EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 70

ЕҢБЕК САБАҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР
¹ 6( 6) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақала балалар мен жасөспірімдер бойында еңбексүйгіштік қасиет тәрбиелеу мәселесіне арналады. Автор оқушыларды еңбексүйгіштікке баулудың бірден-бір жолы- оларды орта мектептегі еңбек сабақтарында қазақтың қолөнер бұйымдарын жасауға үйрету деп есептейді.
Статья посвящена вопросу воспитания трудолюбия у детей и подростков. Автор в качестве действенного средства по воспитанию трудолюбия у учеников предлагает обучать их казахскому традиционному ремеслу на уроках труда в средней школе.
ТҰРАРОВ ҚҰРМАНТАЙ ҚҰСАЙЫНҰЛЫ Аягөз қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі
An article is devoted to questions of upbringing diligence in children and adolescents. An author offers to teach them Kazakh traditional trade on manual training in secondary school as an effective mean to upbring trade to pupils.

ЕҢБЕК САБАҒЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Біраз жыл мектепте еңбек пәнінен сабақ бере жүріп, оқушылардың бойына еңбексүйгіштік қасиет дарытуға тырыстым.
Менің сабақ беру кезіндегі қарастыратын ең өзекті мәселем- оқушының еңбекке деген ынтасын арттырып, еңбексүйгіш қабілетін оятып, эстетикалық талғамын арттыру. Осы мақсатпен кез келген сабақта оқушы еңбегінің, жасалған заттың көркемдігіне ерекше назар аудартамын.
Еліміздің егемендігін қалаған кезінен бастап еңбек пәні де заман талабына сай ұлттық қолөнермен байланысты қарастырылып келеді. Ертеректе мүлдем назардан тыс қалған халықтық қолөнер үлгілерін қазір бағдарламалық жолмен оқытып, жасатып, үйретіп жатырмыз. Барлық пән негіздері сияқты еңбек пәні де тек еңбек дағдысын қалыптастырып қоймай оқушы бойында егемендік еліміздің болашақ азаматына тән жақсы қасиеттерді дамытып, сіңіріп отырады.
Кез келген қолөнер үлгісін түсіндіріп, таныстыру кезінде оқушы танымы біршама тереңірек өз халқының өткеніне қызығушылығы арта түседі деп есептеймін.
Сабаққа көрнекілік, оқушы үшін керекті әдебиет ретінде " Шаңырақ " энциклопедиясын үнемі пайдаланып отырамын, бұдан басқа қазақ совет энциклопедиясы, " өнімді еңбек жинағы Адамкулов халық тәжірибелерінің " деген көптеген кітаптар да оқушы үшін таптырмас көмекші. Осы қолөнер үлгілерін зерттеп таныстыра отырып олардың пішіні бояуы, тұрмыста қолданатын орны, экологиялық, экономикалық пайдасы туралы әңгімелесе отырып басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіріп, халқымыздың ұлылығын дәлелдеп көрсетіп отырамын. Мысалға айтқанда: Ақ лағым арық еді, Кеше ғана сымпиған. Әжем бір күн бағып еді, Семіз болды бұлтиған- деп жұмбақтан бастап
" Ұршық " жасауды үйрету кезінде оның негізгі бөліктерінің белгілі бір геометриялық фигураларға ұқсайтындығын тапқызып сабақтың белсенділігін арттырады.
Оқушы қолмен жасалып, болған қолөнер үлгісін( ағаш қасық, ожау, тостаған, т. б.) бұйымдарды өрнектеу кезіндегі бейнелеу пәнінен алған білімін пайдаландырамын.
Қазақ халқымыз өте дарынды ел екенін біз ежелден тарихтан қазақтың қолөнерінен білеміз. Мысалға айтқанда мақал-мәтелдер, ертегі, аңыздарды сабақта пайдалана отырып оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын тудыру.
Алпамыстың зынданда жатып сырнайды қалай жасағаны, " Ақсақ құлан " аңызындағы домбыра және т. б. заттардың қалай шыққаны балаларға өте қызықты. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық( Абай) " Демесеңдер еңбек іске жұбанарлық Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуанарлық. Әуелі өнер ізделік қолдан келсе, Ең болмаса, еңбекпен мал табалық " Осы қазақ қолөнерін жасай отырып " Қолөнер " деген түрлі-түсті альбомдар жасалып, құрастырылып жатыр және оқушылардың жақсы қолөнер үлгілерін жинастырып көрме ұйымдастырып жатырмыз. Жоғары сынып оқушыларын ұйымдастыра отырып мектептегі " Атамекен " мұражайына қажетті ұлттық бұйымдарды жасап тапсырдық. Қазақ халқының өнер саласындағы тәлім-тәрбиесі, мақал- мәтелді, шеберлікке, ұстамдылыққа, жігерлікке қолдау беріп, әсерін тигізіп отырған. Мысалы: " Бай болмасаң бай болма, өнер білімге сай бол " деген т. б. көптеген мақалдар айтылуы тегін емес.
Еңбек сабағындағы балаларды ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауға баулу, ұлттық қолөнерді жандандыра түсу- қазіргі нарықтық экономика жағдайында болашаққа да, қоғамға да тиімді болар еді деп ойлаймын.
68