EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 64

¹ 6( 6) 2015
қазынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған " Евгений Онегин " деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: " Онегиннің сипаты," " Татьянаның Онегинге жазған хаты," " Онегиннің Татъянаға жауабы," " Онегин сөзі," " Онегиннің Татьянаға жазған хаты," " Татьянаның сөзі," " Ленскийдің сөзінен " және " Онегиннің өлердегі сөзі "- деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған. Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер " Евгений Онегинді " толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына " Ләйлі Мәжнүннен " бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай " Евгений Онегиннен " үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол " Татьяна сөзін " " Тәңірі қосқан жар едің сен ", деп бастайды. Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да
Ïåäàãîãèêà
айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауызданауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі- олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Сөзімді қорыта келгенде Абайдың күллі шығармасы мен дүниетанымының өн бойында өрнектің арқауындай болып жарыса жүріп отыратын басты идея- бұл халыққа білім беру. Абай жұрт алдына білімін салғанда, басқалар малын салған … " Білімнен мал болушы ма еді?-деп Абай жұрттың онысына таласқан ",- деп жазуы оның осы білімді адамшылық қасиеттің басы деп, сол жолға бүкіл өмірін сарп қылғандығын танудың дәлелі. Ақынның білімді елге кеңінен таратып, надандықпен рухани тозғандықпен күресуі оның әлеуметтік бағасы болғаны сөзсіз, бірақ, біздің ойымызша, ұлы ойшылдың тек қана ағарту ісінің шеңберімен шектелмегендігі хақ. Өйткені, ол ең алдымен, тек қана ағартушы емес, бірнеше ғасыр бойы туған халқының дүниеге келтірген жан сүйсіндірер жақсы қасиеттерін, менталитетін, рухани болмысын, руханилықты бойына жинақтай отырып, соны ел мен жер бірлігі, тіл, казак, кең байтақ территория тұтастығы үшін пайдаланған әлемдік деңгейдегі іргелі ой иесі, ұлы философ болатын.
Біздер, оқытушылар, осы ұлы Абайдың мұрасын үнемі есімізде сақтап, жас ұрпақты тәрбиелеудеміз. Абайдың мұрасы- мәңгілік!
ӘДЕБИЕТТЕР Абай Құнанбайұлы. 2 томдық шығармалар жинағы. Алматы, 2008
62