Ýäåáèåòòàíó
¹ 7( 7) 2015
Мақалада қазақ жазушысы Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылығындағы псевдонимдер туралы сөз қозғалады. Оқырман назарына жазушының шығармашылық ғұмырында қолданылған псевдонимдер келтіріледі, автор әрбір бүркеншік есімнің шығу тарихына үңіліп, псевдонимдерді қолданудағы автор мақсатына талдау жасайды.
В статье освещены вопросы использования псевдонимов в творчестве казахского писателя Жусупбека Аймауытова. Автор приводит псевдонимы, использованными писателем в разные годы его творческой деятельности, анализирует историю появления каждого псевдонима, и делает выводы о мотивах использования того или иного псевдонима.
АУБАКИРОВА ҚАРЛЫҒАШ ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің PhD докторанты, Астана қаласы
This article addresses the issues of using pen-names in works of the Kazakh writer Zhusupbek Aimautuly. The author presents pen-names used by the writer in different years of his creative activity, analyzes the history of occurrence of each pen-name and draws conclusions about reasons of use of given pen-names.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫ ҚОЛДАНҒАН ПСЕВДОНИМДЕР
Псевдоним гректің " pseudos "- жалған есім, жасырын, шартты белгі деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан термин. Псевдоним( бүркеншік есім) бейресми жалқы есімдердің бір түріне жатады. Жалпы бейресми есімдер болып танылатын лақап және бүркеншік аттардың мағыналық, қолданыстық айырмашылықтары едәуір екендігін антропонимді арнайы қарастырған ғалымдар зерттеулерінде үнемі айтылып келеді. Ең басты айырмашылыққа лақап есімдердің адам бойындағы қасиеттерді бағалауынан туындауы, ал бүркеншік есімді адамның өзі таңдап, өз қалауымен қойғандығы жатқызылады [ 1, 147 б.]. Яғни лақап ат елдің телуімен пайда болса, бүркеншік есімдерді адам өзі таңдап алады екен. Лақап есімнің пайда болуының негізгі себептерінің бірі- адамның ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін не кемшілігін көрсетуді мақсат ету, аттас адамдарды ажыратудың амалы ретінде бөгде атпен атау, діни сенімдерге байланысты төл есімді ауыстыру, табу ретінде қабылданатын есімдерді атамау болып табылады.
Бейресми кісі есімдерін арнайы зерттеген С. Рахымберлина: " Бүркеншік есімнің пайда болуы елдегі тарихи жағдайларға: таптық қозғалыс, әлеуметтік-саяси күрес және әдеби цензурамен тығыз байланысты болса, лақап есімдердің саясатқа қатысы жоқ ",- деп көрсетеді [ 2, 14 б.]. Сонымен қатар, зерттеуші С. Рахымберлина бүркеншік есімдерді қолданудың ең басты себептері ретінде мыналарды атап көрсетеді: 1) қоғамда белең алған қуғын-сүргіннен жасырыну; 2) газеттің бір жолғы санында бірнеше мақала жариялау; 3) ұлттық болмысымызға тән қарапайымдылық; 4) жаңалыққа еліктеушілік; 5) шығармашылық жолдың басында туатын сенімсіздік; 6) өміріндегі не шығармашылығындағы белгілі бір кезеңмен( оқиғамен) байланысты [ 2, 34 б.]. Демек бүркеншік есімді көбінесе халықтың саяси өміріне атсалысқан қоғам қайраткерлері көп қолданған. Қазақ қоғамындағы бүркеншік есімнің жиі қолданылған кезеңі ХХ ғасырдың бастапқы мерзімі болғандығы белгілі. Кеңестік цензураның нәубетті жылдарында алаш арыстары өз жарияланымдарын, әсіресе халық санасын оятуға бағытталған мақалаларын бүркеншік есімдермен
шығаруға мәжбүр болды. Өйткені қудалау заманында ұлтына айтар түйінді ойларын халыққа жеткізіп қалудың бірден бір амалы осы " бүркеншік есім " болатын. Тіпті алаш зиялылары бір-бірімен хат-хабар алысуда да бүркеншік есімді қолданып отырғандығын зерттеушелір тілге тиек етеді: "... Міржақып Соловецк лагерінде айдауда жүргенде де Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлылармен хат-хабар жазысып, мән-жайды ұғынысып отырған. Мысалға, Әлихан Бөкейханұлын- Қыр баласы, Ахмет Байтұрсынұлын- А. Б., Халел, Жанша Досмұхаметұлдарын- Екі дос, Мұхтар Мырзаұлын- Ұзын Мұхтар деп сақтық үшін толық аты-жөнін айтпай, өзара түсінісіп отырған " [ 3 ].
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қаламгерлері бір емес, бірнеше бүркеншік есімдерді қолданғаны мәлім. Әлі күнге дейін алаш арыстары қолданған псевдонимдердің кімге тиесілі екендігі дәл анықталмай, пікір қайшылықтар орын алып келе жатқаны шындық. 1998 жылы жарық көрген " Қазақ " газетінің жинағында 109 бүркеншік есімнің кімдерге тиесілі екендігі белгісіз деп көрсетілген болатын. Ал " Түркістан уәлаяты ", " Дала уәлаяты " газеттерінде кездесетін " Дала адамы ", " Жолаушы мүсәпір ", " Көшпелі қазақ " псевдонимдерінің кімге тиесілі екендігі мүлде айқындалған жоқ.
Қазақ қаламгерлері арасында ең көп бүркеншік есім қолданған Б. Майлин. Зерттеушілер бүгінде оның нақтыланған отыздан аса бүркеншік атттары барлығын айтса, профессор Т. Бейісқұлов Б. Майлиннің 74 бүркеншік есімін анықтағаны туралы дерек келтіреді [ 4 ]. Майлиннің бүркеншік есімдері Шаңқан( өзі туған өңірдегі кішкене төбенің аты), Қарсақ( ру ішіндегі аталық), Бекет( кісі есімі), Қорғасын( қорғасын туралы жазушылардың бәрінен бұрын шығарма жазған, бүркеншік есімнің титлоним түрі, яғни бұрын жарияланған шығармасының авторы ретінде көрсетуі), Малай( байдың қоластында малайлықта болғандығын білдіретін есім), сонымен қатар Бейімбеттің Егінші, Жалшы, Кетбен, Жолаушы, Газетші, Жорналшы, Жасқаншақ, Алтай, Шоң есімдері бар, соңғы бүркеншік есімі Мереке( ортаншы ұлының аты).
Ә. Бөкейхановтың Қыр баласы, Қырұғлы, Ғалихан, Қ. Б., Е. Б., Арыс ұлы, орыс тіліндегі жарияланымдарында А. Б., Туземец, Киргиз, Киргиз-Степняк, Сын степей, Статистик, Ал. Кочевник деген бүркеншік есімдерін пайдаланған.
29