Ïåäàãîãèêà
Қазақстан әлемдік деңгейге шығуда, қарыштап дамуда және даму жолында алдына үлкен мақсаттар қойып отыр.
Әлем барынша түрленуде және көптілділенуде, осындай ортаға әрине, балалар түседі, яғни, бір тіл емес, көп тіл қолданылатын ортаға. Сол себепті де, балаларымыздың болашағы жарқын болу үшін, қолымыздан келгеннен аянбауымыз тиіс. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқытутәрбиелеу ісіне қазіргі заманғы жаңаша оқыту әдістерін енгізе отырып, баланы көптілді тұлға етіп дамытуда, көптілді үйренуі мектепте де оңтайлы жалғасын тауып, университет пен колледждерде де одан әрі дамытылып отырса, өз кезегінде, көптілді тұлға болып, қалыптасқан өсекелең ұрпақ, еліміздің дамуына да орасан зор ықпал етпек. Үштілді оқыту- балабақшадан бастап, ЖОО-на дейін күнделікті қолданысқа енгізілсе, қазақстандық өскелең жас ұрпақтың жоғарғы деңгейлі, алдыңғы қатарлы жетістіктер мен ғылыми және техникалық тенденцияларды жетік меңгеруіне, қандайда бір қоғамда тез әлеуметтік қатынасқа түсе алатыны сөзсіз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының күтілетін нәтижесі, балаларды мектепке даярлауда, екі қағида қатаң ұсталады: ол- оқу-жазуға дайындау, мектепке даярлық жасау. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының: " Денсаулық ", " Қатынас ", " Әлеумет ", " Таным ", " Шығармашылық " әрбір салалары жан-жақты мәдениеттілік аясында құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Негізі, " Қатынас " білім беру саласының мақсаты: мектепке дейінгі жастағы баланы көптілді тұлға ретінде қалыптастыру, базалық тілдік құндылықтарды меңгерту, айналасындағы қоғаммен өз ана тілінде және өзге тілде әлеуметтік-мәдениетті қатынасқа түсуге дайындау болып табылмақ. Стандарт бойынша, 6 жастағы баланың тілдік құзыреттілігі лексико-грамматикалық тұрғысы және фонетикалық деңгейі өз жасына сай тілді еркін меңгерумен қорытындыланады.
Әрбір халықтың өз жеткіншектерін тәрбиелеуде өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады. Бүгінгі күннің міндеті- тәрбиелеу бағытында осы халықтық дәстүрлерді кеңінен қолдану болмақ. Қазақстандықтар үшін, білім берудің ұлттық мақсаты болып, бірнеше кең базалық құзыреттіліктер болмақ, олар:- үштілділік- евразиялық көптілділік- коммуникативтілік- жылдамдылық сияқтылар, Қазақстан Республикасының этномәдениетті білім беруі болып табылады.
Осындай жобаны іске асыруда орасан зор іс атқарушы балабақшалардың бірі-біздің балабақша. Астана қаласы № 27 " Балауса " балабақшасы, балабақшамыз осы істі іске асыру жолында тәрбие-оқыту істеріне үштілділікті енгізуде. Балабақшадағы әрбір ұйымдастырылған оқутәрбие істері үш тілде өтеді. Яғни, балабақшадағы әрбір мерекелік кештер, танымдық тәрбие сабақтар және сонымен қатар, сабақ барысында да, күнделікті қолданыстағы сөздерде де үш тілді енгізіп келеміз. Олай дейтін себебім, мен сол балабақшаның қазақ тілі маманы ретінде сабақ барысында балалармен жаңа өтілген тақырыптағы меңгерілген жаңа сөздерді толық меңгертуде, сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер қолданамын. Мәселен, өтілген жаңа сөзді қайталатып, сол сөздің орыс тіліндегі аудармасын және ағылшын тіліндегі аудармасын айтқызамын. Осыған қатысты ойын түрі- ол, " Полиглот " ойыны. Ойынның шарты: балаларға түрлі суреттер немесе жаңа меңгерілген сөзге қатысты сурет көрсетілу арқылы балалармен жаңа сөздер қайталанып, сол сөздің орысша, ағылшынша аудармалары айтылады. Бұл ойын жиі ойналған сайын балалар
¹ 6( 6) 2015
суретсіз-ақ айтылған сөздің аудармасын, ойын шарты түсіндірілмей-ақ айтып беріп отырады. Балалардың бұл сөздердің үштілдегі нұсқасы ойларында қалу үшін, балалардың барлық қызметтері барысында, яғни оқутәрбие ісінде, ойын барысында, барлық ұйымдастырылған істерде қолдауын тауып отырса, әрине баланың есінде сақталады. Сол себепті біздің балабақша ішінде тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған үштілді сөздік жинақ жасалып, топ тәрбиешілері мен ата-аналарға таратылды. Сондықтан да жаңа сөзді бала тек балабақшада ғана қайталамайды, сонымен қатар ата-анамен бірге үйде де, тұрмыстық жағдайда да қайталап отырады.
Үш тілді оқыту оқу іс-әрекетінде ҚР Білім және Ғылым Министрлігі ұсынған бес кітаптан тұратын " Үш тілдің патшалығы " сериясы(" Шикула и К " 2006Ж.) аясында өткізіледі, ал ағылшын тілі " Кids box " Pupils book Caroline Nixon & Michael Tomlinson Cambridge University Press 2008ж. сериясы әдебиеттері және аудио-видео таспалары қолданылады. Сонымен қатар балабақшамызда ақпараттық коммуникативті техниканың түрлері: интерактивті тақта, сиқырлы қалам, халық даналығы жинағы қолданылады. Тілдерді үйретудің негізгі мақсаттары:
- Балалардың оқып жатқан шет тілінің, елінің мәдениет әлеміне енгізу, оны туған мәдениетімен байланыстырып салыстыру;
- Шет тіліне деген қызығушылық, ол тілде сөйлеуге ынта таныту;
- Ойлауды, зейінді, қабылдауды, ойды, сезімді, бейнелеуді және танымдық, тілдік қабілеттіліктерді дамыту. Тіл үйретудің практикалық міндеттеріне, қатынас құралдары жатады( сөйлеу, лексика, грамматика), және бірнеші тілдік іс-әрекет( аудиотыңдау және қайталау, монологтік және диалог түріндегі сөйлеу).
Үш тілде сөйлеудің мотивациясын тудыру үшін, жақсы сезімдерді және осы тілде сөйлеуге ынта тудыратын барлық факторлар қолданылады:- Ашық түстегі заттық және бейнелік көрнекілік;- Ойындық жағдайлар;- Жаңашылдықтар;- Танымдық қызығушылық;- Музыкалық және ритмикалық қимыл қозғалыстар;- Әр түрдегі марапаттау. Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. " Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңабілімберуөтеқажет " деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электрондыоқытуәдістәсілдерін балабақша өміріне енгізу-жаңа білім берудің бірден-бір шарты. Бұл, біржағынан, оқу-ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұнымен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.
Әр педагог күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс-тәсілдермен баланың білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі-ақпарттық технология. Ақпараттық технология-ақпараттарды жинау, сақтау және өндеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістермен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қолжетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әртүрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тезарада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазіргі таңда оқытудың техникалық құралдары үшін қолданылатын құралдар көп. Тек тиістісін таңдай біліп, орнымен қолдана білген жөн.
65