¹ 6( 6) 2015
Ïåäàãîãèêà
Мақала қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны- тоғызқұмалақ пен оны орта мектепте оқушыларға үйрету мәселелеріне арналған. Автор тоғызқұмалақтың оқушылардың ойлау қабілеттері мен дүниетанымын дамытудағы рөліне тоқталады. Орта мектепте тоғызқұмалақ үйірмесінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі өз тәжірибесімен бөліседі.
Статья посвящена казахской национальной интеллектуальной игре " тогызкумалак " и обучению ей учащихся средней школы. Автор повествует о роли тогызкумалка в развитии мышления и кругозора детей, а также делится собственным опытом по организации работы кружка по тогызкумалаку в средней школе.
БЕРИКОВ БЕРИКБОЛ АКАНАЙЕВИЧ
Семей қ. № 47 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
An article is devoted to the Kazakh national intellectual game " Togyzkumalak " and it ' s teaching to secondary school ' s pupils. The author narrates about a role of togyzkumalak in development of children ' s thinking and outlook and shares with own experience in organization of togyzkumalak group ' s work.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ- ЗИЯТКЕРЛІК АҚЫЛ-ОЙ ОЙЫНЫ
Ойын- ой қозғайды. " Баланың ойынын тыйғаның, ойлауын тыйғаның " деген қағида текке айтылмаған. Ойын төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойын баланың санасын, ойын жетілдіріп, қиялын дамытады: бала қимылдарының дамуына әсер етіп, физиологиялық қалыптасуына жағдай жасайды. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен балалардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің біріұлттық ойындарының, әдет-ғұрып салттарының алуан түрлерін кездестіреміз.
Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдылықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты т. б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдылығын, дененің шынығыуын қажет етеді.
Қазақтың ұлттық ойындары- ата-бабамыздан бізге жеткен, өткенімен бүгінгісін байланыстырған баға жетпес байлығымыздың, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Ұлттық ойын ойнау арқылы балалардың өз салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру- қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын( этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т. б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін
жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойыны: " Тоғызқұмалақ " т. б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз- адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
М. Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М. Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды " Казахские национальные виды спорта и игры "( Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың " Тоғызқұмалақ " ойынының ереже тәртіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат дерекетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Тоғызқұмалақ-әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік( интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Тарихшы және археологғалымдарының зерттеуіне қарағанда, тоғызқұмалақ ұқсас ойынның тақтасы бұдан төрт мың жыл бұрында қолданылған екен. Оған калах, манкала аталатын есеп ойындарының тақтасы дәлел бола алады. Бұрындары ата- бабаларымыз да жайылымдарда да, тау бөктерлерінде де тастан ойылып жасалған тоғызқұмалақ тақтасы болған. Тоғызқұмалақ ойыны ертеде еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін ойнаған қазақ халқының ақыл-ой ойыны заманының әлегімен ұмыт бола жаздап, ХХ ғасырдың 1975 жылдардан бастап қана қайта жаңданып, жаңа даму жолына түсті.
Бұрын жерді қазып тасты қашап немесе ағашты жұмыртқа тәрізді ойып жасаған кішкентай шұңқырларда( отауларда) ойнады. Мұндай жағдай да жабық ойын деп атады. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен
52