EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 65

ЕРТЕ ЖАСТА ТІЛДЕРДІ ҮЙРЕТУ КӨПТІЛДІЛІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ
Ïåäàãîãèêà ¹ 6( 6) 2015
ЖАҚСЫЛЫҚОВА БАЯН БЕКМУРАТОВНА
Астана қаласының № 27 " Балауса " балабақшасының қазақ тілі мұғалімі
Мақалада Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі мекемелеріндегі көптілділікті енгізу мәселесінің бүгінгі жай--күйі талданған. Сонымен қатар, мектепке дейінгі оқыту мекемелерінде ағылшын тілін оқытуда қолданатын негізгі баспалар және өзге де тиімді әдістемелік материалдар жайында сөз қозғалады. Балабақша жасындағы балаларға шет тілдерін үйретудің ерекшеліктері жөнінде мәліметтер берілген.
Статья посвящена нынешнему положению полиязычия в дошкольных учреждениях Республики Казахстан. Наряду с этим автор рассматривает наиболее эффективные методические материалы и основные издания, используемые в преподавании английского языка в дошкольных учреждениях, а также описывает особенности обучения иностранному языку детей дошкольного возраста.
The article is devoted to the current situation of polylinguism in the pre-school institutions of the Republic of Kazakhstan. In addition, the author examines the most effective teaching materials and the basic editions, used in English language teaching at pre-school institutions, along with this the author describes the features of teaching pre-school children to a foreign language.

ЕРТЕ ЖАСТА ТІЛДЕРДІ ҮЙРЕТУ КӨПТІЛДІЛІК ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

Білім беру " Қазақстан- 2030 " ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтікэкономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Білім беру саласын әрине, ерте жастан дамытқан дұрыс деп есептеліп, қазіргі таңда білім беру жүйесі балабақшадан бастау алып отыр. Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр. Білім беру, білім алу бәрі тілге келіп тірелетіні айдан анық. Сол себепті де, баланың тілін дамыту балабақшадан басталуда...
Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, " Өнер алды?? қызыл тiл " деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Әдетте тіл жөнінде, тіл?? адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.
Бір азаматтың өз ана тіліне қанық болуы шарт, астында өзге бір ұлттың тілін жеттік игеріп, сол ұлт азаматтарымен ойдағыдай тіл табыса білуін үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін игерген адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, күллі мәдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға ілгерлеп, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерісшең өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін, қос тілді болып қана қалмай, қайта көп тілді болуы төтенше қажеттілікке айналуда. Бұлай істеу әр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді болу әр адамды " кең өріске, тың өмірге бастайтын жол "
деп есептелмек. Кезінде халқымыздың " Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл " деген аталы сөзі дәл бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Тарихи деректерге жүгінсек, осыдан 12 ғасырдың алдында жасаған энциклопедик ғалым, әлемде Аристотелден кейін екінші аға ұстаз аталған ұлы ғұлама Әбу Наср Әл- Фараби бабамыз өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік білгендіктен, артына мәңгі өшпес мол рухани құнды мұра қалдырып кеткендігі анық. Көп тілді меңгерген адам әуелі өз тілінде ой қортып, туған халқына өнеге болып, өзге жұртпен бәсекеде ырықты орынды иеленіп, сан мәдениетті санасына салып сараптай алса, онда ол өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері қақ.
Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ … көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм- нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның( индивидумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үштілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты болмақ.
" Жаңа онжылдық- жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері " атты Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы- білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту үшін білім мазмұнын түбегейлі жаңғырта отырып, білім саласында кезек күттірмей тұрған мәселелерді шешуге бағытталған. " Қазақстан әлемде тұрғындары үш тілді қатар қолданатын, яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі-халықаралық тіл ретінде, ағылшын тілі- әлемдік экономиканың жетістікті интеграциясы ретінде, жоғары білімді елдер қатарында қабылдануы тиіс "- деген болатын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев.
Көптілді білім- көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту- жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту- заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті,
63