¹ 7( 7) 2015
Тарихшы К. Есмағамбетов Ә. Бөкейхановтың Қыр баласынан кейінгі көбірек қолданған псевдонимі V болғандығын айта келе: " Victory( Жеңіс) деген сөздің бастапқы әрпі арқылы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресінің түбінде жеңіске жететіндігін білдіргісі келген ",- деп көрсетеді [ 5 ].
Міржақып Дулатұлы болса Мадияр( руы, тегі), Арғын, Алашұлы Азамат, Таймінер, Тай, Бұйражол, Карагин М. Д. деген бүркеншік есімдерді қолданғаны мәлім.
Ал М. Әуезов Қоңыр, Жаяусал, Айғақ, Арғын, Ауыл баласы, Семинарист Әуезов деген атпен шығармаларын жариялап отырғаны мәлім. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған мақалаларын " Екеу " деген бүркеншік есіммен шығарған болатын. Атасы мен әжесінің бауырында өскен Мұхтарды тұтас ауыл " қоңыр қозы " деп еркелетіп атап кеткеніне байланысты, кейіннен дәл осы атауды өзінің бүркеншік есімі ретінде пайдаланды деген болжам айтады зерттеушілер. Ғалым Н. Мұхаметханұлы жазушының бүркеншік есімдерінің шығу тарихын былайша саралап көрсетеді: " Қоңыр- қойдай қоңыр момын халықтың ұрпағымын дегені болар. Жаяусал- ел аралап қазақ фольклорын жинап жүрген жас жігітті ұнатқан ай дидарлы арулар мен әзілқой жеңгелірінің қойған аты болса керек. Айғақ бүркеншік атының да өзіндік сыры бар. М. Әуезов ХІХ ғасырдың соңында дүниеге келіп, ХХ ғасырдың ой ауыртпалығын көтерген жазушы. Ол ескінің соңын шығарып салып, жасақталып жатқан жаңа дәуірдің қарсаңында мимырт көшпелі қазақ тірлігін өзгертуге бет бұрған зарлы заманның айғағы. М. Әуезовтың айғағы- дау-дамай, айтыс-тартысқа куәлік айғақ емес, толғақты дәуір айғағы. Арғын- орта жүздегі алты арыстың ең көбі, көрнекті көсем де, батыр да, шешен де көп шыққан. Әуезов табиғатында рушылдық індетіне шалдықпаған қайраткер " [ 6 ].
Жеке мақалаларын ғана емес, кітаптарының өзін бөгде есіммен жарыққа шығарған жазушылар бар. Мысалы, Таңқыбай деген бүркеншік есіммен жарияланған " Құқ "( 1935) фельетондар жинағының авторы Ілияс Жансүгіров болған. Кейінгі кездері талас тудырып жүрген бүркеншік есімдерге қатысты зерттеушілер әртүрлі болжам жасап келеді. Мәселен, " Арысұлы " бүркеншік есімін Ө. Әбдіманұлы, М. Әбсеметов, Р. Имаханбетовалар А. Байтұрсыновтікі деп таныса, ал С. Аққұлұлы оны Ә. Бөкейхановтікі деп біледі. " Байқаушы " бүркеншік есімін Ө. Әбдіманұлы, Б. Байғалиевтер М. Дулатовтікі емес, А. Байтұрсынұлыныкы деп таниды. " Түрік баласы " деген бүркеншік есімді кейбір зерттеушілер М. Тынышпаевтікі десе, профессор Қ. Атабаев оны М. Дулатовтікі деп көрсетеді. " Арғын " есімін М. Әбсеметов М. Дулатұлыныкы деп болжайды. Ғалым Б. Кенжебаев бүркеншік есімді қою принципін былай жіктеген болатын:
1. Бүркеншік аттардың жасау, туу жайымен байланысты немесе географиялық принцип бойынша( туған жер, ру атымен қою). 2. Криптонимдік әдіс бойынша( өз атының немесе фамилиясының бас әрпін қысқартып қою). 3. Лақап аттармен атау( дене пішіні, психологиялық ерекшелігіне байланысты) [ 7, 75 б.]
