EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 68

¹ 6( 6) 2015 Ïåäàãîãèêà
Қазақ тілі сабақтары біздің балабақшада мүмкіндігінше мультимедиа кабинетінде өткізіледі. Мультимедиалық кабинет сабақты сапалы жаңа деңгейде өткізуге ықпал етеді. Ал оқу материалының молшылығы оны ерекше де, сенімді етіп көрсетеді. Біздің мультимедиалық кабинет, яғни қазақ тілі кабинет ActivInspire- интерактивті оқытудың электрондық бағдарламасы енгізілген. ActivInspire- жүйесінде әртүрлі тілдерді үйреніп қана қоймай, сонымен бірге бірқатар оқытуларға пайдалануға болады. Ол қазіргі білім саласында маңызды пәнаралық интеграция үшін үлкен мүмкіндікке жол ашады. Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағда йжасаймыз. Осының бәрі тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Тәрбиеленуші үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізг ілингистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Ақпараттық сабақта бұрындары болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады. Тәрбиеленушіге World, Power Point, ActivInspire т. б программаларының көмегімен жаңа тақырыптарда сабақ барысы бойынша түрлі тапсырмалар орындайды интерактивті тақта көмегімен сурет салу жұмыстарын үйренеді. Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану сабақты жан-жақты түсініп, тілді меңгеруге септігін тигізеді. Тіпті білімі төмен тәрбиеленушілердің өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Интерактивті технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ, интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыра аламыз деп есептеймін. Өз тәжірибемде қолданып жүрген интерактивті оқыту әдістерін оқыту үрдісіне пайдалану тәрбиеленушілердің мынадай:
- өзінің жеке көзқарасын қалыптастырып, оны жеткізуге, қорғай алуға;- басқа адам көзқарасын сыйлау білуге;- оқу материалдарын толық білуге;- оқу материалдарына шығармашылықпен қарауға;- ақпаратпен жеке жұмыс істей алуға;- өзінің жеке бағытын көрсете алуға;- өзінің білім мен біліктерін өмірдің түрлі ситуацияларында пайдалана алу қабілеттерін дамытады Интерактивті әдістерді қолдануда мынадай жетістіктерге жетіп жүргенімді айтқым келеді:
- сабақ барысында барлық бала қаламмен еркін жұмыс жасай алады;- өзіне қажетті түсті таңдап сурет салады;- қатесі болса, керек емес бөлікке өшіргішті таңдап өшіреді; Ал тіл блогының бірлігі оқушының сөйлеу қабілетін дамытады. Тілдерді салыстыра оқытқанда оған тірек болатын тіл- ана тілі. Барлық тілдерді оқығандағы ортақ әрекет мәтінді түсініп, тыңдап айтып беру, өзі білетін сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру. Осы жағдайда тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының орны ерекше. Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ерекшелігі және артықшылығы:
- Үйрету кезеңдерінде табиғи тілдік ортаны қалыптастыру;
- Үйретуде көрнекіліктің дидактикалық принциптерін жүзеге асыру;- Оқушылардың барлығын бірдей қамтамасыз ету;- Оқушылардың мүмкіншілігін жоғары деңгейде пайдалану;- Ауызекі сөйлеуге дағдыландыратын сөйлеудің қызметін жүзеге асыру.
Тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады. Тыңдаусөйлеу-оқу-жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау( тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. Тыңдаптүсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түріаудиоқұралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т. б. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады:
- біріншіден, қажетті ақпаратты күшті, әсерлілікпен жеткізеді;
- екіншіден тәрбиеленушінің бақылаушылығымен талдау дағдыларын жетілдіреді;
- үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін баланың тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Балада таспада не естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туындайды. Таспадан тыңдалған мәтінбойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені бала сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнінді түсінуге тырысады. Видео сабақтарды оқу материалына тиімді енгізусабақтың сапасын арттырады. Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:- есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әртүрлі жолдарында тәрбиеленушінің түсінігіне жанжақты мүмкіндік беру;
- тәрбиеленушінің дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру видео сабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады;
- тәрбиеленушінің қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру. Тек видео көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажетететін негіздер:
-видео көріністер баланың жасына, қабылдауына қарайсұратылуы керек;
-видео көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт. Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты.
- Оның бірі- жеке дыбыстарды дұрыс айта білу, яғни, сөз тіркестерін дұрыс оқуы.
- Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды қазақ тіліне тән дыбыстарды( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң, қ, ғ, һ) дұрыс айту, қазақша дұрыс сөйлеу. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік интерактивті ойындардың да тигізер пайдасы бар. Компьютерлік интерактивті ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сиппаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір тәрбиеленушінің білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы бар. Өз жұмысында компьютерді қолданған өзінің өткізетін сабағыңның сапасын арттырып, баланың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткізуге болады.
Бұл жағдайда қазақ тілі мұғалімінің міндеті- тәрбиеленушілерге әртүрлі жаттығуларды орындатуда интерактивті тақтаның көмегінің мүмкіндігін көрсету, өз бетімен интерактиквті тақтаның қаламын қолдануды және белгілі бір үлгідегі жаттығулар жиынтығын игеруде арнаулы қолданбалы қаламды пайдалануды үйрету болып табылады. Сол сияқты қазақ тілін меңгеру барысында білімнің аса маңыздылығын, ал интерактивті тақта тек қолдану барысындағы көрнекі құрал екенін тәрбиеленушілер санасына жеткізе білу басты мақсаттың бірі болуы қажет.
Тәрбиеленушінің тез есте сақтау, сөйлемді ойда сақтау дағдысын қалыптастыру үшін мынадай жұмыс түрлерін пайдаланамын. Интерактивті тақта экранына бір сурет қойылып, ол сурет белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда қандай сурет көрсетілгенін есте сақтап, қатесіз интерактивті тақтадағы бағдарламаның көмегімен экран бетіне енгізсе, онда баланың ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе, ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар
66