EURASIAN EDUCATION №7 2015 | Page 10

Êàçàê Õàíäûãûíà - 550 æûë ¹7 (7) 2015 Берілген әдістемелік жұмыс орта мектепте Қазақ Хандығының құрылуына 550 жыл толуына орайластырылған сыныптан тыс шара өткізудің жоспар үлгісі ретінде берілген. Әдістемелік жұмыс орта мектеп ұстаздарының, әдіскерлердің және педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттердің назарына ұсынылған. МУКУШЕВА ГУЛЬНАР МУХТАРОВНА АСАНОВА АЛИЯ ХАМЕТОВНА "Экономикалық лицей" ММ қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдері Данная методическая работа представляет собой разработку внеклассного мероприятия, посвященного 550-летию со дня основания Казахского Ханства. Методическая разработка будет интересна учителям средней школы, методистам и студентам педагогических специальностей. This methodological work represents the study manual of activity programme devoted to the 550 anniversary of the foundation of the Kazakh Khanate. The study manual might be useful to the secondary school teachers, meth- odologists and students in the master's programmes of pedagogics. "ҚАЗАҚ ТУЫ БИІКТЕ ЖЕЛБІРЕСІН!" ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА 550 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН СЫНЫПТАН ТЫС ШАРАНЫҢ ЖОСПАРЫ Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын насихаттаймыз. Оқушылар бойында Туған жерге, Отанға деген құрмет сезімін, тарихын, мемлекеттік тілді танып-білуге деген ынта-ықыласын оята отырып, шығармашылық дамуы мен қарым-қатынас құзыреттілігін арттырамыз. Өткізу түрі: әдеби-музыкалық композиция 1-оқушы: Уа, жарандар, жарандар! Бәрің маған қараңдар! 2-оқушы: Қазақ елінде дүбірлі той, ұлы той! 3-оқушы: Ақ түйенің қарны жарылып, ата- бабамыздың аңсаған арманы орындалған ұлы мереке! Барлығы бірге: Қазақ хандығына - 550 жыл! Ән: " Атамекен" "Көшпенділер" кинофильмінен кіріспе-үзінді. 1-оқушы: Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан ұлан-байтақ жер, құс қанаты талатын Ұлы мекен - Қазақ даласы! 2-оқушы: Дархан мінезі, ақ көңіл пейілі, ғасырлық мол рухани, мәдени мұрасымен ерекшеленетін халық - Қазақ елі! 3-оқушы: Қазақ елі елім деп еміреніп, жұртым деп жүгініп, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен халқының қамын жеген ерен ерлерін қашан да құрмет тұтқан, атағы мен даңқын асқақтатқан, есімдерін ұрпақ жадысында мәңгі жаңғыртқан. 1-оқушы: Қазақ хандығының беллді өкілі, үш жүздің басын біріктірген ұлы ханы - Абылай хан. 2-оқушы: 1771 жылы жасы кеткен Әбәлмәмбет хан дүние салды. Үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Көрініс "Абылайдың түсі" ("Көшпенділер" трилогиясынан үзінді). Сахнада Абылай хан, жанында екі нөкері бар. Абылай жаңа ғана бастаған сөзін енді жалғай беремін дегенде,сырттан дабырласқан дауыстар шықты. Дауыстар: - Бұқар жырау келді! - Ұлы жырау аттан түсіп жатыр! - Арқаның ардагерін қарсы алайық! - Қош келіпсің, Арғынның майталманы! 8 Бұқар кіреді,қасында бір топ адам. Бұқар кіріп келгенде, Абылай өзі түрегеліп оң жағынан орын береді. Бұқар жырау: - Арсыңдар ма, жақындарым! Абылай хан: - Барсың ба, Арғынның ақиығы! Бұқар жырау: - Бармын,арысым... Сен той жасағалы жатыр деген соң, ой салғалы шығып едім. Бұрын Баян мен Көкшенің арасы жақын-ақ е