¹ 6( 6) 2015
мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның " сегіз қырлы, бір сырлы " тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез-келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі " өмір заңдылықтарында " және " нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін " қажет болмақ.
Бұл халықаралық тұрғыда бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып есептеледі, яғни өзін өркениетті және тарихи субъект ретінде тани алатын, даму кезінде өз елінің және адамзат тарихын қабылдай алатын, өзі үшін, халқы үшін, мемелекеті үшін, адамзат болашағы үшін жауапкершілік жүгін сезінетін, өзара тәуелділік пен әлем бүтіндігіне, адамзат өркениетінің ғаламдық мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете түсінетін, адамның азаматтық құқықтарын( мәдениет және тілдік құқықтарын қоса) мойындайтын және саяси бостандыққа ұмтылатын, қоғамдағы гуманизм идеалын жасау үшін басқа адамдармен, қозғалыстармен, қоғамдық институттармен қызмет атқаруға дайындығы мен қабілеттілігін көрсете білетін және де қоғам, адам және табиғат арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын ұқыпты да, тиянақты, білікті маман мен адамды дайындау осы заман оқытушылары мен ұстаздардың алдына қойылатын үлкен заман талабы деп білуіміз керек.
Бүгінгі таңда елімізде " Көптілділік " мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділік мәселесі- Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерін білуді талап етеді.
Елбасымыз өз Жолдауында басты жеті мақсаттың бірі ретінде "... біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз..."- деген болатын.
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралы ойды Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді. Ал 2007 жылғы " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан " деп аталған халыққа Жолдауында Елбасы " Тілдердің үштұғырлылығы "- " Триединство языков " мәдени жобасының жүзеге асырылу кезеңдерін айқындады. 2008 жылдың ақпанындағы кезекті Қазақстан халқына Жолдауында да: " Үкімет " Тілдердің үштұғырлығы " мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді ",- деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында: " Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет "-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгерузаман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі.
Н. Ә. Назарбаев тіл саясатында мемлекеттік тіл туралы былай деп атап көрсетті: " Қазақстан азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуге және оны оқып- үйренуге, білуге тиіс. Бұл орайда, бұл тіл ел халқының басым көпшілігінің туған тілі екенін және болашақта оның
Ïåäàãîãèêà
мемлекеттік тіл ретінде басым болатынын ескеру орынды "
Мемлекет басшысы ұсынған 2007 жылғы " Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан " атты халыққа жолдауында " Тілдердің үштұғырлылығы " атты мәдени жобасы кезеңкезеңмен іске асырылуда. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Яғни, идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі- ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Айта кетелік, үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда бол-ған жоқ, ол- өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, " ақылды " экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол- ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай заманда болмасын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл- елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз...
Болашақ ұрпақтың үштілді жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті, қай елде болсын өзін еркін сезініп, еркін қарымқатынаста бола алатын, көптілді тұлға ретінде қалыптастыруды, Елбасы Үкімет тарапына: " болашақ ұрпақты көптілді тұлға ретінде қалыптастыру балабақшадан бастау алып, жүйелі түрде оқу-тәрбие ісіне енгізілуі тиіс " деп, Назарбаев Университеті қабырғасында өткен кезекті жиылысында тапсырған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке берген өз тапсырмасында, " Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдарда, білім беру жүйесі мен үш тілді меңгертуді дамытуда мынадай міндеттерді алға қояды:
Біріншіден, халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелер негізінде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқыту-тәрбиелеу ісіне қазіргі заманғы жаңаша оқыту әдістерін енгізу, олар жаңаша, инновациялы, жаһандандырылған жаңа әдіс-тәсілдер болуы тиіс;
Екіншіден, балалардың қабылдауына ыңғайлы болатындай етіп, мектепке дейінгі білім беру салаларының әрбіріне қатысты жүйелі ұсыным дайындау.
Үшіншіден, мектепке дейінгі білім деңгейіне сай, үштілділікті күнделікті қолданысқа енгізуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар, тілдерді үйренудің ойлау жүйесін құруымыз қажет. Тілдерді үйренудің бастамасы- балабақша деңгейінде басталса, мектепте базалық деңгей жалғасын тауып, университет пен колледждер де мамандық бойынша кәсіби тіл ретінде дамуы тиіс." деп, баса тұжырымдаған болатын. Осы Елбасының тапсырысы аясында балабақша тәрбиешілері мен педагогтары, меңгерушілері мен әдіскерлері, сонымен қатар мектептердің ұстаздар қауымы үштілді дамыту бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін жетілдіруде.
64