АБАЙ МҰРАСЫ- АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ
Ïåäàãîãèêà ¹ 6( 6) 2015
ОСПАНОВА МАРЖАН ТӨЛЕШҚЫЗЫ
Аягөз қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Мақала қазақтың ұлы ағартушы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен оны орта мектепте оқушыларға тәрбие беру ісінде пайдалану мәселелеріне арналған. Мақала орта мектеп ұстаздары мен әдіскерлеріне, сондай-ақ педагогика мамандықтарының студенттеріне арналған.
Статья посвящена творчеству великого казахского поэтапросветителя Абая Кунанбаева и использованию его произведений в воспитательном процессе средней школы. Статья будет интересна учителям и методистам средних школ, а также студентам педагогических специальностей.
An article is devoted to works of the great Kazakh poet Abai Kunanbayev and usage of his works in educational process of secondary school. The article will be interesting for teachers, secondary school ' s methodologists and students of pedagogical specialties as well.
АБАЙ МҰРАСЫ- АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ
" Абай мұрасы- қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бірге жасайды. Ғасырлар бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді ",- деп Н. Назарбаев айтқандай, Абай мұрасы біз үшін мәңгілік.
Бүгінгі уақытта Абайдың кім екенін сұрасақ, әр адам: " Абай- дана ақын, өз заманының озық ойлы демократы, тіл ағартушысы, терең ойшыл, қоғам қайраткері, көрнекті ақын, сөз өнеріне өз үлесін қосқан талантты сазгер, артына татымды ән мен ойлы күй қалдырған асқан өнер иесі ",- деп айта алады. Биылғы 2015-шы жылы- Абайдың 170 жылдығы. Сондықтан әр оқу орнында, кітапханаларда, мәдени орталықтарда көптеген шаралар өткізілуде. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық, білімсіздік, ашкөздік, өтірікші, өсекші, мақтаншақтық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол өз дәуірінің өмір шындығын, рухани болмысын танып біліп, өлеңде, қара сөзде өрнектеген ақын. Ұлы Абай- ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы.
Абай мұралары адамгершілікке, парасаттылыққа шақырады. Ол өз халқын ғана емес, бәрін де білім- ғылымға үндеген ұлы тұлға. Сен де- бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі- өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі- ғақлия( немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі- өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінезбітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік- шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын " Масғұт " және " Ескендір " деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді.
Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген " кемшіліктерді " себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі- қара сөздері. Абайдың қара сөздері( Ғақлия)- ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Абайдың " Жетінші сөзінде " ұшырасатын " жанның тамағы " деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:
"... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,"
- деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл " Жетінші сөзде " көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр. Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен " Ғылым таппай мақтанба " т. б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол " жанның тамағы туралы " ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, " адам болу " үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы: " Адам болам десеңіз... Бес нәрседен қашық бол..., Бес нәрсеге асық бол,"- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани
61