Ал зерттеуші С. Байменше қазақ қаламгерлері бүркеншік есімді қолдануда мынадай өзіндік үлгілерді орнықтырғанын атап көрсетеді: 1. Автордың туған жерін, шыққан ата-тегін, руын көрсетуі; 2. Аты-жөнінің бас әріптерін қоюы; 3. Фамилиясын емес тек атын ғана көрсетіп жазуы; 4. Қоғамдық-әлеуметтік тегін, арман-мақсатын бейнелеуі; 5. Әйелінің, баласының атын қоюы [ 8 ]. Жүсіпбек Аймауытұлы да кезінде көптеген шығармаларын бүркеншік есімдермен жариялағаны белгілі. Жазушының бүркеншік есімдерін С. Байменше
Ýäåáèåòòàíó
топтастырған үлгілер бойынша жеке-жеке талдап көрсетелік:
1. Автордың туған жерін, шыққан ата-тегін, руын көрсетуі. Ж. Аймауытовтың туған жері Қызылтау. Жазушының " Қызылтаулық " деген бүркеншік есіммен екі пьесасы сахаланған болатын(" Рабиға ", " Ескі тәртіппен бала оқыту "). Ал ата-тегіне қатысты псевдониміне " Таңашбайды " жатқызамыз. Таңашбай Жүсіпбектің бесінші атасы. Осы Таңашбай есімімен өзінен басқа тағы біреудің мақала жариялай бастағанын білген жазушы 1927 жылы " Еңбекші қазақтың " 3 наурызындағы санына қынжыла отырып ашық мақала жариялайды. Мақалада: "... мен лажсыз лақап атымның біреуін жариялағалы отырмын. Жарияламасқа амалым жоқ. Ол лақап атым Таңашбай. Бұрын " Жас қазақта ", " Лениншіл жаста ", " Ақ жолда ", " Термеде ", т. б. газет-журналдарда Таңашбай болып жазатын мен едім( не де болса Құдайға тапсырып міне айттым). Мұны айтып отырғаным жақын арада менің сол Таңашбай деген лақап атыма зорлық қылып отыр...." Ханалар тарихы " деп бір Таңашбай шыға келді. Мұны жазып отырған( Құдай ақы) мен емес. Бұл жаңадан шыққан Таңашбай. Таңашбай біздің бесінші атамыздың аты еді.... қалайда менің лақап атыма суық қол кіріп отыр. Таңашбай атамды өрге сүйрерлік менен гөрі артық тұқымы болса, оған мен несіне таласайын. Таңашбайды сол-ақ алсын ",- делінген. Жазушы Таңашбай бүркеншік есімімен " Жаңа мектеп " журналының 1929 жылғы санында " Тау қолтығында " деген аударма әңгімесін жариялаған.
2. Аты-жөнінің бас әріптерін қоюы. Жазушы өз есімі мен фамилиясының алғашқы әріптерін ғана көрсету арқылы " Ж ", " Ж. А." деген псевдонимді көп қолданған. Мәселен, 1924 жылы " Жас қазақта " жарияланған аударма өлеңі " Жас көсемдер маршалы " " Ж " бүркеншік есімімен берілген. Сонымен қатар, 1924-1928 жылдар аралығында " Еңбекші қазақ ", " Жаңа мектеп ", " Лениншіл жас ", " Жас қайрат " сынды газет-журналдарда жарыққа шыққан мақалалары " Ж " деген бүркеншік есіммен жарыққа шығып отырды. Ал 1918 жылы жарияланған " Көшу " атты өлеңін " Ж. А." бүркеншік есімімен бергені белгілі. Сондай-ақ Жүсіпбек деген есімінің алғашқы және соңғы әріптерін біріктіру арқылы " ЖК " деген және атыжөнінің басқы, ортаңғы, соңғы буындарын алып тастау арқылы жасалған ЖІК деген псевдонимді де қолданған. " Жас әскер " атты аударма өлеңі осы " ЖК " псевдонимімен жарыққа шыққан болатын.
3. Фамилиясын емес тек атын ғана көрсетіп жазуы. Жазушы көп мақалаларында Жүсіпбек немесе Исуфбек, Иусипбек деп қана көрсетіп отырған.
4. Қоғамдық-әлеуметтік тегін, арман-мақсатын бейнелеуі. Бұған жазушының " Келешек ", " Қызылбас ", " Қып-қызыл ", " Қара бақсы ", " Желкек ", " Желең " сынды бүркеншік есімдерін жатқызуға болады. 5. Әйелінің, баласының атын қоюы. Жазушының Жанақ атты баласының атын бүркеншік есім ретінде қолданғаны мәлім. 1927-1928 жылдары " Әйел теңдігі " журналына " Ақбілекті " осы Жанақ бүркеншік есімімен жариялаған болатын.
Жоғарыдағы талдауларды түйіндей келе мынадай қорытынды жасаймыз, жалпы бүркеншік аттарды пайдаланғанда қазақ қаламгерлері криптоним( есімі не фамилиясының басқы әріптері арқылы), инкогнитоним( автордың аты-жөнін толықтай жасыру), этноним( ұлтын, руын, ата-тегін көрсету), геоним( туған жерін білдіру), френоним( өміріндегі бір ерекшелікке назар аудару), титлоним( қоғамдағы орны мен атағына, айналысатын ісіне қатысты қою), полионим( бірнеше авторға ортақтық), акроним( аты-жөнінің басқы әріптерін алып арасына дауысты дыбыс қою), апоконим( аты-жөнінің басқы, ортаңғы не соңғы буынын алып тастау), ателоним( аты-жөнінің бір бөлігін түсіріп тастау) тәсілдеріне жүгінген.
Жалпы тарихқа қарап отырсақ, лақап немесе
30