Ýäåáèåòòàíó
бүркеншік есімдердің де бейресмиліктен ресми түрге ауысып кеткендерін жиі кездестіруге болады. Мәселен, Абылай( Әбілмансұр), Қабанбай( Ерасыл), Абай( Ибраһим), Шоқан( Мұхаммедқанафия), Ыбырай( Ибраһим), Бимұхамет( Бейімбет), Балуан Шолақ( Нұрмағамбет), Қаныш( Ғабдулғани), Ибн-Қабиден( Евней) т. б.
Қорыта айтқанда, бүркеншік есімдерді қазақ қаламгерлерінің қабылдауы оның тарихи, мәдени, рухани өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болып табылады. Қазақ қоғамында қолданылған бүркеншік есімдердің барлығы да бүгінгі таңда халқымыздың этникалық тарихына, тіл, салт-дәстүр т. б. өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұлттық антропонимиялық қорымызды қалыптастырып отыр.
¹ 7( 7) 2015
Алаш арыстарының бүркеншік есімдерді пайдалануы түрлі қоғамдық-әлеуметтік және саяси-мәдени жағдайлармен тікелей байланысты болды. Сондықтан оның себебін, ең бірінші қоғамда орын алған тарихиәлеуметтік, саяси факторлармен тікелей сабақтастықта қарастырған абзал. Жалпы бүркеншік есімді қуғынға ұшырамаудың тәсілі ретінде де, жаңалыққа еліктеушілік ретінде де, ашық сынға түсуден қашқақтаудың амалы ретінде де, көзге түсуден бойын аулақ салушылықтың тәсілі ретінде де қолдану орын алған болатын.
" Әдебиет көші өткен әр дәуірдің асқан кезеңі мен жеткен биігін өзіне тән уақыт көзімен қарап бағалар болсақ, сол тұстағы қолына қалам алған талапты жастардың көбі сол бүркеншік аттар қанатының астында түлеп, қалам қайраткерлеріне айналған екен " [ 9 ].
ӘДЕБИЕТТЕР.
1. А. В. Суперанская, А. В. Суслова. Современные руссие фамилии.-М.: Наука, 1981.-176 с. 2. С. Рахымберлина. Қазақ тіліндегі бейресми кісі есімдерінің этнолингвистикалық және танымдық сипаты // фил. ғыл. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация.-Алматы, 2009 ж. 3. Қайрат Сақ. Ұлттық сана ұйытқысы.-Алматы: Қазақ университеті. 2001,-183 б. 4. Біз білмейтін Бейімбет // Ана тілі. 2009, 19-25 қараша. 5. К. Есмағамбетов. Ұлт зиялыларының бүркеншік есімдері // Қазақ әдебиеті, 2005, 7 қаңтар. 6. Н. Мұхаметханұлы. М. Әуезовтың бүркеншік есімдері // ҚР ҒМ ҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. 1997, № 4 7. Б. Кенжебаев. Бүркеншік аттар сыры.-Алматы, 1965 ж. 8. С. Байменше. Бүркеншік есім бүккен сыр // Саясат, 2002, № 11. 9. Н. Мұхаметханұлы. М. Әуезовтың әдеби бүркеншік есімдері // Қазақ әдебиеті. 1987 жыл, 1 мамыр.
31