылық мүмкінділігін ашуға , яғни бір сөзбен айтқанда , коммуникативті қатынасқа үйрететін бағдарлама .
35