Êàçàê Õàíäûãûíà- 550 æûë
Абылай хан:
- Түнде түс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген Үш жүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уәлиден тараған ұрпағым құран оқып, Қасымнан тараған ұрпағым қанжар ұстап тұр. Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып берші, Бұқар аға? Бұқар жырау( тұнжырап біраз отырады):- Түс жору- түлкі аулаумен тең, кейде ізіне дәл түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де жорып көрейін... Абылай хан:- Сөйлеңіз, көмекей әулие... Бұқар жырау:- Қырыққа келмей табытта жатсаң- өмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң да, халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен. Ал аяқ жағыңда тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады.( Абылай хан үндемей, ойланып қалады.) Бұқар жырау:- Үндемей қалдың ғой, сұлтаным. Шешуім ұнамады ма? Абылай хан:- Бір ұрпағым атын қағазда, екінші ұрпағым атағын майданда қалдырады екен. Сонда мен өзім қайда қаламын, Бұхар аға?... Бұқар жырау:- Басыңа үш жалау босқа тігілді ме? Ісіңді ел ұнатса, үш жүздің жүрегінде қаласың! Қазақ биі " Адай "
1-оқушы: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған. 2-оқушы: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген, Халқым менің не қасірет көрмеген. Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді, " Ақтабанда " көздің жасы көлдеген. " Елім-ай " әні. Фон. " Көңіл толқыны ". Көркем сөз оқушылар: 1-оқушы: Өнерлі өлке( Күләш Ахметова) Қазақстан- арайлым, Жұлдызын жақтың талайдың. Сағынышы ең Сәкеннің, Арманысың Абайдың, Даланың сергек жанары, Аз емес берер, алары. Тарады жердің бетіне, Әуезов шығармалары.
¹ 7( 7) 2015
Тойласа тойын дүйім ел, Көркіне далам, сүйінем. Тербелсін бүгін дүние, Құрманғазы күйімен. Қаларсың ғажап мекен боп, Көрсін ел саған қатар кеп. Қалдырды жырдың жалынын, Адуын ақын Махамбет. Әлемге сазбен сыр аштың, Келешек күнге ұластың. Аққудың өзі ұйыған, " Гәккуін " тыңдап Күләштің. Қобызға қосып ботаны, Тербеген сазбен жотаны. Қазақтың жері қашаннан- Өлең мен күйдің Отаны.
2-оқушы: Сол қазақтың ұлымын( Тұманбай Молдағалиев) Менің тілім өлмейді, халқым тірі, Қазағымның сөнбейді алтын күні. Мәңгі естіліп тұрады оның даусы, Соңғы күні, жоқ оның ақырғы үні. Менің халқым- жас халық, жаңа халық, Дүниеде жүр солай бағаланып. Оның өскен өр қызы- асыл арман, Көрінеді әр ұлы маған алып. Сын сағатта қолына ту алады, Болымсызға баладай қуанады. Абай менен Жамбылды туған халық, Талай-талай даңғылды туар әлі... Сол қазақтың ұлымын ұлылығым, Жаурағанға беретін жылылығым. Басқалардай біз-дағы ардақтаймыз, Ақиқаттай Алланың тірі күнін.
3-оқушы: Үш бақытым( Мұқағали Мақатаев) Ең бірінші бақытым- Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым- Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей- кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші- Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем!... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай- ақ кел дағы от ал менен. Үш бірдей бақытым бар алақанда,( Мені мұндай бақытты жаратар ма?!) Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
1-оқушы: Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден кұт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз! Ешбір дұшпан басынбаған елміз, Басымыздан сөзді асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, Дәмі, тұзын ақтай білген елміз!
2- оқушы: Аманаты Абылайдың орындалды, Әлемге қазақ елі мойындалды. Тілі іні, дәстүрі халқымыздың, Төрінен лайықты орын алды
Ән " Жаса, Қазақстан!"
9