EURASIAN EDUCATION №7 2015 | Page 38

Ïåäàãîãèêà ¹7 (7) 2015 Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда, мен оқушылардың білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жодармен ұсынатындарын, жаңа жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, олардың күнделікті өмірдегі жағдаяттармен байланыстыратындарын, бір - біріне деген сенімділіктерін мен түсінушіліктерінің дамитынын байқадым. Ал топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық, достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екенің білеміз. Өйткені, әр сабақтың соңында практикалық нәтижесі, яғни, қай оқушының материалды қалай меңгергені көрінеді. Енді сабақтарымда жиі қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейін. Мысалы, "ассоциация". Бұл оқушыларды еркін және ашық ойлауға жаттықтырады. Жұмыстың бұл түрін мен, көбінесе, өткенді еске түсіруге жаңа сабақа кіріспе кезінде пайдаланамын. Бұл әдіс маған өте маңызды, себебі, ол оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша лексикалық сөздік қорын, грамматикалық түсінігін, коммуникативті қызметін дамытады. Біз "Денсаулық" тақырыбы бойынша мынадай кластер жасадық. Оқушының біліміне, тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылар үнемі лексикалық бірліктер мен модалдық бірліктер іздестіреді, сөздердін мағыналарын ашады. Барлық оқушылар ойлау үрдісімен белсенді айналысады. Оқушылар еркін және қызығушылықпен жұмыс істейді. Сонымен қатар жаңа лексиканы енгізу барысында, мәтінмен жұмыс алдында сөздік жұмысы барысында көпшілік жа