EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 69

Ïåäàãîãèêà тәрбиеленушінің суретті есте сақтап, сол суретті атап, сол сөзді үш тілдегі мағынасын түсіну, ойда сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай дәрежеде орындағандығына байланысты өз жасаған жұмысын бағалату, тәрбиеленушінің өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік береді. Халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов "мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек" дегендей өзімде ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдаланамын. Озық тәжірибелермен танысып, педагогтармен тәжірибе алмасуға тырысамын. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білудің сұранысы - бізден, яғни бүгінгі педагогтың ізденісті болуынан деп есептеймін. "Ұстазынан шәкірті озар" дегендей, шәкірттің шыңдарға шығуы да, биік белестерден көрінуі де ұстаздың берер ұлағатты, тағлымды біліміне байланысты болмақ. Сол баланың ұстаздан алған білімі бойына сіңірілу үшін тәрбиесі біліммен ұштасуы қажет. Ол үшін, әрине, "Тәрбие - отбасынан басталады" демекші, балаға тәрбие отбасында берілуі қажет. Отбасындағы тәрбиемен қоса балабақша мен мектептегі білім ұштасып бала бойына сіңірілсе, ата-ана мен тәрбиеші, ұстаздардың еңбегі өз нәтижесін бермек. Осы орайда, ұлы ғұлама Әбу Наср Әл Фарабидің: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі." деген сөзі дәлел болмақ. Өйткені, отбасында ата-ананың тәрбиесін алмаған бала, қанша білім алып, білімді болдым дегенімен тәрбиесі болмағандықтан, ол баланың тәрбиесіз алынған білімі жемісін бере қоймасы анық. Мағжан Жұмабаевтың "Тәрбиедегі мақсұт адамды ?әм сол адамның ұлтын, асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі - әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын ¹6 (6) 201 5 айтқанда, тәрбиеден мақсұт адам деген атты құр жала қып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару" деген сөзі де, осы айтылғанға дәлел болмақ. Адамды адам қылып тәрбиелеу, ол адамды сұлу етіп көрсету емес, адамға тән сұлулықты айшықты етіп көрсету. Яғни, адамға тән сұлулық, ол - адамның ішкі жан дүниесіне, бойына сіңірілген адами қасиет. Ол дегеніміз - адамның бойындағы ата-ананың берген тәлім-тәрбиесі, адамгершілігі, адами құндылықтары. Осы айтылғандар баланың бойына шынайы сүйіспеншілікпен дарыған болса, бала бойына сіңірген тәрбиенің, алған білімінің ұштасуы нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізетіні белгілі. Сол себепті де, әрбір отбасы бала тәрбиесіне аса көңіл аударып, сол баласының "елінің - елеулі азаматы" болуы үшін, ең бастысы өз ана тілінде сөйлеуге машықтандырып, өз ана тілін, өз отбасын, өз Отанын сүюге тәрбиелесе, тәрбиелеу барысында "үлкенге - құрмет, кішіге - ізет" дегендей, балаларына үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуды үйретсе, баланың білім алуында осы тәлім-тәрбиелі қасиеттер септігін тигізер еді. Әрине, осы отбасы аясында алынған тәрбиенің әсері, тілдерді меңгеруде де өз септігін тигізері анық. Әрбір ата-ана өз баласының болашақта көптілді меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуіне өз үлесін қосуы тиіс. Бұл орайда, әрбір педагогтың ата- аналармен атқарар ісінің әсері зор болмақ. "Жұмыла көтерген - жүк жеңіл" деп ата-бабамыз бекер айтпаған. Яғни, ата-аналар мен педагогтар жұмыла іс атқарып, өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілетті көптілді тұлға болып, ертеңгі елдің дамуын жандандырар азамат етіп, өсіру үшін аянбай тер төксе, осы істің нәтижесі оңтайлы болары сөзсіз. Бүгінгі таңда елімізде "Көптілділік" мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Сол міндетті атқаруда мемлекеттің әрбір азаматы, әрбір қызметкері балаларымыздың болашағының жарқын болуы үшін, аянбай еңбек етуі тиіс, деп өз ойымды тұжырымдаймын. ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген), Астана, 2011 2. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасы. - Астана: ҚРБГМ, 2010 3. Қазақстан Республикасының 27.07.2007 жылғы №319 "Білім туралы" Заңы, Астана, 2015 4. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. ҚР МЖМББС 1.001, 2012. 5. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенгалиева А.Н. Шетел тілін оқыту әдістемесі. - Астана, 2007. 6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу: әдістемелік нұсқаулық. - Астана, 2013 7. Сыпченко Е.А. Инновационные педагогические технологии. Метод проектов в ДОУ.- Санкт-Петербург, 2013 67