EURASIAN EDUCATION №6 2017 | Page 55

Ïåäàãîãèêà
¹ 6( 6) 2015
қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған. Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойыныннан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.
" Тоғызқұмалақ " үйірмесін ұйымдастыру үлгісі Үйірме жұмысының мақсаты: Қазақ халқының атадан- балаға мұра болып келе жатқан, ақыл- ой мен зияткерлік ойыны- тоғызқұмалақты насихаттау. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл- ойының дамуына ықпал ете отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке тұлғаның шығармашылыққ дамуына ықпал ету. Үйірме жұмысының міндеттері:- Жеке тұлғаның өзін- өзі іс жүзінде көрсету;- Балалардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы математикалық есептерді шешуге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігіне қалыптастыру;- Оқушылардың ақыл-ойын дамыту;- Оқушылардың қызығушылығын арттыру;- Оқушыларды ойдан ойға жетелеу; Күтілетін нәтиже:- Оқушылардың ұлттық сана- сезім деңгейі өседі;- Оқушылардың қабілеті жоғарлайды;- Оқушыларда ойын дағдылары қалыптасады;
Үйірменің жұмыс жоспары:
Мазмұны
мерзімі
ескертпелер
1.
Үйірменің ашылуы, презентациясы.
2.
Қазақстандағы спорттың дамуы. Ұлттық спорт ойындары
3.
Шығыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақ жайлы деректер
4.
Тоғызқұмалақ ойынының ережесі
5.
Тоғызқұмалақ терминдері
6.
Жүрістер, тастарды ұту, ұтыс, тең ойын, тұздық, атсырау және басқа жағдайлар
7.
Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы. Әртүрлі тақталар: пластмас, ағаш, көне, магниттік және т. б
8.
Жоспарлы ойын. Оң қанатпен жүру, ашық « жұп » және жабық « тақ »
9.
Отаулар туралы түсінік. Шабуыл және қорғаныс. Тастарды тарату.
10.
Жүрістерді есептеу жолдары. Тура және кері математикалық есеп.
11.
Ойын негіздері. Бастамалар, шабуыл, қорғаныс, тұздық алу.
12.
Ойын ортасы. Байлықтарды тарату, айырбас, байлау, тас асыру.
13.
Шеткі( 1,2 және 8) және орта( 3,4,5,6, және 7) тұздықтардан өту
14
Атсырау. Қалған жүрістерді есептеу. Математикалық есептеулер.
15
Математикалық есептеулер
16.
Ойын соңы. Қажетті тастар алу. Әліппе –( 5- тен 2) тас алу( 8х4) тас алу( 50 % және 10х6), тас алу( 60 % ұтыс)
17.
Этюдтер шешу сабақтары. 7-ден 4 немесе 3 – тас алу, 1-де немесе 2 – де, тұздық болмаған жағдайда.
18.
Ойыншы этикасы. Тоғызқұмалақ ойнау.
19.
Тоғызқұмалақ ойнау.
20.
Тоғызқұмалақ ойнау.
21.
Тоғызқұмалақ ойнау.
22.
Өзара жарыс. Жолдастық кездесу.
23.
Өзара жарыс. Жолдастық кездесу.
24.
Топ- аралық жарыстар, жолдастық кездесулер
25.
Топ- аралық жарыстар, жолдастық кездесулер
26.
Топ- аралық жарыстар, жолдастық кездесулер
27.
Мектепте сыныптар арасында жарыс ұйымдастыру
28.
Үйірменің қорытындысы
Біздің елімізде " Тоғызқұмалақ " ойыны қанатын кең жайып, танымал ойын түріне айналып, жақсы дамып келеді. Сондықтан " ана тілді, ұлттық әдет-ғұрыпты, ұлттық ойындарды жандандыруды мақсат тұтқандықтан, бала тәрбиесінде, оның математикалық қабілетін арттыруда игі әсері бар тоғызқұмалақ ойынын жас ұрпаққа үйрету біздің міндетіміз. Тоғызқұмалақ ойыны адамды шыдамдылықты, салқын қандылықты және зияткерлік ақыл- ой спорты. Тағы бір кездесіп жүрген қиындық тоғызқұмалақ ойынының жөнді теориясы әлі жоқ. Тек көп ойнап жатққан адам, әр алуан жаңалықты ойын үстінде тауып, ойынның қыр-сырын аша алады. Шыдамдылық пен қыруар еңбек, ұлттық ойынға деген шексіз махаббат пен ынта жігер арқылы ғана ата-бабадан мұра боп қалған ұлттық өнерді асқақтатып, қиындықтарды жеңе бермекпіз. Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға
53